дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының
әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы
білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады,
сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп
аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-
анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар
немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де
құқық береді.
Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет
ететін адамдарды оқыту мен
тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: