Қазақстан тарихы оқулық


Н. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

7.Н. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты
Ресей 1861 жылы басыбайлылық (крепостнойлық) қүқықты 
жойғанымен ен негізгісі 
аграрлық мәселені шеше алмады, 
сондықтан 
патша үкіметі бір жағынан елдегі әлеуметтік 
шиеленісті бәсеңдету үшін, екінші жағынан Қазақстанды одан әрі 
отарлау мақсатымен қоныстандыру саясатын жеделдетті. Енді 
бүрынғы әскери-казактар отарлауының ізінше шаруа қоныс 
аударушылар келді.
Орыс шаруаларының отарлауы Ақмола облысынан басталып, 
кейін Жетісу, Орал, Торғай облыстарында жалғасты. 70-ші 
жылдардан бастап, яғни Сібір теміржолы Комитеті қүрылғанға 
дейін-ақ Қазақ даласында орыстардың коныстану әрекеті жылдан 
жылға үдей түсті. 
Тек 1885 пен 1893 жылдар аралығында 
Ақмола облысының жергілікті түрғындарынан 24779 десятина 
жер тартып алынып, 10940 ер адамы бар 24 қоныс тебушілер 
мекені салынса, ал Семей облысының қазақ шаруаларының 
егіндігінен 33064 десятина жер тартып алынды.
Торғай облысына қоныс тебу XIX ғасырдың 70-ші жылда- 
рында басталды, ол кезде 133 орыс шаруаларының отбасы 
Ақтөбе бекінісінде түруға тілек білдірген болатын. 1881 жылы 
Қостанай уезінде 1200 қоныс аударушы шаруа орнығып алды.
Қоныс аударушылар, әсіресе, Жетісу өңіріне көптеп келді. 1868 
жылы Жетісу облысының генерал-губернаторы Г.Колпаковскийдің 
үйғаруымен «Жетісудағы шаруа-қоныс аударушылар туралы 
уақытша Ереже» жасалып, жан басына (ер адамға) 30 десятина 
мөлшерінде жер бөлу көзделді. Сонымен қатар оларды әртүрлі 
алым-салықтардан және рекруттан 15 жылға босатып, шаруашы- 
лығын қалпына келтіріп алуға 1000 сомға дейін қарыз бөлінді. 
1885 жылы «Облыстың отырықшы халқын жермен қамтамасыз 
ету Ережесі» бекітілді. Өйткені, Жетісу ауданында жер 
тапшылығы қатты сезіліп, қоныс аударушылардың саны тіпті
1 6 9


көбейіп кетті. Бүл ереже негізінде коныс аударушылардың 
бүрынғы артықшылықтары шектелді. Мысалы, жан басына 
шаққанда (ер адамға) жер енді 10 десятинадан болінді, қоныс 
аударушылар салық пен міндеттіліктен үш жылға босатылып, 
одан кейінгі жылдары бүл жеңілдік екі есе қысқартылды. 1886 
жылы Түркістан олкесіне қоныс аударғандарды орналастыру 
мәселелеріне қатысты ереже шықты.
1885 жылғы, яғни Жетісу облысына қоныс аударуға ресми 
түрде тыйым салғанға дейін онда ерлер мен әйел адамдарды 
қосып есептегенде 35569 түрғыны бар 63 шаруа поселкелері 
болды. Оның ішінде Верный уезінде -12, Қапалда 4, Лепсіде 
17, Пішпекте -18, Пржевальскіде - 12 шаруа қоныстары салынды. 
Н.Леденевтың 
есептеуі 
бойынша 
Жетісудағы 
казак
станицаларының саны 1856 жылдың 1 қаңтарынан 1900 жылға 
дейін өзгерген жоқ, ал осы 29 станицада халықтың саны 26194- 
тен 28791 адамға ғана ості, демек халықтың өсімі ерлер мен 
әйелдерді коса алғанда 2597 адамға ғана көбейген.
Сырдария 
облысына 
Ресейдің 
еуропалық 
болігінен 
қоныстанушылардың келуі 
XIX ғасырдың 
70-ші жылдары 
басталды. Алғашқыда 1874 жылдан 1882 жылға дейін облыста 6 
шаруа елді мекені қүрылса, ал 1884 жылдан 1890 жылға дейін 
14, ал 1891-1892 жылдары -17 жаңа поселке 
салынды. Осы 
жылдар ішінде Сырдария облысында барлығы 37 елді мекен бой 
котерді.
Қазақстанда қоныстану 
қозғалысын 
үйымдасқан түрде 
жүргізіп, орыс шаруаларының оз бетімен келуін реттеу үшін 1889 
жылы 
13 шілдеде Ресей үкіметі «Ауыл түрғындары мен 
мещандардың мемлекеттік меншікке кіретін жерлерде коныстан> 
тортібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бүл Ереже бойынша 
қоныстану мен кошіп-қону арнайы рүқсат беретін органдардың 
қүзырында болды. Жетісу, Ақмола, Семей облыстарының кошіп- 
қонатын аудандары белгіленді. 1891-1892 жж. бүл ереже Торғай 
мен Орал облыстарында пайдаланылды.
1891 жылы Трансібір теміржолын салу туралы патшаның 
жарлығы шыққаннан кейін қүрылған Сібір теміржол Комитетінің 
қоныс аудару саясатында атқарған ролі зор еді. Бүл теміржол 
Қазақстанның Ақмола, Омбы, Петропавл, Кокшетау уездері 
арқылы 178 шақырымға созылды. Осы аймақтан 2,5 млн. 
десятина жер межеленіп, оған 160 мың қоныс аударүшыларды 
орналастыру козделді.
170


1897 жылғы санак мәліметтеріне сүйенсек, XIX ғасырдың 
аяғында Қазақстанда халық санының осуі, жас молшері мен 
жынысы, этникалык жағынан коп озгерістерге үшырағаны 
байқалады. Дала олкесінде «орыс қоныс аударушылардың» үлесі 
20, жергілікті түрғындардың, яғни қазақтардың үлесі 77, «озге 
қоныс тебушілер» мөлшері 3 пайызды қүрады. Қазақстан 
бойынша, түтастай алғанда, XIX ғасырдың аяғында орыс қоныс 
аударушылары 
саны 
11%, 
жергілікті 
түрғындар 
85,7%, 
қалғандары 2,4 % болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет