38
Өткiзсең көңiлiңнiң кеденiнен!
–
деп өзi жазғанындай,
«Жырұйық» жинағын көңiл «кеденiнен» өткiзiп, «Тәуелсiз елiнiң кеңiстiгiн
Асан қайғыдай кезiп, жыр ұйығын табатындығына сенемiз.
Өлең деген
Бiлесiңдер, менiң сырлас достарым,
Өмiр өтiп бара жатыр қас
-
қағым.
Өлең деген жалғыз түйiр дән едiм,
Қауызымды ендi жара бастадым.
Күннен жылу, жерден ылғал алдым да,
Қан жүгiрдi тарам
-
тарам тамырға.
Айналамды ырысыммен асырап,
Айналармын көкорайлы шалғынға.
Қарамай
-
ақ, жалаңаяқ күнiме,
Жалғанамын бұлбұл құстың тiлiне.
Тiрегiм мың сендер қоршап тұрғанда,
Жүрегiмнiң бойласаңдар түбiне.
Ат басындай алтын да бар, маржан бар,
Жайым жоқ қой жайдақ тартып арзандар.
Сара жол бар соқпағында санамның,
Салып кеткен ұлы Абай мен Мағжандар.
Төрт құбылам теңелгендей бҮгiн де,
Құлақ түрем поэзия
–
дүбiрге.
Қадыр менен Тұманбай жүр жанымда,
Фариза мен Жәркен де бар үнiмде.
Отыз өттi ойын
-
тойды қуалап,
Қырық келiп қысып жатыр сұрақ ап.
Ойларымның күзетiп тұр есiгiн,
Ұлықбек пен есенғали тұра қап.
Өзiнiң әдемi ой
-
өрнегiмен поэзиямызға үзбей ат салысып келе жатқан
ақынымыздың бiрi
–
Достарыңызбен бөлісу: