басқа адамдардың көмегімен орындалатын әрекет.
33
Қарым-қатынас
– индивидтер арасындағы өзара байланыс. Бұл байланыс
нәтижесінде
ақпарат,
тәжірибе,
білім,
ой,
бағалау,
талқылауларымен алмасады.
34
Әлеуметтік жұмыс
Жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді
әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе
жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік
құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөні
55
Скрининг
"Қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай
стандартталған тексеру.
Дәріс№1: тақырыбы. Инклюзивті білім беру моделі
Дәріс жоспары:
1. Инклюзивті білім беру ұғымы
2. Әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
1. Инклюзивті білім беру ұғымы
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету–педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы
емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру
туралы айтуда.
Осыған
байланысты, қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға толық кіріктіру
мәселесі дүниежүзінде ерекше белсенділікпен қарастырылып және осы мәселелерді шешу жолдары
қарастырылуда. Ең алдымен талқылау объектісі болып – осындай категориядағы адамдарға еңбек іс-әрекетіне
толықтай кіріктіру мен білім алуына жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік саясатымыздың басты
міндеттерінің бірі-мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім
алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру саласындағы халықаралық
құжаттар негізінде құралған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі
баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін,ағылшын тілінде
«араластырамын») немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар
балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті
білім берудің негізіне
балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз
ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы -
Конституцияда, «Қазақстан Реаспубликасының бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Реаспубликасының
мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнайы әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан
Республикасының заңдарында бекітілген.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім берудегі оқыту
үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта
білім берудің (
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012
жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады .
Қазақстан Республикасы мемлекетінің «Білім туралы» Заңының 1 бабына сәйкес, инклюзивті
білім берудің мақсатын жүзеге асыратын жүйелі білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндігі
шектеулі жандарды біріктіріп оқытуда, дамуындағы ақаулықты түзетуде және әлеуметтік бейімдеуде
арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті оқыту – балалардың жеке басы ерекшеліктеріндегі кемшіліктерге қарамай бірдей
білім беруді қамтамасыз ететін үдеріс. Инклюзивті қозғалыс өткен ғасырдың орта кезінен басталады.
Негізгі идеялары «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» (1984), «Бала құқықтары жөніндегі
конвенциясы» (1989), БҰҰ құжаттарын басшылыққа алған. Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл
бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және
интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Біздің мемлектіміз, 2008 жылы БҰҰ-ның
«Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға
жағдай жасауға міндеттенген. Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекетік білім беруді
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды
қосқан болатын.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N345 Заңымен бекітілген Баланың құқықтары
туралы Заңында «әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы
заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. Тегiн жалпы орта
бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк
бiлiм беру мекемесiнен
шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете
отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк
бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат
беріледi. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн
қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi
таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы»-екені белгіленген.
Инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге
де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-
педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және
тәрбиелеу болып табылады. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің
барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға
олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды
түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы
–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауынан «...Бесіншіден, мүмкіндігі
шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс.
Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің
парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам
өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды
жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы
квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы
алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады.
Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан»
партиясы осы жұмысты қолға
алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап,
тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік
жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер
бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн...» деп мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше
көңіл бөлу керек екендігін айтып кетті.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның
дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды
жасау қарастырылған.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында артта қалушылығы
немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу
және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек,
бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін толықтай өзгеріске ұшырататын тұжырымдама (концепция)
жасалынады [6]. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқытуға және
тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп
бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім -барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни,
жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік
қорғалатын топтарға
жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі
шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған,
қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз
мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Инклюзивті білім берудің негізі
мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады .
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.
Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан
балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік-медициналық
тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарының материялдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен
құралдарға қойылатын талаптар қол жетімді деңгейде болуын ескереді. Сонымен қатар, аталмыш заңға сәйкес
жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын және кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын
балаларға түзету-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі арнайы білім беру
мекемелерінің желісі кеңейтілуде.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды
дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне
енгізілген
балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде
интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін
құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Достарыңызбен бөлісу: