34
35
нетінде қазақша дыбыстар дыбыс жүйесінің жалпы жолы-
мен тексерілмек. Бұл жағынан кабинеттің əзірге тауып бер-
ген іштемесі жоқ, бірақ кабинеттің қалауына түсіп тұрған
түрлі жұбалар бар. Соның бірі менің мына ұсынып отырған
жұбам.
Дыбыстың көбі көмейден (дауыс қабыршағының
дірілдегенінен) шығады: Бір қатары ауыздың ішіндегі
тілдің қозғалғанынан, таңдайдан, тістен, еріннен, мұрыннан
шығады. Көмекейден шығатын дыбыс – дауыс аталады
да, басқа жерден шығатын дыбыс – жай дыбыс аталады.
Дыбыстың көбінде дауыс та болады, жай дыбыс та болады,
мəселен «р» дыбысында көмекейден келген дауыс та бар,
тілдің ұшы дірілдегеннен болған жай дыбыс да бар; «о»
дыбысының дені көмекейден шығады, бірақ оның ішінде
тілдің қозғалғанынан, еріннің дөңгеленіп ілгері қарай
қозғалғанынан болатын жай дыбыс да бар; бірақ «о» – да жай
дыбыстан да дауыс күшті. Бір сыпыра дыбыстар да дауыс
мүлде болмайды, – ондай дыбыстар көмекейден шықпайды,
тек тілдің таңдайға, тіске жақындап қозғалғанынан, еріннің
қозғалғанынан шығады.
Мəселен «б» дыбысы солай: оның ішінде дауыс мүлде
жоқ, – оны шығару үшін екі ерін біріне бірі тиуі керек де,
кеңірдектен келген дем сол екі еріннің арасын ашып бірден
бұзып шығу керек («б» дыбысын шығару үшін кеңірдектен
келген дем дауыс қабыршығын дірілдетпей, дауыс шығармай
келеді).
Қазақша дыбыстардың əр қайсысын осылай, ішіндегі
дауысы мен жай дыбысының шамасына қарай тексерсек
1
біздің дауысты дыбыстарымыздың бəріндеде жай дыбыстан
да дауыс көп болады; жарты дауысты мен ұяң дыбыстар-
да дауыс да болады, жай дыбыс да болады, бірақ дауысты
дыбыстарға қарағанда дауыс аз болады да, басқа дыбыстар-
дан дауысы анық болады; қатаң дыбыстардың «б»-дан басқа
алтауында дауыс мүлде болмайды; ымыралы, ымырасыз
1
Біздің дыбыстарымыз тиісті аспабымен тексерілген жоқ. Біз қазақ
дыбыстарын жалпы дыбыс жүйесінде айтылған дыбыстармен салысты-
рып қана тексеріп отырмыз.
атанған 5 дыбыс пен «б» дыбысы – алтауында жай дыбыс
да болады, дауыс да болады, бірақ бұлардың дауысы ұяң
мен жарты дауыстылардан кем болады. Бұл алты дыбыстың
басқа дыбыстардан тағы бір басқалығы: бұлар өзгеден көрі
қатаң 6 дыбысқа жуық болады, – қатаң дыбысқа сəл дауыс
қосылса ақ болғаны, қатаң өзгеріп ымыралы иə ымырасыз
болып шығады. Мəселен «п»
-ға дауыс қосылса, ол өзгеріп
«б» болады; «т-ға дауыс қосылса, ол «д» болады; сол қалыпты
«с» – «з» болады; «ш» – «ж» болады; «қ» – «ғ» болады; «к» –
«г» болады. «п», «қ», «к» –үшеуінің олай өзгеріп «б», «ғ»,
«г» болатыны жұрттың бəріне мəлім («таптым» дегенде «п»-
ның айтылуы да, естілуі де «п», «табамын – дегенде «б» бо-
лады; «қазақ» – «қазағым», «жүрек» – «жүрегім» – дегенде
«қ» мен «к» өзгеріп «ғ», «г» болады). «Дорба» деген сөздің
«деді», «деген» сықылды сөздердің басындағы дыбыстары
таза «д»; бұл сөздерді аяғы қатаң болып келетін дыбыстарға
жалғастыра айтсақ «д» өзгеріп, айтылуы да, естілуі де «т» бо-
лып шығады: «ат дорба», «ақ дегені алғыс» деген сөздер «ат
торпа», «ақ тегені…» болып айтылады; «Сегіз сом», «түзсіз»
сықылды сөздер «сегіс сом», «түссіз» болып айтылады; «бес
жарым», «құтжол» дегенде «ж» дыбысы «ш» болып кетеді.
Сөйтіп қатаң атанған 6 дыбыстың əрқайсысының бір-бір
сыңары болады:
Достарыңызбен бөлісу: