286
3) жаңа əліпбимен көп етіп əліпби кітаптарын жəне əрі
арзан, əрі елге ұғымды кітаптар бастырып тарату керек;
4) Алдымен қала-қалада жаңа əліпби сауатсыздығын жою
ісін қолға алу керек.
5) Мəдениет майданында қатар түзеп қаладан ауылға ат-
таныс жасау; сүйтіп жаңа əліпбиді миллиондаған қара ша-
руа бұқарасы арасына тарату керек.
Бұл мəселелерді қалай болса да шешу тиіс. Бұл жөнде
жақын арада істелетін жұмыстарды атап-атап айтқанда, мы-
надай болады:
Алдымыздағы жазда ауыл-ауылға жаңа əліпбидің маңы-
зын түсіндіру ісіне жұмыла кірісілсін жəне алдымыздағы оқу
жылынан бастап Қазақстандағы барлық оқу жұрттарында
оқу жаңа əліпбимен жүргізілгендей болсын. Январь-май ай-
ларында қала-қалада жаңа əліпби толық үйретіліп болсын.
Партия ұйымдары, комсомол жəне кəсіпшілер одақтары əлгі
мезгілдер ішінде қала-қаладағы мүшелердің жаңа əліпбиді
толық үйреніп алуларына ерекше шаралар қолданылсын. Он-
дай шаралар ретінде жаңа əліпби сауатсыздығын жою үшін
екі не үш айлық науқан ашуға да болар. Қала-қаладағы оқу
жұрттары үстіміздегі оқу жылы ішінде оқушыларына жаңа
əліпбиді толық үйретіп шығару амалын жасауға міндетті бол-
сын. Қала-қаладағы сауат ашу орындары да жаңа əліпбимен
оқытатын болсын.
Жоғарыда айтылған шараларды жүзеге шығару Қазақ-
станның кеңес жұртшылығы қолынан келеді жəне солай ету-
ге міндетті де. Бұл – біразырақ кешеңдеген, бірақ соның ор-
нына мəдениет майданындағы көлемді аттаныс. Жаңа əліпби
жолында, жаңа əліпбиге бар күшті жұмсайық.
Жаңа мектеп 1-4 беттер
Достарыңызбен бөлісу: