54
еркін қозғалуға мүмкіндік алады. Ал сұйық бетінде орналасқан
В
моле
кулаға әрекет ететін күштер бірін-бірі теңгермейді. Молекуланы
төмен қарай тартатын күш оны жоғары қарай тартатын күштен әлде-
қайда артық. Өйткені сыртқы ортадағы ауаның тығыздығы сұйыққа
қарағанда өте аз. Сондықтан
В молекуласын сұйықтың сыртына қарай
тартатын күш оны ішке қарай тартатын күштен кем болады. Ендеше,
«Бу түзілу процесі кезінде сұйық молекулалары оның беткі қабатынан
қалай босап шығады?» деген сұрақ туындайды.
Шынында да, молекула беткі қабаттан босап шығуы үшін белгілі
бір
А жұмысын атқару қажет. Мұндай жұмысты жылдамдықтары үл-
кен молекулалар ғана ∆
U ішкі энергия өсімшесі есебінен істей алады
(
А = ∆
U)
. Олай болса, жылдамдықтары үлкен, кинетикалық энергия-
лары аса мол молекулалар ғана сұйықтан шығып кете алады да, оның
орташа кинетикалық энергиясын төмендетеді. Сөйтіп, булану процесінде
дене ішкі энергиясын кемітіп, бірте-бірте салқындай бастайды. Ендеше,
булану әрдайым жылу жұтылу процесімен жалғаса жүреді. Сондықтан
бірдей массада будың ішкі энергиясы оның өз сұйығының ішкі энергиясы-
нан артық болады:
Достарыңызбен бөлісу: