болып табылатын исламдағы мистикалық –
аскеттік бағыт. «Ағым ретінде,
-
деп жазады Рукайя Мақсұд,
-
суфизм исламда тамыр жайған пайдасыз
доктринаға жауап түрінде пайда болды. Алайда ол қашанда Пайғамбарға
ұқсап, өздерін өмірлік құлшылық етуге жәнеТәңірге жақын болуға арнаған
мұсылмандардың діни өмірінде негізгі рөл атқарды. Көптеген сопы емес
мұсылмандар бұл қозғалысқа күдікпен қарағанмен,
оны исламнан
бөлектеуге болмайды, өйткені оның негізінде шынайы мойынсұнушылық
пен тағзым ету арқасында «жүректің оянуы» жатыр.
72.С.Кьеркегордің діни философиясы.
Кьеркегордың
философиясы
– даралықтың көрінісі, ол өзінің барлық
туындыларында тарығып, күмәнданып, өзін біресе ақтап, біресе жазалап
толғаған махаббатының, айттыру
мен ажыраудың трагедиялық
тарихы.
Кьеркегор
бейклассикалық
философияның
болашағын
аша
түседі: адамды тек санаға, адам ұғымына келтіруден бас тарту, адам
реалдылығының бірегейлігін табуға ұмтылу,
адами болмыстың,
экзистенцияның динамикасының ырғағына ену, экзистенция тәжірибиесін
жеткізудің классикаға беймәлім әдістерін табу.
73.Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру.
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың
бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі
әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі
процесінде пайда болатын
адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің
жүйесі.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси,
құқықтық,
адамгершілік
, эстетика,
философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана
әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды,
қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп
ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып,
соның
бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан,
қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің
санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген
болмысқа сәйкес келмеуі
, яғни артта
қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол
бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі
құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады.
Қоғамдық
сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің
күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық
топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық
сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық
болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп,
адамның тәжірибелік іс-
әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне
айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат,
құқық,
философия
, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған
белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының
өз нысанасы мен бейнелеу
тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп,
идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: