366
367
рек. Үйткені кітап жазушы кісі тегінде көп болмайды. Газет-
тер болса, күн сайын пəлен мыңнан шығып тарап тұрады.
Газетке неше түрлі адам жазады. Газеттің бір нөмірін алып
қарасаң да, онда кемінен 20-30 адамның жазған қат-қабары
басылып отырады. Оның бəрі тілге шебер адамдар бола
бермейді, бір азы бұтып-шатып, иə үйренген əдеті мен иə
өзгеге еліктеуі мен тілдің басын жарып, көзін шығарып жаза-
ды. Газеттер ондай адамдардың сөзін тілі үшін емес, қабары
үшін басады. Бірақ газет басқармаларының көбі ондай теріс,
осы сөздерді түзетпей, тезіне салмай, шикі күйінде жіберіп
қойады.
Газетке жұрт аса еліктегіш келеді. Əсіресе жазушы бо-
лудан дəмесі бар талапкер жастар еліктегіш болады. Олар
газетте жазылған сөзден үлгі алып, оң-терісін айырмай,
еліктеп кетеді. Мəселен, газетте біреу бір ірет «түсініс бере-
мін» деп жазса, содан кейін жұрттың көбі «түсініс береді
де» отырады. Тегінде «түсініс беремін» деу қата екенін тек-
сермегендіктен солай жазады. Біреу «некең заманы» деп бір
ірет жазған болса, кейінгілер «некелей» деп жазуға атасының
аты кететұндей «некең заманы», «кешегі некең тұсында» деп
отырғаны. Бұдан келер-кетер шамалы шығар, тек еліктеудің
күштілігін айтамын.
Газет тіліне еліктеу осындай күшті болғандықтан, басқар-
малар газетте басылған сөздерді шашау шығармай, бір сөзін
де тексермей, түзетпей жібермеуге тиіс. Байқап отырсаң
басқармалар бұл міндетін толық атқармайды. Көбінесе ба-
сылған мақаланың иə қабардың маңыз, мағана жағынан
тексереді де, тілінің кемшілігін байқамай иə ескермей жібере
береді.
Бір неше газеттен мисал көрсетейін.
1) «Жұмыскер тілінің» 87-інші санында «қазақ тілі кеңе-
йіп келеді» деген сөз басылды.
2) «Қазақ тілінің» 58-інші санында «гүбірнелік соттың
шығыс билігі» деген сөз басылыпты. Шығыс билігі дегені –
Выезная сессия.
3) «Кедей тілінің» 122-інші санында «бұл айтылғандарды
ғамал жүзінде беріктіріп алып қалу» дейді.
4) «Қызыл тұу» дың 124-інші санында «мінеки қайда
жинақсыздық», 126-інші санында «жыртындыңды зəлі қып
ұстаудың амалын жаса» деген сөздер басылған.
5) «Кедей»дің 42-інші санында «Қызыл тəртіпкер» деген
сөзге кездестім.
6) «Еңбекші қазақтың» 233-інші санында «тұуған бала-
сының қағылуға еркі жоқ» деген сөз бар.
7) «Жас қайрат» газетінің 54-інші санында «онда зайра емес
ед бойға өнген» деген сөз мəжиттің өлеңінен көрініп отыр.
Міне мұндай ерсі сөздер қай газеттен болсада кезде-
се береді. Сондықтан бұдан былай газеттеріміз тіл жағына
көңіл бөліңкіресе екен.
Тіл мен қатар бір ескеретұн нəрсе – еміле, жұрттың көбі
емілеге шорқақ ғой. Жанада ол шорқақтардың бəрі бірдей
емілені мектептен үйренуге «бұуындары қатаңқырап» кет-
кен. Тек газет, кітаптардан ғана көздері үйрену мен біле
алады. Сондықтан газеттің емлесінде қайау болмасқа тиіс.
Осы кезде газеттің бір нөміріндегі бір сөздің өзі 2 – 3 түрлі
жазылады. Мұны оқыған шала сауаттылар адасып қалады,
қайсысы дұрыс екенін білмейді. Бұл жағы да ескерілсін.
Өте-мөте газеттің тілі оңды болсын.
Таймінер
Достарыңызбен бөлісу: