Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ƏР КІМ ӨЗ ƏКЕСІНІҢ АТЫМЕН АТАЛСЫН



Pdf көрінісі
бет125/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ƏР КІМ ӨЗ ƏКЕСІНІҢ АТЫМЕН АТАЛСЫН
(ұсыныс ретінде)
Осы  күні  Қойбағар  Құлбай  ұлы,  Раушан  Қүндақбай  ке-
ліні  иə  қызы  дейміз.  Дұрысында,  Қойбағар – Құлбай  ұлы 
емес,  Баймағамбет  ұлы.  Құлбай – Қойбағардың  атасы  иə 
оның  ар  жағындағы  бір  бабасы.  Біздің  Құлбайып  деген 
орысшаға  қарап,  Құлбай  ұлы  дейміз.  Бұл  бір  қате.  Раушан 
Құндақбайыба  деген  орысшаны  Құндақбай  келіні  дейміз. 
Дұрысында Раушан – Құндайбай келіні емес, Құндақбайдың 
қызы  болып  шығады.  Біз  Раушан  Құндақбай  қызы  десек, 
Раушан Құндақбайдың қызы болмай, келіні болып шығады. 
Бұл кемшіліктерді жою үшін мынадай жоба көрсетемін. 


322
323
Біз  Жаманшалып  дегендей  арғы  атадан  қозғап,  атақ 
шығармай-ақ қоялық. Əр кім «ұлы» болып, өз əкесінің аты-
мен  кетсін.  Қойбағар  Құлбай  ұлы  болмай  (атасының  ұлы 
болмай), əкесінің атымен Баймағамбет ұлы болсын. Əр кім 
əкесінің атымен кетсін. Бұлай етсек, Қойбағарды атасының 
ұлы  қылмай  (дұрысында  немересі  ме,  шөбересі  ме,  өзі 
білсін), əкесінің ұлы қылып, қатені жоямыз. 
Сол сияқты əйелді (қатын болсын, қыз болсын), əкесінің 
атымен атау керек. Раушан жасы жеткен қарт əйел болса да, 
əкесінің қызы, Құндақбайдың қызы болсын. Қыз болса, екі 
бастан. Қыз болса да, əкесінің атымен кетеді ғой. Сонда бір 
қызды біреудің келіні деп ерге шыққан əйелді біреудің қызы 
деп шатаспаймыз. Ерге шыққан əйелдің ерінің памилиесімен 
кететін, еркектің арғы атасының атымен кететін ауропаның 
əдеті керек емес. 
Дұрысында,  қазақ  əркімді  əкесінің  атымен  (Тілеу  Мыр-
за ұлы) атайды. Оқушылар қолайлы тапса, осы жобаны алу 
керек. 
Мерғали 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет