Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет122/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚОТЫР СӨЗДЕР
Білімпаздар тобы жат сөздерді қазақ тілінің құрылысына, 
«үндестік заңына» үйлестіріп алу керек деп еді, бірақ мұны 
жүзеге асырушылар некен саяқ.
Мұны жүзеге асыратын алды мен жазушылар, оқытушы-
лар болу керек еді. Газет, журнал басқармалары теріс құрыл-
ған  сөздерді  мұқырлап  жібермеуі  керек  еді,  бірақ  баспа 
жүзінде əр кім өз беті мен сай өрлеп жүр. Газеттің бір ғана 
нөмірінде кездескен сөздерді алдыңызға тартайын:
«Тіресті», «Италиеге», «десетине», «курыстар», «сканди-
неу», «гүбірналық», «уəде», «бұджеб» деп жазылған. «Қант, 
жент, кент, алт, бəнт» деген («жент» тың қазақ сөзі екеніне 
күмəндімін, қалғаны парсыдан шыққан) сөздерден басқада, 
қазақ тілінде екі дауыссыз дыбыс бір буында келмейді.
Сондықтан «тірес» деп жазу керек еді. «Тіресті» деп жа-
зып  жүрген  азамат  жатыс  жалғау  мен  айтқанда  «тірестта» 
десе өрескел екендігі көрінбей ме? «Италиа» жуан сөз, «ке» 
жіңішке сөздің жалғауы.
Бұл екеуін бір жерге қосақтау «Тіл құралын» өмірінде бір 
оқымаған топастың жұмысы болады. «ге» ден айырылғысы 
келмеген  азамат  «ителиеге»  деп  жазу  керек. «г», «к», «е» 
қосылған сөздер жіңішке айтылатын, бұларға көршілес «а» 
да  жұмсақ  айтылатын.  Сондықтан  «десетине», «күрістер», 
«іскендинеу», «гүбірнелік», «уеде»  деп  жазу  керек.  Соңғы 
сөзді уда деп жазсада жарайды.
Қазақ  тілінде  орта  буындардың  аяғында  «д»  естілмейді 
де, жазылмайды да, сондықтан «бұджет» тегі «д» үшін жеке 
ереже шығарылама? «бұтжет». Деп жазса шенінен түсеме? 
Кемшілік келеме?
Енді  қазақтың  сол  сөздеріне  келейік.  Тағы  да  сол  газет-
те  «не  бар  болғаны», «балдыр», «жылықшылық»  деген  сөз-
дер  бар. «бар  болғаны»  да  жетей  ме? «не»  ге  жол  болсын? 
«Барлығы»  десе  ұғымсыз  болама? «не  бар  болғаны»  деген-
нен орыстың «Что есть» дегені аңқып тұр. «Балдыр» қайдан 
шыққан? Дұрысы балалар емес пе? «дар» ды алып тастағанда 
«бал» не болады? Сөздің түбірін жеп қарнымыз ашты ма? Сыр 
қазақтары сөйлегенде «баланы» «балға» айналдырып жіберген 
көрінеді.  Сөйлегенде  еріктерің,  бірақ  жазғанда  сақау  кісіше 
«балдар» деп жазудың қисыны жоқ көрінеді. «воне водство» 
дегенді «жылқышылық» деп келтесінен бірақ қайырған.
Жұрнақты  орны  мен  пайдаланса  жаңа  мағана  туады. 
Жылқы түбір сөз, «шы» да, «лық» да жұрнақ. «Шы» жұрнағы 
қашанда болса, кесіп иесін аңғартады, мəселен, жылқышы, 


314
315
қойшы,  мылтықшы  деген  сияқты. «Лық»  жұрнағы  «шы» 
ға  қосылғанда,  белгілі  кесіпті,  күйді  көрсетеді,  мəселен, 
қойшылық, балықшылық деген сияқты.
Елдің  ұғымында  «жылқышылық»  жылқы  өсіру  мағана-
сында емес.
Жылқышылық  деген  жұрттың  көбі  жылқышы  болады 
екенбіз  деп  ат  тонын  ала  қашып  жүрмесін  біреуді  айта-
ды: «жылқышылық»  пен  «өмірі  өтті»  деп.  Жылқышылық 
орыстың «Пастушество» дегеніне келеді. Жылқы өсіру десе 
ел  қазағы  тез  түсінбей  ме?  Даяр  сөз  тұрғанда  «бүйректен 
сирақ шығарып» не керек.
Қазақ тілі осы күнде мемлекет тілі болып отыр. Сондықтан 
жазуға талабы бар азаматтар «тіл құралдары» мен Нəзірдің, 
Қалелдің  «үндестік  заңы»  туралы  жазған  кітапшелері  мен 
танысу керек.
Білімпаздар  тобының  қаулысы  мен  есептеспей  жазған-
дарды талқыға салу керек. 
«Үндестік  заңына»  бағынбайтын,  ерте  зманда  сіңіскен 
жат сөздер бар. Бұларды өзгерту қиын.
Ал енді төңкерістен бері кірген жат сөздерді қалайда бол-
са, «үндестік заңына» бағындыру керек.
Қошке


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет