- «Қосу деңгейі» - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың өкілетті өкілдерінің
білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру
деңгейімен қанағаттану дәрежесін шамалау;
- «Қолайлы жағдай жасау деңгейі» - бейімделген, қолайлы білім беру кеңістігін
қалыптастыру, кемсітушілікке, бөлектеуге жол бермеу бойынша шаралар қолдану, білім алуға
қатысушылар арасында келіспеушіліктерді болдырмау; қоғам мен ата-аналар комитеті арасындағы
мониторинг жүргізу мен бағалаудың транспаренттілігін қамтамасыз ету; қолайлы оқыту ортасын жасау
деңгейін сұрау салу, сауалнама жүргізу тәсілімен зерделеу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға,
психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар
оқитын мектептерге ПМПК- ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай
жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде – дәрігер, психолог, әлеуметтік мұғалім, дефектолог мұғалімі,
логопед мұғалімдерінен құрылған ішкі медициналық-педагогикалық-психологиялықсүйемелдеу көмегін
көрсетеді. Аталған мамандар инклюзивті жүйеде білім алатын мүмкіндігі шектеулі баламен де, ол баланың
ата- анасымен де, мұғалімдермен де кешенді жұмыс жасауы қажет.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тең құқылы оқытуға және тәрбиелеуге қол жеткізу үшін жағдайлар
жасалу міндеті: мектептерде педагог- дефектологтардың, логопедтің, әлеуметтік педагогтың балаларды
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдармен
қамтамасыз ету мақсаты алға қойылған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік
қорғау,олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс
орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Достарыңызбен бөлісу: