-шылдық пен -шылық деген жалғауды шатастыр-
мау керек. -шылық орыстың кекесін, төмендетуді көр-
сететін (-щина) деген жалғауына келеді: киргизовщина – қазақшылық, деревенщина – наданшылық, қазақшылық, об- ломовщина – обломовшылық, азиатовщина – азиашылық; қазақ тілін зерттеген Мелиоранский, Ильминский, казах-
ская переводческая комиссия, Байтұрсынов... бəрі де -шыл, -шылдық жалғауларын бір нəрсеге ықыласын аударып, жо-
лына түсуді көрсетеді.
24. Ауропа тілінде кісінің өнері мен кəсібін көрсететін
-граф, -лог жалғаулары фотограф, метеоролог, тюрколог, филолог орнына қазақша шы/-ші жалғауы жазылсын, мы-
сал: суретші, жерші, есепші, түрікші, тілші. Ауропадан қазақшаға аудармай сөз алғанда, -шы түбірге
тіке жалғанады, мысал: технолог – техникші. Аяғына орыстың сын есім жалғауы құралған:
25.
со- циальный, технический, электрический... сияқты ауропа
сөздерінің тек тұқылы жазылсын, мысал: сосиал тұрмысы, технике құралы, электр күші. Қазақ тілінде сын есімнің өзіне арнаулы жалғауы жоқ. Сын
есімнің қасындағы сөзге қарай мағынасы болады. Тас үй, орыс
малы, қағаз ақша дегенде сын есімде жалғау жалғамаймыз,
шет елден де сын есімде осылай алуымыз керек.
Ауропа сөздерінің аяғындағы дауыссыз дыбыстар (
26.