260
261
ырмайтын əріптерді үйлестіру керек. Басқа елдер дəйекшіні
алатын емес деп бір дəйекшінің орнына төрт əріп алу керек
пе?! Басқа елдер дəйекшіні алмаса біздікі сыйақты жалғыз
дəйекші төрт əріптің орнына жүре алмайды, сосын алмайды.
6-дəлелінде «бұрынғы ашық ауыз дəйекшінің орнына,
құс қанатты (ˇ) еріксіз алып отыр. Бұда, жамау жасқаудың
бір түрі» дейді.
Біз дəйекшінің түсінің өзгергеніне қарауымыз керек емес,
мағынасына қарауымыз керек, ашық ауызды құс қанат қылып
өзгертуіміздің мəнісі ашық ауызды, солдан оңға қарай жазу
қолды бөгейді. Сол себепті оның орнына құс қанат алынып
отыр, дəйекшінің түрін өзгерткеннен мағынасына нұқсан
келмейді.
Дəлелдерінің соңынан əр жұрттың алып отырған əріп
таңбаларын көрсетіп кетеді, мəселен, татарда 34, башқұртта
36, «қабарды» деген жұртта 52, какетінде 64, абказ тілінде
70 дейді. Бұларға қарағанда біздікі шүкірлік қой, тіпті 30
болсада көп емес дейді.
Бұл арада басқа жұрттардың əріптері мен, біздің əліппе-
мізді салыстырып келіп, көбейгеннен қорқу керек емес де-
генге келтіреді. Əріп көбейгеннен қорықпау деген біздің қат
таныту, кітап басулар мен санаспағаны.
Біз азда болса жеңілдікті тəуір көреміз. Қалқымыздың
100- ден 93- і қат танымай жатса, мектеп жасындағы бала-
ларымыз мектепке кіралмай жатса, баспақанада əріпіміз
орынды көп алып, бұрынғыдан қымбат түсіп жатса, мұның
қай жері пайдалы болады. Басқа елдер əріпті көп алып отыр-
са амалсыздан көп алып отыр. Əр сөзге бір таңбаны амал-
сыздан қытайда алып отыр. Қытайлар сонсын мұрындай
деп алып отырмаған болар, амалсыздан, дыбыста таңбасы
болмағаннан алып отырған болар. Бұрынғы заманда бір
тентек айтқан екен, «кім Құдай болғысы келмейді. Бірақ қо-
лынан келмейді ғой» деп, сондай-ақ кім əріпті азайтқысы
келмейді, бірақ қолынан келмейді ғой.
Енді менің қорытқанда айтатыным: таңба мəселесі мен
таптастыру мəселесі біріне-бірі шатастырылмасын. Таңба де-
ген əр ұлттың үніне арнаған белгісі. Ол таңбаны таптастыруға
келтірем деп, үнге арнаған яғни бір өзі төрт əріптің орнына
жүріп отырған дəйекшіден айырылуға болмайды.
Əріп мəселесін шешкенде мына сұрауды есімізге сақтау
керек.
Бірінші орынды əріп алу керек пе, болмаса таптастыру
алу керек пе? Осы екеуін шешшек, барып мəселесін дұрыс
шешкен боламыз.
Меніңше бірінші орынды латын əріп мəселесі ғой дей-
мін. Үйткені ауыздан шыққан үнімізге қарай таңбамыз
болмаса, таптастыру мəселесі де болмас еді. Олай болса
таптастыруға үнге арналған таңба болу керек екен. Біздің
үнге арналған таңбаларымыз бар, енді сол таңбаларды қа-
лай жақындастырамыз, осы туралы кеңесу керек. Дəйекші
іздесе таптырмайтын, бір өзі бір тайпа əріптің орнына жү-
ріп отырған бір таңба. Басқаға жабысқан мен дəйекшіге
жармасудың жөні жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: