Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет6/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

«шұу», «тұу»  деген  сияқты  етіп,  аяғына  ұу  келтіріп  жаза-
мыз деушілер бар. Тіпті жалғыз ғана «у» келтіріп жазамыз 
деушілер бар. Олардың бəрі де жете тексермегендіктен айты-
лып отырған сөздер. «Алып» демей, «алұп» деп, «асыб» де-
мей, «асұп» деп, «барып» демей «барұп» деп, «келіб» демей, 
«келүп» деп жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға 
болады. Олай жазбай, алып, асып, барып, келіп деп жазатын 


16
17
болсақ, «у» дың алдына «ұ»(ү) жазудың орны жоқ. Мұндай 
«у» сөздің аяғына  «б» есебінде қосылып тұрған дыбыс не-
месе «алыс, беріс, барыс, келіс» дегендері сөздердің ішіндегі 
«с» есебінде  қосылып тұрған сөз. «Алыс» деген «алыу» де-
ген «барыс» деген «барыу» деген, «келіс» деген «келіу» де-
ген сөздердегі айырым аяқ дыбыстарында ғана, басқа жеріне 
айырым жоІ. Егер алұс, барұс, келүс деп жазсақ, онда алұу, 
барұу, келүу деп жазу дұрыс. Бірақ «алұс», «барұс», «келүс» 
деп айтпаймыз ғой. Егерде «ұ»(ү) мен «ы»(і) дүдəмəл есті-
летін болса, ол дүдəмəлдік «ы» жағына қарай шешіліп оты-
рады ғой. Мəселен: «тан» деген, «таны» деген, «жан» деген 
«жаны», «тас» деген «тасы» деген сөздерді алып, аяқтарына 
«п», «c», «у» қосып туынды сөз жасасақ, аяғы дауысты ды-
быс болса, осы дыбыстарды қосамыз да қоямыз. Аяғы басқа 
дыбыстар болса, «ы» арқылы қосамыз: танып, таныс, та-
ныу, жанып, жаныс, жаныутасып, тасыс, тасыу. Осында 
«у» дыбыстың келіп кірерлік орны бар ма? Қай жерден келіп 
кіріспекші? 
6.  р,  л,  у,  и  əріптерініү  алдында  «ы»  əрпі  жазылу-жа-
зылмауы  естілуінше:  естілсе  жазылады,  естілмесе  жазыл-
майды.  Мəселен:  лыпа  леп,  лепес,  лап  қойды,  лаулап  жан-
ды, лоқы, лықылдап, Ленін, Лепсі деген сөздердің алдында 
келген «л» тап-таза  «ы»-сыз естіліп тұр. Оған «ы» жазудың 
керегі жоқ. «Ылай, ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи» де-
ген сөздерде «л» алдында «ы» анық естіліп тұр. Егерде осы 
айтылған  сөздердің  өздерін  дауға  салушылар  болса,  онда 
əркімнің құлағы əртүрлі еститін болғаны немесе əркім  со-
лай естіледі деп ұғып əдеттеніп қалғаны. Ондай дау болған 
орында  өлең  өлшеуімен  ашылады.  Онан  басқа  ашатын 
кілтін  əзірге  ешкім  тапқан  жоқ.  Өлең  арқылы  тексергенде 
«р», «и» сөз басында тіпті келмейтін көрінеді. «у» жалғыз-
ақ «уақыт» деген сөзде келетін көрінеді. Онда да қазақтың 
«ұуақытты» қысқартып, кейде «ұуақ» деп айтатындығынан, 
қазақтың «ұуақыт» деп айтатын жерін баспадағылар неме-
се  жазудағылар  «уақыт»  дегенге  айналдырғаннан  болады. 
Қалайда  жалпы  ереже  бұлар  турасында  естілсе  «ы»  жазу 
естілсе «ұ» жазу, естілмесе жазбау. Мəселен: ұру, ұрықсат, 
дұрыс,  ырыс,  ырым,  ырғақ,  ыржаң,  ірі,  ірімшік  деген  сөз-
дердің басында «ұ», «ы» бар екеніне дау болмас. Болса қалай 
етеміз? – əрине, өлеңмен болмаса басқа шара жоқ. 
«И» дыбысы жалғыз-ақ «иə» деген сөзде келетін көрінеді 
(Иəки де «иə» мен тұқымдас). Оның өзінде оқығандар бол-
маса, жай қазақтар «жə» деп айтатын көрінеді. 
«И» туралы жалпы ереже: естілсе «ы» жазылады, естіл-
месе  жазылмайды.  Даулы  болса,  өлең  арқылы  ашылады. 
Осымен емле ережелері туралы əңгіме бітеді. 
Ақымет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет