БАР ДЫБЫСТЫҢ ТАҢБАСЫН ЖОЙМАУ КЕРЕК
Ана жылы емла мəселесі тұуралы Орынборда болған
жиылыста «қазақтың тіл заңын қорғаймыз деп» жүрген
білімпаздар қазақ тілінің бір неше дыбыста əріптерін жоқ
қылдырыпты, (еміле тұуралы пікірін айтқандар өздерін
өздері «білімпаздар» деп жүрген соң мен де оларды «білім-
паздар» деп отырмын). Өзге дыбыстар тұуралы əлі де бол-
са білімпаздардың жаңа пікірлерін күтіп мен, тек, бірақ
дыбыстың таңбасын қорғайым.
Ол дыбысым «һ». Бұл «һ» дыбысы бізден өзге түрік ел-
дерінің көбінде бар, кей бір түрік елдерінде «һ» дыбысы тіпті
жиі кездеседі (башқұрт, жақұт, өзбек елдері). Ал «һ» дыбысы
біздің қазақ тілінде бар. Бұрын бар-жоғын «білімпаздар, ай-
тар, бірақ кəзір «һ» дыбысы қазақ тілінде, қазақтың, əсіресе,
күйлі сөзінде бар.
Табиғатта өзгермейтін, не өшпейтін не ескірмейтін зат
жоқ, олай болса қазақ тілі де өзгерістен аман қалмақ емес.
Өспесе, өзгерістерге ұшырамаса, қазақ тілі тілде болмас
еді. Осы күнгі күйлі сөзімізде «һ» дыбысы кездескенде,
қағазға қалай жазудың шарасын таба алмай дағдарамыз.
256
257
«білімпаздар» дың жоқ қылған «һ» дыбысын мен кезі кел-
генде амалсыз «х» əрпі мен жазып жүрмін.
Тіл – адам баласының ойын, пікірін, сезімін білдіретін
құралы. Мəдениет іретінде ілгері аяқ басқан сайын адамның
ойы сезімі тереңдеп байып, түрленіп, қырлана бермек.
Кəзіргі адамның ойы сезімі сансыз түрлі, сансыз сырылы.
Кəзіргі адамның ойын, сезімін білдіретін тілі бар, дыбыста-
ры бар. Дыбыстарының белгілері, əріптері бар.
«Баяғы ескі замандағы ескі қазақ тілін қорғармын» деген
ұранды қолданып, кəзіргі қазақ тіліне кірген «һ» дыбысын жоқ
қылу дұрыс емес. Үйтіп бар дыбыстың əрпін жоқ қылу «қазақ
тілінің заңын қорғаймын» деп тілге зыйан келтіру болады.
Əр бір шебердің істейтін істеріне жұмсайтын неше түрлі
құралы болады. Істеп тұрған ісінің түрлі нақыштарына
жұмсайтын түрліше құралдары болады. Əр бір құралыштың
жұмсалатын орны бар.
Ойдың, сезімнің де неше түрлі құбылысын білдіретін ды-
быстары бар.
Сол неше түрлі дыбыстың тиісті таңбалары, тиісті əріп-
тері болу керек.
Шебердің тиісті құралы толық болмаса, оның кедей бол-
ғаны. Оның ісінің түрліше нақыштарының біркелкі болуына
себеп болғаны.
Тілдің де дыбыстың əрпі түгел болмауы – тілдің аяғына
шідер салынғаны. Міне енді, біз бұл шідерді қазақ тілінің
аяғына ағытып, тілге кеңшілік беруіміз керек.
– Аһ! – деді де, көл селк етті….
– Ə! – деді, аққу – Жаным-ай!…
………………………………….
Уһлеме, күйікті, жаз,
Уһілеуден пайда жоқ!….»
Мақаббаттың жауһар шамын
Өшірген жар қайда жоқ!..
Міне, осы 5 – 6 жолдағы күйлі сөздердің ішіндегі «аһ!»
«уһлеме»-«жауһар» деген сөздерді өзге дыбыстардың əріп-
тері мен жазсақ, оқығанда дұрыс да болмас еді. Күйлі сөздің
əсері жойылар еді.
Еміле тұуралы пікірлерін айтатын «білімпаздар» осыны
да білулері керек.
Онсын, қазақ тілінде «һам» деген сөз бар. Бұл сөзді əзір
«х» əрпі мен «а» əрпі мен дəйекші қойып жазып жүр. Мен
жазу ретінде «һ» деген сөздерін ат тонымды ала қашатын бол-
дым. Себебі: қазақ баспасы, жəна, газет жорнал шығаратын
жерлерде отырғандар. «һ» деген сөзді «х» мен дəйекші
мен жазып отырғанда, дəйекшісін ұмыт қалдырып басып
шығарса «бегыракта» жаман болып шығады. Дəйекшіні
ұмыт қалдырып басса «х» нен абиұр қалмайды.
Міне сол себепті, керекті орындарында «һ» деген даяр
сөзді пайдалана-алмай қойдық. «Білімпаздар» айтар: «һ»
демей-ақ «« десең «х», «қ» десең, болмай ма? – деп.
Жоқ, «жана», «бен», «мен»-дерден көрі «һ»-ның керектеу
кездері де болады. Əсіресе өлең жыр жазғанда «һ»-ның ке-
рек болып қалатын кезі болады. Мұны «білімпаздар» білуге
тиіс, құбылған сырлы, күйлі сөздің сансыз нақыстары бола-
ды. «һ» да керек болып қалатын кездері болады.
Өзге түрік елдерінің бəрі «һ» əрпін жоймағанда біздің
«қазақшылдар» «х» дыбысы мен «һ» əрпін жоймақ болула-
ры теріс. Оны көре тұра білімпаз болмасақта, үндемей оты-
ра алмаймыз.
Адамзат өнер білім жолында ілгері басқан сайын, негістік
дəуірге таянған сайын, əр елдің бір-бірі мен қатысуы, ара-
ласуы күшейе бермек. Мəдениеті тілі араласа бермек.
Жақындаса бермек. Түрік елдерінің латын əрпін алып отыр-
ғаны жəна бір ізбен аламыз деп отырғандары бұған бір дəлел.
Түбінде латын əрпін орыс елі алмасын кім біледі?. Түбінде,
латын əрпін жер жүзі түгел алмасын кім біледі?..
Түбінде, түбінде емес, көп ұзаққа қалдырмай-ақ ла-
тын əрпін, латын əрпі болмаса, латын əрпінен де бір жеңіл
əліпбиді барлық сабет одақтары СССР алуы керек. Бір кезде
алмай қоймайды. Жалпы жер жүзі сүйтпей қоймайды.
Олай болса, қазақ тілін өзге елдердің тілінде, жанас-
тырмай, қатыстырмай сақтаймын деу, ылайықсыз дерден
258
259
дариаға қоғам салған мен бірдей, «һ» ны алу керек. Қазақ
əліппиін өзге түрік елдерінікіндей қылу керек.
Сəкен
Достарыңызбен бөлісу: |