Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ШАПШАҢ ЖАЗУ (стеногырапие жайынан) «Істеногырапие» – грекше «шапшаң жазу» деген сөз. Бү-
тін сөз қысқартылып жасалған белгі мен жазылады. Сонда
сөз жару қарып жазған мен бір есеп болып шапшаңдығы
кəдімгі толық жазудан төрт есе ұшқыр болады. Сүйтіп Істе-
ногырапиемен қандай ағызып тез сөйлейтұн шешендердің
сөздерін қалдырмастан түгел жазып алуға болады.
«Шапшаң жазу» атам заманда грек, ұрым жұрттарынан
шыққан, кейінгі замандарда Бауриаға тараған «шапшаң жа-
зу» орыс жұртында да бар. Бірақ əлі күнгешейін көңілдегі-
дей жайылып болған жоқ.
«Шапшаң жазу» – келер заманның жазуы болмақ; яғни ке-
лер заманда жұрттың бəрі кəзіргі толық жазуды тастап, бірте-
бірте шапшаң жазуға көшпек. Бірақ бұл келер заманның сөзі, біз
кəзіргі күйімізді алалық. Шапшаң жазу біздің Іреспұбликелер
одағында да болған мен, мəдениет мешеулігінен күн батыс
Баурыпаға қарағанда оннан бірі де жоқ. Күн батыс Баурыпа-
да əр бір кеңседе шапшаң жазу жұмысы дəуір қойған кəзір
біздің Іреспұбликелер одағындада «шапшаң жазу» ға көңіл
бөлінгендей көрінеді. Мəскеуде «шапшаң жазу мəселесі» де-
ген дербес жорнал да шыға бастаған.
Ал енді қазақ тілінде шапшаң жазудың өзімізге, қазақ
Іреспублкесіне керектігін сөз қылалық. Керектігінде, əрине,
дау доқ. Қазақ тілі, мемлекет тілі топтарда, сиездерде шешен-
дер қазақша сөйлейді, мектептерде, кұурістерде лексиелер
қазақша айтылады, соттарда қорғаушылар, бүкерелдер, айы-
керлер қазақша сөйлейді. Орысша сөйлеушлердің сөзі түгелі
мен шапшаң жазудың арқасында қағаз бетіне түсетұнын
көріп жүрміз; ал қазақшаға келгенде баяғы ақсақ қалам ере
алмай қалады, керекті сөздер түгел жазылмайды. Бұдан үлкен
кемшілік бар екені айтпай-ақ белгілі, олай болса, «шапшаң
жазу»-ды үйренуге бізгеде ұуақыт жетті дегіміз келеді.
Осы кезде шапшаң жазу кұурстері əр жерде бар (орысша).
Алдыңғы жылы Орынборда шапшаң жазу кұурісінде бір
қазақ қызы оқығанын білемін. Ташкенде көптен шапшаң
жазуды білетұн бір қазақ əйелі бар екенін де білемін. Міне
солардың айтуына қарағанда «шапшаң жазуды» қазақшаға
үйлестіруге болатұн көрінеді.
Біздің тиісті мекемелеріміз ескеріп, қазақша «шапшаң
жазу» кұурсын ашуға қам қылса дұрыс болар еді. Көп бол-
са, екі-үш жылдан кейін өзіміздің шапшаң жазушыларымыз
бдолар еді қазаққа арналған шапшаң жазу кұурістері ашыл-
са, оқушы талапкерлер сөзсіз табылар еді, үйткені шапшаң
жазушының табысы өте көп болады, еңбегі толық өтеледі.
Біздің бұл ұсынысымыз босқа қалмағай еді, көп керектің
бірі-шапшаң жазуда қазақ баласына бір өнер болғай еді де-
ген тілекпен мұны көптің есіне саламыз.
Тоқушы