Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ТІЛДІ ТҮЗЕУГЕ ТЫРЫСУ КЕРЕК Осы күні қазақ азаматтары араларынан кітап жазушы-
лар, басқа тілден аударушылар есепсіз өсіп барады. Бұлар
кітаптың алдында келетұн орыстың Введение деген сөзін
əр қайсылары өз беттері мен түрліше аударып, атап жүр.
Мисал есебінде төрт-бесеуін санап өтейік: «кіріспе, таны-
стыру, дəйектеме, бет ашар, жетектеме» деген сықылдылар.
Введение, вступитильное слово деген сөздердің мағынасын
біздің кіріспе, таныстыру, жетектеме деген сөздеріміз толық
түсіндіретін болса, дəйектеме, бет ашар деп бет беттеріне
тіл шығарып атау жасап орыстың бір сөзіне қазақтың бар-
лық сөздерін жабыстырудың не қажеті бар. Жоқ, бет-бет-
теріне атау тауып қолданғанды мəз көреме? Əйтпесе, тілдің
бағынасын жойып бұзуды қызық көреме? Тілді түзеп, елді
жолға саламын деп, кітап жазып жүрген азаматтардың бұла-
ры не? Бұлар бүйтіп жүргенде, кейінгілер мен қара халық
не қылмақ. Сондықтан кітап жазған азаматтарға айтатұн сөз:
білім кемесиесінің қолданған атауларын қолданулары керек.
Тілді бұзуға тырысбай түзеуге керек.
Бекен ұлы