Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет191/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер:

 

өнерпаз, дәуір, кезең шындығы, айтулы ақпа, суырыпсалма.



 

 

Ақындық дәстүр мәселесі әдебиеттану ғылымының қай кезеңінде болсын кеңінен зерттеліп 



жүрген  өзекті  мәселелердің  бірі.  Өйткені,  халқымыздың  қастерлі  сөз  өнерінің  бастау  көздерінің 

негізі  болып  саналатын  ақындық  дәстүрдің  қалыптасу  даму  жолдарына  назар  аудармайынша 

біздің  ұлттық  поэзиямыздың  өсу,  өркендеу  жолын  тану  мүмкін  емес-ті.  Ал,  сол  ақындық 

поэзияның көсегесін көгерткен ақындарымыз туралы әдебиетіміздің алыбы, ұлы ғұлама М.Әуезов: 

«Халық  поэзиясының  таңдаулы  үлгілерінің  туып  таралып  және  осы  уақытқа  дейін  сақталып 

жеткені үшін біз осынау ақындарға борыштармыз» [1, 35-б.] деген болатын.  

Қазақ әдебиетінде ақындық дәстүр  мәселесі  мен жеке шығармашылық  тұлғалардың әдеби 

мұраларындағы  дәстүр  жалғастығы,  жаңашылдық  мәселесі  М.Әуезов,  Е.Ысмайлов,  Ә.Марғұлан, 

С.Қирабаев,  З.Қабдолов,  Р.Бердібаев,  Ә.Дербісәлин,  Ш.Сәтбаева,  М.Базарбаев,  Х.Сүйіншәлиев, 

С.Қасқабасов,  Р.Нұрғалиев,  Т.Кәкішов,  Т.Тебегенов,  және  т.б.  зерттеушілердің  ғылыми 

еңбектерінде зерделене жан-жақты қарастырылғаны белгілі. 

Дәстүр мен жаңашылдық жайында жаңа мәселелер қойып, кемшін соғатын тұстарын басып 

айтқан  белгілі  ғалым,  қаламгерлеріміз  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  М.Ғабдуллин,  М.Қаратаев, 

С.Қирабаев,  Ә.Дербісәлин  еңбектерінің  құндылығы  жоғары  болғандығын  айтып  өткеніміз 

орынды. 

Ақындар  поэзиясындағы  дәстүрлілікті  зерттеуде  отандық  және  шетел  ғалымдары 

еңбектерінде  ғылыми  тұрғыда  пайымдалып,  жүйеленді.  Атап  айтқанда,  У.В.Далгат,  В.Я.Пропп, 

Х.Г.Короглы,  В.М.Жирмунский,  В.М.Гацак,  В.Г.Гусев  және  т.б.ғалымдардың  еңбектерін  атауға 

болады. 

Ақындық  дәстүр,  халық  әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  шығармашылықтарынан 

диссертациялар қорғалып, ғылыми айналымға енгізілгені белгілі [2]. 

Дәстүр  мен  жаңашылдық  мәселелерін  жан-жақты  зерттеуде  біршама  еңбек  сіңірген 

М.Базарбаев,  Ә.Дербісәлин,  С.Қасқабасов  т.б.  сынды  ғалымдарымыз  халық  ауыз  әдебиетінің 

үйрену,  нәр  алу  мектебі  болғандығын  айтады.  Халық  поэзиясының  дәстүрі  өміршең  құбылыс 

екендігін  айта  келіп,  Ә.Дербісәлин:  «Жалпы  әдебиетіміздің  ауыз  әдебиетіндегі  үлгілі,  үздік 

нәрселерден  көп  уақытқа  дейін  үйреніп  келгенін  және  әлі  де  үйрене  бермегін  айтпағанда  совет 

үкіметі тұсындағы халық поэзиясының және оның әйгілі өкілдерінің таза ауыз әдебиеті дәстүрлері 

негізінде және сол дәстүрлерді бірте-бірте жазба әдебиетке ұластыру арқылы тамаша туындылар 

жасағаны,  сөйтіп  көне  дәстүрлерді  біздің  заманымызда  қайта  туғызғаны,  жасартқаны,  жаңадан 

өмір  бергені  бүгінгі  жұрттың  бәріне  айқын  шындық»[2,  202-б.]  –  деп  пайымдайды.  Сонымен 

қатар, фольклордың Абай үйрену мектебінің басты арнасы  саналатындығын нақты мысалдармен 

дәлелдеп  берген  ғалым  С.Қасқабасовтың:  «Абай  бүкіл  қазақ  фольклорын,  өзіне  дейінгі  ақын-

жыраулар поэзиясын толық меңгерген, қорытқан, сөйтіп қазақ әдебиетін жаңа сапаға көтерген» [2, 

4-б.], – деген тұжырымы да зерттеу еңбегіміздегі негізгі бағыт түйіндерімізді бекіте түседі. 

Ғалым  Б.Әбдіғазиев  те  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  поэтикалық  мұрасына  жан-жақты 

ғылыми  талдаулар  жасай  отырып,  оның  Абайдың  ақындық  дәстүрімен  байланысын, 

шығармашылық тамырластығын саралаған еңбегінде осы ойды, яғни дәстүр желілерінің әр дәуірде 

өмір сүрген өнер шеберлерінің арасын жалғастырып жататындығын айтады [3, 35-б.].  

Ғалым Е.Ысмайлов ақын болу, ақындық туралы халық ақындарының жүйелі ұғымдарының 

төрт түрін еңбегінде: киелі, аруақты, түс көру, аян беру арқылы қонатын бір жат сырлы қасиет деп 

ұғыну; атақты, қарт ақындардан бата алу; ақындықтың тұқым қуалап ауысуы; үйрену, еліктеу үлгі 

алу,  іздену  арқылы  деп  талдай  келе,  ақындардың  үйрену-оқуында  жазып  немесе  кітаптан  оқып, 

үйрену  әдеті  сирек,  мұнда  ауызша  үйреніп  жаттау  негізгі  ақындық  дәстүрге  жататындығын 

көрсеткен [4, Б-71-73]. 

Қазақ сөз өнерінің тарихында айрықша аталатын ақынның бірі – Жанақ Сағындықұлы.  

Жанақ  туралы  мәліметтер  хат  бетіне  әріден  түсе  бастағаны,  оған  Шоқан  Уәлиханов,  В.В. 

Радлов  назар  аударды.  Арқаның  айтулы  сөз  иесінің  даңқы  жалпақ  жұртқа  жайылған  еді.  Жанақ 



374 

 

белгілі  айтыс  ақыны,  асқан  жыршы  болуымен  бірге  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  сыршыл 



лириканың, көңіл күй жырларының басында тұрған жаңа бағыттағы ақын.  

Жанақ  ақынның  атақ-даңқы  орыс  отаршылдығына  қарсы  күресі  үшін  қазақ  қырына  жер 

аударылған поляк патриоты Адольф  Янушкевичтің жазбалары арқылы ХІХ ғасырда Еуропаға да 

белгілі  болған.  Янушкевич  Аякөз  маңында  аты  шулы  Орынбай  ақынмен  айтысына  куә  болып, 

оның  айтқырлығы  мен  тапқырлығына  таң  қалған.  Әсіресе,  оған  Жанақтың  өлеңдерін  қобызға 

қосып  зарлата,  сарната  айтатыны  қызық  көрінген.  «Жырды  қобызға  қосып  айту,  суырып  салма 

саңлақ ақын Жанаө өлген соң сәннен шықты, ол Қаракесек руының Қамбар тармағының тумасы 

еді,  –  деп  жазады  ұлы  Шоқан  Уәлиханов.  –  Әйгілі  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  дастанын  атақты 

ақын маған өлең түрінде айтып берген болатын». 

Шынында да, атақты айтыс ақыны суырып салма өнердің өрен шебері, жаны телегей теңіз 

жампоз  жыршы.  Ол  күллі  өмірін  өнер  сапарында  ел  аралаумен  өткізген.  Қазақ  даласын  түгел 

шарлап,  өнер  шашқан  ол  иісі  қазаққа  ортақ  танымал  ақын  болған.  Орынбай,  Түбек  тәрізді  жыр 

дүл-дүлдерімен  өнер  сайысы  өз  алдына,  ол  өз  кезіндегі  көптеген  көрнекті  ақындармен  айтысып, 

көбінен басым түсіп отырған. Оның үстіне Жанақ – қисапсыз көп батырлар жыры мен ғашықтық 

дастандарды  жадында  сақтап,  біразын  жанынан  қосып  жаңғартып,  жаңаша  жырлаған  эпик. 

Көнеден  келе  жатқан  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  ең  тәуір  нұсқасы  Жанақ  есімімен 

байланысты  болуы  тегін  емес.  Оның  мірдің  оғандай  өткір  сөздерінің,  тапқыр  сөздерінің  біразы 

мақал-мәтелге сұранып тұрады. 

Ат биеден туады, алып – анадан, 

Ел ағадан азады, тон – жағадан. 

 

Тұлпар ақау болады аяғынан, 



Ақсаса оңалмайды би парадан. 

 

Хан – қайрақ, қараша – тас. 



 

Халық – дария, хан – балық. 

 

Көлсіз жерде аққу құлаш жая алмас. 



Адамның жан жолдасы – ол сүйген жар, 

Әркімнің өзіне сай тұғыры бар. 

Жанақтың  шыққан  тегі  кедей  шаруадан.  Ата-анасы  көріп  өскен  жоқшылықты  Жанақ  та 

бастан кешірген. 

Жасымда кедейліктен жедім таяқ, 

Жалаң бас, жамау дамбал, жалаң аяқ. 

Кедейлік қыршаңқы аттай топтан қуып, 

Үйірге қосыла алмай жүрдім саяқ, – 

деген ақынның өлең жодары бұған дәлел. 

Жанақ  өз  шығармаларын  қобызға  қосылып  орындаған.  Қобыз  өнерін  жоғары  бағалаған 

Шоқан  Уәлиханов  осы  өнерді  дамытуда  Жанақтың  дәстүрі  жойылып  барады  деп  кезінде  өкініш 

білдірген  екен.  Жанақ  өлеңдеріндегі  әлеуметтік  сипатқа  да  Шоқан  ерекше  назар  аударып,  оның 

Қарқаралы  округына  қарасты  Қаракесек  руынан  шыққан  даңқты импровизатор  ақын  екенін  атап 

көрсеткен. 

Ә.Марғұланның ескертуінше Жанақ – ХІХ ғасырдың ортасына дейін жасаған ақын. 

Жанақ  айтыстары  Ыбырай  Алтынсаринді  де  қызықтырған  көрінеді.  Өзінің 

хрестоматиясында (1879) оның Жанақ пен Бала ақын айтысын енгізуі де осыған дәлел. 

Жанақ өз заманындағы ақындар арасында суырып салма қабілетімен, басқа өнерімен де аты 

шығып, көзге түскен. 

Жанақтың  өнерімен  көзінің  тірісінде-ақ  аңызға  айналған.  «Жанақ  айтыпты»  деген  сөз  ел 

ішіне  кең  тараған.  Оларда  ақынның  тапқырлығы  бірбеткейлігі  тілінің  өткірлігі  көп  айтылады. 

Сондай  әңгіменің  бірі  –  Бәкі  төремен  бірге  шыққан  сапары  жөнінде.  Ақынды  өз  ықтиярымен 

сөйлетпек  болған  Бәкіні  ол  көп  тыңдамай  кетеді.  Қолына  қобызы  тиіп,  қызған  кезде  өз 



375 

 

ойындағысын  еркін,  қысылмай  айтқан.  Ақын  бұл  мінезін  төреге  ашық  мойындап,  «Қобызым 



қолыма тиген соң құдай аузыма не салса, соны айтамын... Өлең деген сөз солай болады, мен сіздің 

тапсырмаңызбен айтсам, сол сөз менікі емес, сіздікі боп шығады. Ал, мен сізден ат мініп, шапан 

киіп  жүр  екенмін  деп  бас  билігімді  берсем  де,  сөз  билігін  бере  алмаймын»  деген.  «Кет,  олай 

болса...»  деп  төре  ашу  шақырыпты.  Жанақ  төре  мінгізген  атынан  түсіп,  шапанын  сұрағам  жоқ, 

апарып беріңдер» деп кісі жұмсаған. Жанақ алмаған. «Төреге ерген ерін арқалайды» деген. 

Жанақтың  шыншылдығы,  тілінің  өткірлігі  және  тапқырлығы  «Рүстем  төреге  айтқаны» 

деген  атақты  өлеңінде  анық  көрінеді.  Бұл  –  сюжетті  ұзақ  өлең.  Ол  төрені  іздеп  келіп 

сәлемдесуімен басталып, оның зұлымдығын, парақорлығын әшкерелейтін өткір сатираға ауысады. 

Рүстем  сияқты  ел  басшыларының  халықтың  арман-мұңына  құлақ  аспайтынын  айта  отырып, 

отаршылдықтың  елді  аздырып-тоздырып  бара  жатқанын,  сол  елдің  шерін  арқалаған  өзінің  ауыр 

сеземін  суреттейді.  Өлеңнің  образдық  жүйесінде  халықтық  даналық  ойлардың  әсері  мол.  Ең 

алдымен  ақын  Рүстем  төреге  кірудің  қиындығын,  мұның  да  басын  қатерге  тігіп  келгенін  ашық 

айтады.  

Біреу айтты Рүстем қастайды деп, 

Жасқанбаған бетіңді жасқай деп. 

«Барсаң, аман қайтпассың, тоқта» – деді 

Ашуланса, басыңды ап тастайды деп, 

Кейбіреу Жанақ тілің ащы деді. 

Бетің қайтпай араның тасты деді. 

Ащы тілмен төрені сұғып алып

Алғызып-ақ қайтарсың басты деді. 

Жанақ  төреге  елдің  бүгінгі  күйі  жайында  көп  әңгіме  айтады.  Оның  бәрі  хандықтың 

жойылып,  ел  басшыларының  әлсіреп  кеткенінен,  отаршылдықтың  езгісі  ұлғайғанынан  деп 

түсіндіреді. 

Бұл күнде хан қара тең болған кез, 

Бағалы бағасыздан кем болған ез. 

Ғаламат аспандағы жерге түсіп, 

Ғажайып түсте болған өң болған кез. 

Қайғы – теңіз, көз жасы – сел болған кез, 

Сөз байлаусыз, оғы да жез болған кез. 

Шалқыған шалқар көлің тандыр болып

Шалшық су тепсеңі жоқ көл болған кез. 

Асқар тауды бұлт басып, мұнар алып

Теріскей тебіні жоқ бел болған кез. 

Ханнан қайрат, байынан қайыр кетіп, 

Телмірген теңдігі жоқ ел болған кез. 

Қайғың азық, ермегің шер болған кез

Шен бұзып, ту құлатқан батыр құрып, 

Тебінгі сауған ұры ер болған кез. 

Осындағы  тың  образдар,  дәуірдің  шындығын  сол  кезеңнің  түсінігі,  бейнелері  арқылы 

суреттеу тапқырлық Жанақты үлкен ақындардың қатарына қояды.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1Тәбәрікұлы С. Жанақ ақын. – Алматы: Арда, 2006. – 203 б. 

2 Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 293 б. 

3 Жармұхамедұлы М. Айтыс. – Алматы: Білім, 1990. – 52 б. 

4 Сүлейменов Т. Сегіз сері. – Алматы: Өнер, 1991. – 341 б. 

5 ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті: Хрестоматия / Құраст. Х. Сүйіншәлиев. – Алматы, 1991. – 

258 б. 

 

 




376 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет