МЕТІР ӨЛШЕУІШТЕРІ
Əр елдің өлшеуіштері өзіне басқа – мəселен ұзындық
өлшеуіші əр жерде əр түрлі: қазақта елі, тұтам, сүйем,
қарыс, кез, адым, құлаш, кісі бойы, кісі бойы қол қол ұсы-
ным сықылды өлшеуіштер бар. Басқа жұрттардың да сон-
дай өзарасында ғана қолданатын өлшеуіштері бар; ондай
өлшеуіштердің көбі оны қолданып отырған елдің өзіне
ғана түсінікті, басқа ел ол өлшеуіштерді білмейді. Мəселен
қазақтың құлашы, шет қалықтар түгіл, көрші отырған орыс,
ноғайларға да түсініксіз: Мəселен «6 құлаштың» қандай
екенін қазақ баласы сол «6 құлаш» деген сөздің өзінен бірден
түсінеді; орыс оны түсіну үшін: бір құлаш екі жарым аршын-
дай болатұнын біліп алып, 6 құлаштың 15 аршын шамасын-
дай екенін есептеп шығаруы керек.
Өлшеуіш деген: жұрттың уəделесіп алған бір шамасы;
басқа түрлі нəрселердің шамасын сол өлшеуішпен айтқанда:
оның өлшеуіштен неше есе артық екенін, иə өлшеуіштің
қандай үлесіндей екенін айтады. Өлшеуіш болуға қандай
шама болсада жарай береді. Бірақ өлшеуіш үшін: оған жал-
пы жұрттың дағдыланып үйренуі керек.
Метір өлшеуіштері атанған өлшеуіштер қазаққа əлі
жат. Бірақ оған дағдыланып үйренбей болмайды. Метір
өлшеуіштері бұл күнде үкімет жарлығы мен кіргізіліп отыр.
Бұрынғы аршын, таяқ, шақырым, мысқал, қадақ, бұттардың
орнына: енді метір, сантиметір, километір, ғырам, килоғырам
сықылды өлшеуіштер бола бастады. Мұнан бұлай бұрынғы
аршын, қадамдар мүлде қалып, оның орнына сол метір,
ғырамдар болмақшы. Бұл өлшеуіштердің негізі тұрлаулы
екенін, есептеугеде жеңіл екенін көп сөз қылуда қажет жоқ,
біз оны қысқаша ғана айтып өтпекшіміз.
Метір өлшеуіштерінің біздің шақырымымыз орнына
айтылатұны километір. Километір бір шақырымнан аз мұз
кем (468 таяқ да 2 кез, бір шақырымнан кемі: 31 таяқ да 1 кез).
Жер, қарбыз сықылды доп; бір кісі тура темір қазыққа қарай
жүре берсе, бір кезде темір қазық тас төбесінде болады; онан
əрі кеткен соң темір қазық артында қалады; бетін аудармай
сол жөні мен жүре берсе ол кісі жүре келе жерді айналып
бастап шыққан орнына келеді; бұл кісінің жерді осылай
айналып келгендегі ізі: мірдиан аталады; жердің мірдианы
километір мен есептегенде 40 000 (қырық мың) километір
болады; метірдің негізі осы мірдиан, құлаш, сүйем сықылды
өлшеуіштеріне қарай түрлі болуы мүмкін. Сондықтан ол
өлшеуіштерді тұрлаулы деуге болмайды. Жердің мірдианы
артық кемімейді; сондықтан мірдианның 40 000 мыңнан
бірі болған километір, жер өзгермей өзгермейтін тұрлаулы
өлшеуіш болады. Километірдің мыңнан бңрң метір аталады.
Кəзірде бұрынғы аршын орнына ұсталатын өлшеуішіміз сол
метір. Бір метір=бер кез 6 ½ (алты жарым) бөлшек болады.
316
317
Метірдің оннан бірі детси метір болады. Детси метірдің оннан
бірі сантиметір болады. Ұзыны да ені де, биіктігі (тереңдігі)
де бір дитси метір болып келген жəшіктің кеңдігін лійтір
дейді; бір лійтір таза судың салмағы бір кійлоғырам аталады.
Бір кійлоғырам екі қадақ да 4 ½ мысқал болады (екіден бір
қадақтан 52 ½ мысқал кем) бұрынғы қадақ орнына ұсталатын
өлшеуіміз енді осы кійлоғырам болды. Кійлоғырамның мы-
нан бірі ғырам аталады. Бір ғырам ширек мысқалдан аз мұз
кем болады.
Бұл метір, ғырам өлшеуіштерінің есеп жағынан жеңіл
болатыны өзінен өзі анық. Біздің бұрынғы мысқалымыз
96-сы бір қадақ, қадақтың 40-ы бір бұт болатын. Бүршіктің
16-сы бір аршын, аршынның 3-еуі бір таяқ, мұның 500-і бір
шақырым болатын. Сондықтан бұлардың бірін біріне ауда-
рып есептеу қиын болатын: мəселен, 240 мысқалдың қанша
қадақ екенін есептеу үшін едəуір ойлап отыру керек; иə 5
бұт 13 қадақ 20 мысқалдың бəрін мысқал есебі мен айтқанда,
нешеу болатынын табу үшін толып жатқан есеп керек бо-
латын. Метір өлшеуіштерінің есебі ондай қиын болмайды:
оған қалық бір дағдыланып алған соң есебі тіпті жеңіл бола-
ды. Үйткені бұлардың бəрі де бірінен бірі ылғи 10 есе артық
болады да отырады. 10 сантиметір = 1 детсиметір болады.
10 дестиметір = 1 метір, 10 метір = 1 декаметір. 10 декаметір
= 1 гектометір. 10 гектометір = 1 кілометір болады. Ғырам
өлшеуіштері де солай:
10 ғырам = 1 декағырам.
10 декағырам = 1 гектоғырам.
10 гектоғырам = 1 кілоғырам болады. 1000 кілоғырам
тонна аталады. Бұл өлшеуіштердің көбірек ұсталатыны:
ұзындық өлшеуіштерінен метір мен сантиметір, салмақ өл-
шеуіштерінен ғырам мен кілоғырам.
Бұқараның дүкеннен сатып алатұн кездеме-маталары
бұл күнде, бұрынғыдай аршын мен өлшенбейді, метір, сан-
тиметірлермен өлшенеді; бұрын қадақтап өлшенетін шай,
қанттар кəзірде ғырам, кілоғырамдармен өлшенеді.
Бұқараның бұл өлшеуіштерге көздері үйреніп жаттығып
кеткенше түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан біз бұл жаңа
өлшеуіштердің бұрынғы аршын, қадақ бен салыстырғанда
қандай болатынын да, ескі өлшеуіштердің мəні жаңаша
қандай болатынын көрсетіп отырмыз.
1 метір = 1 кез 6 ½ бүршік (1 ½ кезден 1 ½ бүршігі кем)
2 метір = 2 кезде 13 бүршік
3 метір = 4 кезде 3 ½ бүршік
4 метір = 5 кезде 10 бүршік
5 метір = 7 кезде ½ бүршік
6 метір = 8 кезде 7 бүршік
7 метір = 9 кезде 13 ½ бүршік
1 кез 71 1/8 сантійметір
318
319
Салмақ өлшемдері
100 ғырам = 23 ½ мысқал (1/4 қадақтан азғана кем)
(1 қадақта 2 ½ мысқал кем).
500 = 1 қадақ та 21 ¼ мысқал
1 кійлоғырам = 2 қадақ 42 ½ мысқал
20 кійлоғырам = 1 пұт 8 қадақ 82 мысқал
320
321
5 ½ пұттан 15 мысқал кем.
100 « « 6 « « 4 « « 26 « «
1 тонна (1000 кійлоғырам) = 61 бұт 2 қадақ
1 қадақ = 409 ¾ ғырам
1 пұт = 16 кійлоғырам 390 « «
Тайбағар
Достарыңызбен бөлісу: |