Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет16/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ЕМЛЕ КЕҢЕСІНІҢ ҚОРТЫНДЫСЫ
Арап  əліппесі  кезінде  емлеміз  кемшіліксіз  сияқты  көрі-
нетін. Ол арап əліппесінің кемшілігінен екен: арап əліппесі 
тіліміздің көр қасиеттерін бүркеп байқатпайды екен; əсіресе 
сөздің түбірі жалғау-жұрнақтары мен қалай қосылып жазы-


26
27
луын айру қиын екен. Жаңа əліппеге көшкен соң бұрынғы 
емлеміздің көп кемшілігі айқындалды.
Былтыр өткен латыншылардың тұңғыш кəнперенсесінде 
емле  əңгіме  болды,  шешуі  білім  ордасы  мен  кіндік  жаңа 
əліп  кəмитетіне  тапсырылды.  Былтыр  күзден  емле  жайын-
да гəзет-жорнал бетінде айтыс болды; өкріктерде жыйылыс 
болып пікір қорытылды, Самойлович, Шобан-зада Иудақын 
сияқты түрік тілі мамандарының пікірі алынды.
Білім кеңесі құрған кемесие сол пікірлерді қорытып, тезіс 
жасап «е. қ» гəзетінде жарыйалады.
Үйен  айының 2 – 4 жаңасында  Қызыл  ордада  емле  ке-
ңесі  өтті.  Қазақты  тіл  мамандарынан  басқа,  кеңеске  арнап 
орыстың  бір  қатар  тіл  мамандары  мен  түрікші  білгіштері 
де шақырылды. Ленінграттан Иудақын, Мəскеуден Полиу-
анп,  Тəшкенттен  Унсеттел,  Шмит  сықылды  орыстың  оқы-
мыстары келді. 
Сол кеңестің қабыл алған емлесін «Жаңа мектептің» осы 
нөмірінде жариялап отырмыз.
Емлемізде қандай өзгеріс болды?
Əуелі  емлеміздің  негізі  анықталды,  бұрын  емлеміз  ды-
быс жүйелі деген мен де басқа белгілер көп араласатын еді. 
Мəселен басқа сөз бен салыстырып барып дүдəмал жерлерді 
жазуші едік, мысал: «Оқу-оқу», бұған қарай «жаз» – «жазу». 
Бір  дыбыс  анық  естілсе  де,  өзгерген  күйіне  қарай  басқа 
əріпті  жазушы  едік,  мысал: «сап»  естілсе  де  «саб»  жазу 
сияқты.  Осындай  айнымал  негіздер  тез  сауаттануға  бір  аз 
кедергі болатын. Енді емлеміз негізі тек дыбыс жүйесі бол-
ды: сөз қалай естілсе солай жазылады. Бұл тез сауаттануға 
көп жеңілдік келтіреді.
Онан  соң  қазақтың  төл  сөзі  мен  шеттен  кірген  жаңа 
кірешек сөздерге бір ақ түрлі емле ұсталады: шет сөздер де 
дыбыс жүйесі мен қазақ тілінің заңына көндіріліп жазыла-
тын болды. Бірақ орынсыз жерде шет сөз бұзылып жазыл-
майды.  Сөзді  «төл» «шет»  деп  айырмаған  да  ғана  қалың 
еңбекшілерге тез сауаттану, шет сөзді сіңіру оңай болмақшы. 
Орынсыз шет сөздің тұлғасын бұзбасақ басқа елдер тіліндегі 
ілім  терміндері  мен  пайдалану  жеңіл  болмақ.  Шет  сөздер 
емлесі ең қиын мəселенің бірі болса да, Кеңес шығыс тау-
ып, жоғарғы айтқан негізді қабылдады. Кеңесте үлкен тар-
тыс болғанда осы шет сөз емлесі. Кей бір жолдастар да шет 
сөзді  өзінше  бұлжытпай  жазу  керек  деген  ойға  бейімділік 
болыңқырады.  Бұл  жолды  ұстанғанда  қазақ  сөзінің,  жат 
сөздің  емлесі  деген  екі  емле  болып,  қалың  еңбекшілерге 
қиындық келер еді. Енді бір ағым шет сөзді адам танымастай 
өзгертіп  орынды – орынсыз  жерде  де  «қазақыландырып» 
жазу, мысалы «осмыс» ты «оспыс» деп, «косметике» ні «кос-
петык» деп жазу сияқты. Мұндай жазуды алсақ қазақ тілі мен 
шет тіл арасына керме құрған болар едік; көзге перде киіп, 
басқа ел тілін көргіміз келмеген болар еді. Сондықтан бұл 
ойды жақтаушы Елдес ұсынысына кеңес тегіс қарсы болды.
Емле  негізіне  дыбыс  жүйесін  бүркеніп  туыс  жүйесін 
салғысы  келген  Ақаң  пікірі  де  бүктемеде  қалды,  туыс 
жүйесін  алсақ  қалың  бұқараның  сауаттануына  кедергі  мо-
лайатын  болды,  қазақ  тілінің  өсуіне  бөгет  туратын  болды. 
Емленің  негізі  өзгерген  соң,  бұрынғы  жазуымыздың  көп 
жерлері  де  өзгерді.  Мəселен  бұрынғы  «саб,  қаб,  отырыб», 
жазылатын  сөздер  енді  естілуінше  «сап,  қап,  отырып»  жа-
зылады,  бұрын  түрліше  «оқыу,  қу,  келқу,  келеу»  жазыла-
тын  жерлер  есітілуінше  енді  «оқу,  қу,  келу,  күлеу»  болып 
жазылмақшы. Бұрын тұқымын қуалап «баратұн», «келетүн» 
сияқты  жазылатын  сөздер  енді  есқтілуінше  «баратын, 
келетін» жазылмақшы.
Кеңестің тағы бір кезге көрінерлік жұмысы қазақ тілінің 
келешегі мен санасқандық. Қазақ тілінде, басқа тілдерде де 
бір неше сөздер қосарланып ұстала жүреді де, ақырында бəрі 
бір екпінге, бір дыбыс заңына, бір етиомолоғы жүйесіне көне 
бастайды.  Бара-бара  бір  мағыналы  бір  сөз  болып  қосылып 
кетеді. Мысал: солай есте – сүйтсе; бұл күні – бүгін, бірақ 
кей  бір  сөздер  бір  мағыналы  ғана  болып  қалса  да,  дыбыс 
заңдары  жана  басқа  жағынан  қосылып  жетпеген.  Айтсе  де 
бара-бара  жымдасып  кетпекші,  иə  ашық  оңашаланбақшы. 
Мəселен: «еді» қысқарып «ді» болған, бірақ сонда да «еді» 
түрінде сақтаған. Бұлардың мұндай жетілмеген күйін көрсету 
үшін сызықша мен жазу керек: «Келген-ді, - барған-ды» бұл 


28
29
сызықшалар бөлекшелердің түп сөзге қосылып жетпегенін, 
əрі бас билігін жойып келе жатқанын көрсетеді. Тіл өсе келе 
бұл бөлімшелер басқалануға да, қосылуға да мүмкін.
Жаңа емле мен емле сөздігі шықпақ. Жаңа емле жайында 
орысша - қазақша кітап басылып шықпақ.
Жыйылыстың  тағы  бір  қазақ  тіліне  келтірген  пайдасы 
дыбыстарымызды  ілім  жолы  мен  жіктеп,  белгілі  заңдарын 
көрсеткендік. Сол заңдарға сүйеніп емле жасауымыз.
Жаңа  емле  дыбыстарымыздың  күшті  заңдарына  құрыл-
ған соң, үйренуі бұрынғыдан ана ғұрлым оңай. Əріптер мен 
танысқан  соң  аз  уақыт  ішінде  дұрыс  жазып – оқып  кетуге 
мүмкін.  Жаңа  емлеміздің  жұртшылық  жағынан,  мəдениет 
орнату жағынан маңызы осында.
Емлеміздің негізі дыбысымыздың еліктіру мен іріту заң-
дарына құрылып отыр. Еліктірудің бір түрі саналған үндестік 
заңы қазақ тілінде бірте-бірте құрып келеді. Қазақ тілінде де, 
басқа түрік тілдерінің көбінде де таңдай үндестігі сақталып, 
ерін  үндестігі  иə  мүлде  жойылған,  иə  жойылып  келеді. 
Сондықтан  кеңес  емле  негізіне  таңдай  үндестігін  алса  да 
ерін  үндестігін  алған  жоқ.  Бұл  да  тіліміздің  өсу  бағытын 
ескергендік.
Бұрын əр кім өз білімінше кез келген жерге «ы-і» əріптерін 
жаза  беретін  баспақанада  «ы-і»  жетпей  шатақтар  туатын. 
Аудара қарап, ақтара тексерген соң кеңес: екі буын арасын-
да  дауыссыз  екі  дыбыс  ұшырайтынын;  бір  буын  ішінде  де 
үнді  мен  үнсіз  дыбыстар  арасына  дауысты  дыбыс  салмай 
сыбай  тұратынын  ашты,  мысал: «қарт,  ұлт,  төрт»  сияқты. 
Сондықтан  анық  есітілмеген  жерде  бір  буында  сыбайлас 
үнді мен үнсіз арасына «ы-і» салып жазудың керегі болмай 
қалды. Бұл «ы-і» аз да болса кемуіне себеп.
Бұрынғы емлемізден жаңа емлеміздің басты айырмашы-
лықтары осылар:
Бізің тілімізде əзір шұүбарлық болмай келді. Сондықтан 
арасы 3000 шақырым  жердегі  қазақтар  бірін  бірі  бір  ауыл 
адамындай  түсініп  келді.  Емлеміз  тіліміздің  айқын  заң-
дарына құрылған соң, тіліміздің өткен өмірі, бұл күнгі күйі, 
келешегі  толық  еске  алынған  соң,  мұнан  бұлай  да  əдебиет 
тіліміз  қалық  тілінен  қашықтамайды  деп  сенеміз.  Тіліміз 
шұбарланып тармақтануға (диалекке бөлуге) жол ашылмай-
ды деп білеміз. Қалың еңбекшілер тез сауаттануына емлеміз 
оңтайлы  болды  деп  дамеленеміз.  Жаңа  мəдениет  орнатуға 
мұның мəні зор.
Əрине, мінсіз іс қылу қиын. Емлеміздің кемістігі де бол-
май қалмас. Оны тұрмыс көрсетер.
Күзге шейін жаңа емлені оқытушылар курстерінде, кəн-
перенселерінде толық үйрену керек. Осы күзден жаңа емле 
мектепте ұсталуы міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет