Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
j қазақ-
ша ж жазылсын: жу, иə (я), ие, ио. Сөз басында жу, жа, же, жо, жə жазылсын. Мысал: иар – жар, ямщик – жəмшік, ящик – жəшік, ямбы – жамбы, Яков – Жақып, ява – жау, ярмарка – жəрмеңке... Қазақ сөзінің басында и келмейді. Сондықтан басқа тү-
ріктерден сөз басындағы и-ді қазақ тек ж қылып айталады:
йақшы – жақсы, йұрт – жұрт.
Басқа тілдер сөзі де осы заңға бағынған (араб-парсы
сөздерін қара): йардам – жəрдем, йака – жеке... Шет сөзден орысқа
10.
ч болып кірген иə орыстың төл
ч (араб-парсыдан кірген де) қазақша ш жазылсын. Мысал:
чай – шай, чек – шек, червонец – шербен. Орыстан алған чай, чин, начальник, парсыдан алған ча- хар, чихилтен... сияқты сөздерде қалық шай, шен, нəшəндік, шəр, шілтен қылған. Біз де осы жолды ұстамай болмайды.
Ауропа сөздерінде (əсіресе басында) келетін
11.
һ өзгерілмесін: hidro, heine, Henrig… Бұл һ дыбысы мен қ бір жерден жасалып шығатын артқы
тіл дыбыстары. Екеуі бір қап, бір саптан. Айырмашылығы
сол – қ əрі үнсіз (глухой), əрі өткелсіз (смычный), һ əрі
үнді (звонкий), əрі өткелді (спирант). Бұл қазақ тілінде
жоқ һ-ны айтқайлап созып, дауысты дыбысқа қосса, амал-
сыз һ əрі өткелді, əрі өткелді болады, қысқасы һ болады.
Ақындарымыздың қазақ тілінде һ бар деуі осылай екілендіріп
көтерулерінен. Айғай-ұйғайсыз қазақ тілінде һ жоқ.
Қазақ мұны айғайламағаннан оларды айғайлатып,
үлкейтіп отыратын жанында ақындар əзір тұрмағаннан
араб-парсы һ дыбысын қазақ алмай тастаған. Мысал:
һарун – арун, һəшім – Əшім, Аллаһ – Алда, Һəлəк – əлек, һəр – əр, һəзіл – əзіл, шаһар – шəр, һөнер – өнер, һүнді – үнді (Нəзір «Жат сөздер», 11-бет), əһінк – əн (түрік-неміс
словарь, 11-бет).
Осы күнгі ə жұмсақ а деп жүруіміз жаңылыс: ə араб-
парсының сһ – ғ – һ-ның орнында тұр: chal – əл, һəр – əр, əһінк – əн, һаскер – əскер... Бірақ əліппемізде һ кіріп қалған соң ауропаның һ дыбы-
сын орнына жазу керек болар (дұрысы – қалдырған).
Ауропа сөздерінің басында, ортасында иə соңында
12.
дауысты дыбысқа тете тұрған v, орысша в, қазақша v күйінде
жазылсын. Сөз аяғындағы v-ға жалғас дауысты тұрса, ол дау-
ысты дыбыс жазылмасын; ол дауысты дыбысты қалдырғанда
v алдында дауыссыз дыбыс қойса, арасына тиісті жуан иə
жіңішке дыбыс қосылсын. Мысал: Москва – Мəскеу, Кок- четав – Көкшетау, Павлушка – Паулешке, Павел – Пауыл, Варшава – Уаршав, Саратов – Саратау, товар – тауар, са- мовар – самаурын, Павлов – Паулоу, Молотов – Молотоу, автомобиль – аутомобіл, Нева – Неу... Ескерту: Иван – Ійбан жазылса да болады. Орысша əйел
памилиесінде в-дан соң аяғында а жазса да болады (мійба, қылыба сияқты шет сөздер).