Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
г, ғ, д, ф, в, х-дан басқа) бұзылмай жазылсын, мысал: вольт, мекраскоп, телескоп.
Орысшада аяғы
27.
-ия-мен біткен буржуазия, инду-
стрия, акция... сияқты ауропа сөздерінің аяғы -а иə -ə (-е) жазылсын, мысал: буржуаза, индүстрə, аксə... Ауропадан кірген губерния, полиция, станция, канцеля- рия... сөздері халық тілінде гүбірнə, пəлисə, станса, кеңсе айтылады. Жаңадан кіртен сөздер де осыларға меңзелуі ке-
рек.
Орысшада аяғы
28.
-ий-ға біткен пролетарий, антиква- рий сияқты ауропа сөздерінің түбірі ғана алынып, орыстың
-ий деген жалғауы жазылмасын, мысал: пролетар, антикуə. Орысшада
29.
-тр-ға тынған театр, метр, литр сияқты
ауропа сөздерінің аяғы сол күйінде жазылсын, мысал: ти- атр, метр, литр.
Бұл сөздерде т мен р арасына басқа əріп қоюға орын жоқ.
Орысша-қазақша айтылуы бірдей, қазақ тек сəл жіңішкерек
айтады.
Ғылым, техника, химия сөздерінің
30.
-ум жалғаулары
сол күйінде жазылсын, мысал: колсиум, натриум. Түрік тілінде ежелден əйел мен еркекке бөлетін
31.
жалғаулар жоқ, болса да араб-парсыны еліктеп кірген
мұғаллима, мутауаллима... сияқты шет сөздер мұнан былай
мұғалым, муталим болып жазылсын. Керек болса, мұғалым қыз, мұғалым қатын деп қосылсын.
Азарбайжанда осылай алып отыр. Осы күні еркекті аза- мат, əйелді азаматша деп жазып жүргендікі де дұрыс
емес.
Біздің бұл ұсыныстарымыздың жаңылысы да болар. Бірақ
көбі дұрыс деп сенеміз. Дұрыстығына таласқандар болса,
əр ұсынысымызды мұнан да гөрі дəлелдеңкіреп жазармыз.
Қай жерінен қалай жаңылғанымызды көрсеткен азаматтың
толық дəлеліне əбден тоқтаймыз. Бірақ қалық аузындағы
(пұрлетариат, пыролетариат, пыролетарет... қып бір сөзді
жүз құбылтып жазатын сияқты газеттер тілі болмасын). Ды-
быс пен сөздерден келтірген дəлелдер күтеміз.
Телжан Шонанов