364
365
сұрауы керек. Қазағыстан кеңесінің жаңа алған білім атау-
ларын балалар ортасында күнделік жұмысына қатысатынын
тұтынып, балаларды соған дағдыландыру керек.
Егер ол білім атаулары (терминдері) айтуға лайықты
болмаса толық себебін айтып Қазағыстан білім кеңесінен
сұрағаны дұрыс. Бірақ бұл білім атауларын сынап, жүргіз-
генде мектеп өміріне жанаспайтын атауларға жоламау мақұл.
Оған шомбыса, қиынға соғады.
2 – Өзі болып балалар арқылы да тіл туралы қорыған пікірді,
сөзді елге жайа білуі керек, ол үшін əдейі науқан ашпай-ақ
қабырға газетін шығару, елге қат жазу, куəлік, біртекел жазып
беру сияқты жұмыстарды да ел ішіне таратып, сіңіре беру ке-
рек. Қара қалық мəнісіне түсіне алмайтын сөздер бар.
Мəселен төңкеріс мейрамдарының аттары: «Париж камму-
насы, октабыр мейрамы, бірінші май мейрамы, Қазағыстанның
аптаномия алған күндері, əр түрлі мекемелердің қазақша ат-
тары, əйел күндері үнемшілік ықтияты, коменес камсамол,
бұларға кандидат, шын мүше кесіпшілер одағы олардың
түрлері, пелшір, акушерке аграном – тағы осы сияқты қара
халыққа көп айтылатын сөздерді мектеп балалары болсын,
мұғалімнің өзі болсын үйретіп, жай мəнін түсіндіріп отыруы
керек.
Бұлардан басқа балаларға елдің тілін де тексерту керек.
Ол үшін мынадай тəртіп пен тексерген дұрыс болады.
Қай болыс екенін білу керек. Не себепті болыс аты
1-
солай қойылған егер болыс аты жердің аты мен аталса, (бо-
лыс аты жердің аты мен аталады ғой) ол қай жер.
Сол сияқты стансаның өз ауылдарының, жақын жердегі
қаланың, мектептерінің аттарын да білгені дұрыс. Бұлай білудің
біріншіден аймақ тану, аймағының атын білу болса, екіншіден
саяси мəнісі де бар. Мектеп Ленин атына ашылған екен. Бол-
маса бір көше Нариман атына қойылған екен. Десек, оны не
себепті олай атап қойғанын балаларға түсіндірілуі керек.
2 – Мектепке балалар əр жерден келеді. Бірінің жерін
бірі білмейді. Сондықтан əр баланың жерінде ағаш, тау
жақсы былақ, кен кəсіптері, көл тұзды көлдер құм, атақты
мола сияқты жердің аттарын əр бала білгенінше өзі жазып
олардың халыққа қандай пайдасы барлығын білгенінше
түсіндіру керек.
Бұлай еткенде балалардың өзі бір жағынан жұмыс істей-
ді. Екінші жағынан аймақ таниды. Білмеген, естімеген айма-
ғын біледі. Мəселен: бір болыс ортасында болыстық интер-
нат бар екен десек, ол интернатқа əр жерден балалар жи-
налады. Бір ауылынайдың қол астынан келген бала екінші
ауылынайдың жерінің атын тегіс білмейді. Соның үшін
бұлай ету мектепте өте керекті жұмыс.
3 – Төңкерістен кейін ел арасында жаңадан араласқан
сөз бар ма? Бар болса, оның себебі не? Мұны тексерсе саяси
мəні зор.
4 – Бір мектеп маңында айталытн сөз екінші жерде бас-
қаша айтыла ма, жоқ па? Бола қалса не себепті олай. Бұларды
да ескеріп балаларға таптырту керек.
5 – Жоғарғы класс балалары тұрған жерінің əдебиет жұр-
нағын жинап тексеру керек. Əдебиет жұрнағын тіл жағынан
да маңыз жағынан да тексеріп отыру тиіс. Мəселен, мақал,
жұмбақ, ертегі, өлең тағысын тағылар.
Сонда тілді бала дұрыс қолданып, дұрыс түсініп үйренеді.
Мұның елге де пайдасы болады.
Байтоғайұлы Балқай
Достарыңызбен бөлісу: