Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28
ақпандағы №26 қаулысына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап
мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%).
Алматы облысының білім департаментінің статистикасы бойынша 2013 жылы мүмкіндігі шектеулі
балалардың қоғамдық өмірде тең қарым-қатынастар және толыққанды білім алуына дайындайтын дефектолог
және логопед мамандарды даярлауға мемлекет тарапынан 74,7 млн.тенге, осы мәселе бойынша 2014 ж. 58,9
млн.тенге бөлінді.
2015-2016 оқу жылдарында жалпы білім беретін 208 мектепте 1646 мүмкіндіктері шектеулі балалар
немесе жалпы бала санының 16,5%-ы білім алатындығы анықталды.
2015 жылы Талдықорған сервис және технологиялар колледжінде мүмкіндігі шектеулі 25 баланы
«Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша оқытуға қаржылай жағдай жасалған.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беру қарастырылған. Талдықорған
қаласындағы № 2 балабақшада мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде сөйлеу кемістігі бар балалардың
білім алуына 100 орынды 4 топ және «Құлыншақ» балабақшасында көру кемістігі бар балаларға 60 орынды 4
топ ашылды. 2015 жылы Панфилов ауданындағы «Таңшолпан» балабақшасында
сөйлеу кемістігі бар
балаларға арналған 12 орынды 1 топ жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, елімізде инклюзивті білім берудің
мақсаттарын орындауда, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуды дамытудың арнайы жағдайларын
ұйымдастыру, әлеуметтік бейімделу мен даму бұзылысын түзетуге жағдай жасауды мемлекет қамтамасыз
етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» инклюзивті білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін
өзара байланысты іс-шаралар
кешені мен олардың орындалу уақыты көрсетілген:
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер санын көбейту;
-инклюзивті
жүйе бойынша білім алатын мүмкіндігі шектеулі бала санын көбейту;
-жалпы мектептерде білім беру сапасын және инклюзивті білім беру жүйесін жете жетілдіру.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту болып табылады. Кең
мағынадағы инклюзивті білім беру– кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін
барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды
әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі.
Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті
құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін
емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды,
дербестендірілген
ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде
оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын
қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс.
Инклюзивті білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп,
шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы
білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез -құлықты балаларға
арналған білім беру ұйымы,
мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық
өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай
стратегиялық бағыттарын
көрсетуге
болады:
-инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін
институционалдық ортаны жетілдіру;
-ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің
қолжетімділігін қамтамасыз
етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
-мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау
жүйесін дамыту;
-мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу;
-инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: