Мен Нурхабыл Болатжан. 2023
жылы алтын ұя мектебімді
аяқтап,
алдағы
жаз демалысын
естен
кетпестей қызықты өткіземін деп ойлағанмын. Себебі, тардай боп
кіріп, таудай боп шыққан оқушылық кезде әп-сәтте өте шықты.
Алда үлкен өмір, басқа қала, жат адамдар, көп жауапкершілік тұр.
Ата-анам мен осындағы жақындарымның, достарымның қасында
сол бала күйімде ештеңеге алаңсыз, таңғы күннің шығуы мен
күннің әдемібатуын тамашалап уақыт өткізгім келді. Дегенмен,
іштегі ойларым мен болашаққа деген нақты жоспарым еш алаңсыз
жүруге кедергі жасады. Мен ол өмірге дайынмын ба?! Онда не
істеу керек?! Арманым қандай, мақсатым не?!
Кім болам, елге
қандай пайдам тиеді?! Басымда сан алуан сұрақтар, тек өкініштісі
бәрінің де толықтай жауабы жоқ.
Бала кезде сірә, армандамаған ойын баласы бар ма екен?! Ол
кездерде бізге бәрі оңай, аузымызбен айтып, қиялдасақ болды
барлығы да орын алып кететіндей сенетінбіз. Бәлкім, сол кездегі
іштегі өзімізге шүбәсіз сенген, алға жетелейтін күш қазірдe керек
пе еді?!
Мен кішкентайымда, әділетжолында күресетін,
өз қаламның
тыныштығынсақтауға көмек
беретін полиция
қызметкері, тіптіжер планетасынан бөлек, тылсым әлемді өз
көзіммен көретін ғарышкер болғым келген.
Әлеуметтік желіден түрлі жарнаманы көріп жұрт балдары
секілді, шетел асамын деп әбігерге салсам ба екен? – деген
ойларда келді. Алайда, мен өз Отаным, атажұртым, кіндік қаным
тамған туған жерімде лайықты білім алып, өз елімнің ең үлгілі әрі
жас та болса бас болатын студенті болуды қалаймын. Мектеп
қабырғасында химия, биология пәндерін қызығушылықпен оқып,
түрлі қалалық, облыстық олимпиада жеңімпазы атандым. Бұл
пәндерге деген қызығушылық
менің болашақ мамандығымды
таңдауға үлкен әсерін тигізді. Медицина бағыты бойынша
әлемдегі ең керемет университеттер арасына кіретін, абыройлы,
сапалы білім ордасы С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық
медициналық университетіне түсу, оның ішінде өзім ұнатқан
фармацевтика өндірісіне тапсыру менің ең батыл әрі ең нақты
шешімім.
Бұл мамандыққа тоқталу себебім өз өмірімде орын алған жайт
болатын. Денсаулық кез-келген адам үшін баға жетпес байлық!
Адам өмірін
ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы
дәрігер мамандығы. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік
мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Кішкентай
кезімде апам ауырып емханаға жатып қалған кезде, өзім екпе
салсам деп қатты ойлаушы едім.
Ажалмен арпалысып жатқан
апама өз көмегім тисе екен деп мейірлене медбикелерге
қарағаным әлі есімде. Сол кезде әкем сен өскенде дәрігер боласың
деп басымнан сипады. Осы сөз шабыттандырды. Бір адамның
өмірін құтқаруға себепші болсам, үлкеннің алғысын алсам мен
үшін арманымның орындалғаны деп санаймын.
Мені арманым
алға жетелеп, мақсатыма жетуге бірден-бір мүмкіндік осы
мамандықтың иесі болу.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен ғаламда. – деп, Мұхтар Шаханов
атамыз айтқандай арманыма жету үшін міне осындай қадам
жасадым.
Қазіргі таңда әлемде әр минут сайын түрлі өзгерістер болып
жатыр. Бұрын-соңды дәрігерлер көрмеген ауру, вирус түрлері де
шығып жатқаны баршамызға мәлім. Фармацевтика өндірісі дәл
осы дәрі шығару мен және оны ойлап табумен тікелей
байланысты. Сол
себептен, болашақта мен адам өмірін сақтауға
көмек беретін, халқымның өмір сүру ұзақтығын арттыруға,
елімнің денсаулық сапасын жақсартуға үлес қосатын ғалым әрі
дәрігер болғым келеді. Өз жұртымда білім алып,
сол білімді
халқыма қызмет ету жолында жұмсасам ешқандай арманым
болмас
еді.
Бұл
жолдың
ауыртпалығы
мен
қиыншылығына табандылық, ермінезділік танытуға күшім
жететініне сенімдімін.