Жалпы психология


§5. Жеке тулганың ерік салалары



Pdf көрінісі
бет163/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

§5. Жеке тулганың ерік салалары
Ерікті іс-әрекетте оған сәйкес жеке түлғаның еріктік 
сапалары байқалады жөне қалыптасады. Ерікті іс-әрекет 
адамдарда әртүрлі қалыптасады: біреулер табанды, сертке 
берік келеді, екіншілер оны корсете алмайды. Бірі шешім 
алуды оз бетімен істесе, екіншісі, керісінше, басқаның 
ықпалына көнгіш келеді, біреулер тез шешім алуға бейім 
келсе, екіншілері мәселені деркезіңде шеше алмайды т.б. 
Сонымен, жеке түлғаның әртүрлі еріктік сапаларының 
табиғатын кездестіруге болады.
Жеке түлғаның ерік сапаларына өз бетімен жүмыс істей 
білушілік, табандылық, шешімге келе білу, үстамдылық, 
еріктік, батылдық, тәртіптілік, мақсатқа үмтылушылық 
жатады. Өз дербестігі — бүл өзінің мінез-қүлқьш өз көзқарасы 
мен сенімдеріне бағындыра білу ептілігі. Өзіндік дербестіктің 
мәні одан озінің қылықтарын қоршаған ортаның қысымына, 
кездейсоқ әсердің ықпалына емес, өзінің 
с е н ім д е р ін е ,
білімдеріне және елестетулеріне негіздей отырып, бағдарлау 
болып табылады. Пайда болған міндеттерді шешуге өзіндік 
дербестік — дамыған еріктің қасиеті. Өзіндік дербестігі бар 
адам әр уақыгга да басқаның кеңесі мен үсыныстарын, егер 
ол ойластырылған болса, кабылдауға даяр. Ол басқаның ақыл- 
кеңесін күтпейді, проблемалық ахуалды өз күшімен шеше 
алады. Сонымен катар он белсенді 
отлнта, коікдрасын, 
міндеттер, мақсаттар және оны іске асуды ң жолдарын
у&жщіж
алады. О^шдж. дерЪестіті қалыптасқан адамнын 
сапасы сыни
түрғыдан күшті дамыған болады.
Өзіндік дербестіктің жағымсыз сапаларының бірі -
негативизм.1

Негативизм -
латын сөзі — neqatio, казақша — жокқа 
шығару.
294


Негативистік көзқарастағы адамда еріктің дербестігі 
болмайды. Ондай адамдар басқаның кеңесіне дүрыс болса 
да қүлақ аспайды. Барлығын жоққа шығаруға тырысып 
бағады, тіпті өз көзқарасы мен сенімдеріне де қарама-қарсы 
болады.
Негативизмге қарама-қарсы, сонымен қатар еріктің 
жағымсыз сапаларының бірі сенгіштік.
Сенгіш адам басқаның ықпалына жеңіл, тез берілгіш 
келеді. Басқаның берген ақыл-кеңесіне қате бола түрса да 
көнгіш, сыни көзбен қарамайтын еріктің жағымсыз сапасын 
айтады.
Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында 
кездескен кедергілер мен қиыншылдықтарды жеңе отырып, 
үсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді 
жүмсау. Үлы Отан соғысында бүкіл кеңес халқы мен 
армиямыз ерекше ерлік пен табаңцылықтың үлгісін керсете 
білді. Табанды адам алғашқы кездескен сәтсіздіктерге 
мойынсынбай, керісінше, одан да жігерлене түседі, бастаған 
ісін аяғына дейін жеткізеді.
Табаңдылықтан еріктің жағымсыз сапасын қыңырлықты 
айыра білуіміз керек. Қыңыр адам озінің көзқарасының қате 
екенін біле түра, өз козқарасынан таймайды, өз пікірінде 
қалуға тырысады. Бүл әлсіз еріктің нәтижесі больш табылады.
Мақсатка үмтылушылық — алға қойған мақсатьш қайткен 
күнде де орындап шығудан, бастаған істі нәтижелі етіп 
тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Бүл үстанған бағытына, 
бет алысына, танымы мен сеніміне, қалтқысыз сене білетін 
адамдарда жиі кездеседі. Мақсатқа үмтылушылық — алған 
беттен қайтпайтын күшті ерік-жігері бар кісінің сапасы. 
Адамның мақсатқа үмтылушылық куаты, уміт-арманы, алға 
қарай ілгерілеу талабы неғүрлым тартымды, әрі биік болса, 
оның қабілет, талабы да жоғары болады.
Тоқтамға келу — адамның өз бетімен жауапты шешімдер 
қабылдау және іс-әрекетте оларды жүзеге асыруға 
қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барумен 
жөне бірнеше баламадан біреуін тандау қажеттілігімен 
байланысты к^рдел\ жатдайда ерекше айк,ын көрінеда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет