312
313
Парсының
бей-ден басқа да сөзі көб, оларды алмай,
«бей»-ді алыуында да бір негіз бар.
Енді «сыз» бен «бей»-ді бір сөздің алдына да, артына да
тіркеб көрейік. Не болыб шығар екен. Мəсалан
, бейшара,
бейбақ, байтараб деген сөздерге «сыз»-ды тіркеб, шарасыз,
бақытсыз, тарабсыз дейік. Бұрынғы мағына аңғарылады ма,
аңғарылған жоқ.
Бейшара деген сөз
шарасыз деген сөзге үш
қайнаса сорпасы қосылмайды.
Бейшара деп күнін көре алмай
жүрген қайыршыны айтады, болмаса, аузынан сөзі түсейін
деб тұрған жұуас кісіні де айтады; олай болса, «сыз» түкке
тұрмайды, «бей»-дің орнына өмірде де жүре алмайды.
Екінші сөзі бейбақ. Мұның түбірі бақ. Бұған «сыз» деген
жұрнақты қоссақ, бақсыз болады. Тағы бұрынғы мағынасы
шықбайды. Балқай
сыз деген жұрнақтың алдынан
т де-
ген əрібті қосыб,
тысыз деген жұрнақ шығарыб алыбты.
Мұндай жұрнақты өмірімізде естігеніміз жоқ. Егер сыз-дың
өзін қосыб айтсақ
, бейбақты бақсыз, бейбітшілікті шіліксіз
деб оқыймыз. Онда тібті сөз болмайды.
Менің қорытыб келгенде айтатұным: бей, шақ, на, не деген
түймедей жұрнақтардан қорыққанша түйедей,
маслыйқат,
қақыйқат, ақыйқат деген сөздерден қорқуымыз керек.
Оның орнына
Кеңес, шындық, растық деб өзіміздің сөзді
алуымыз керек.
Мұндай сөздер байағы Міржақыбтың «Бақытсыз Жама-
лында» жазылғандай осы күні Мұстапаның жазыб жүрген
сындарында көб ұшырайды.
Есен-ғалый
Достарыңызбен бөлісу: