Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Ислам. Исламныңқалыптасуы, догматикасыжәнетарихиформалары



Pdf көрінісі
бет60/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Философия ответы

70.Ислам. Исламныңқалыптасуы, догматикасыжәнетарихиформалары.
.
Исламны
ң қалыптасуы 
және тарихи формалары
 
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан 
тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері 


Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан 
тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. 
Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар 
мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам 
үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар 
ибн әл-Хаттаб
, Осман ибн 
Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті 
халифтер» (араб.: نودشارلا ءافلخ) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам 
халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден 
кейін билік басына Умәйя 
әулетінің халифтері келіп
, олардың кезеңі «Умәуи 
заманы» (араб.: يوملأا دهعلا) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия 
түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. 
Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-
Мутталибтың 
әулеті таласып
, Умәуи халифтерінен билікті тартып 
алды. Аббасилер кезеңі (араб.: يساّبعلا دهعلا) сонымен қатар «Исламның алтын 
ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет 
бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. 
Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы 
халифат 
жерлерінде дербес Тулунилер
, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. 
мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып 
алуды мақсат еткен жорығы басталып, 194 жылға созылған крест 
жорықтары басталды. 
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының 
маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао 
Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың 
жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, 
Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия 
жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. 
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға 
созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына 
қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне 
айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің 
негізін 
қалаушы Сатұқ қабылдайды
, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. 
Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. 
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық 
шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп 
Баласағұн
, Махмұд 
Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен 
философияның
көрнекті өкілдеріне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет