Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет155/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

БЫЛАЙ ҒОЙ 
(Жауапқа жауап) 
Ешбір жаңадан құрылған үкімет, менімше, тілді өзгерт-
пейді. «Жұмыскер», «жарлы», «кедей», «бай», «патса», «үкі-
мет», «нан», «ышкаб», «қалам», «соғыс» қысқасы, құрылған 
үкіметтің алдында қолданған үкіметтің тұсындағы сөйленіп 
жүрген сөздерді жаңа үкімет сол мағынасында ғана алады. 
Не  нəрсенің  болса  да,  ішкі  мағынасы  өзгерсе  ғана  сырты 
өзгереді.  Патса  заманында  қазақ  «кедей»-ді  «кедей»  десе, 
енді кеңес үкіметінің тұсында: «олай деп неге айтасың» деу-
ге ешкімнің қақы жоқ. Бұл – жалпы жағы. 
Енді сөз ауысу жағына келейік. Қай ел болса да, көрші ел-
ден сөз ауыспай жүрмейді. Қазақтың «самауыр», «шəйнек», 
«шашке», «ыстақан», «мəшине», «доға», «қашыт» тағы сон-
дай сөздері – орыстікі. Мұны алудың ұят-шашы жоқ. Yйткені 
бұлар  қазақтың  өз  басынан  шықпаған,  өз  тұрмысында 
болмаған сөздері. Іреті келген жерде «орыс екен» деп жире-
ну «қарақұлақ қасқырдың шашы» дегенмен бірдей. 
«Ура»-ның  қайдан  шыққанын  тексермей-ақ  қояйық. 
Ақаңша  орыс  ұраны-ақ  болсын.  Əйткенмен,  орыстың  ата-
сы  «ура»  емес,  орыс  қой.  Атасы  орыс  бола  тұра,  орыс  елі 
ұранынан  «орыс»  демей, «ура»  деген,  менімше,  былай 
болу  керек.  Қуаныштың  да,  қайғының  да  өзінше  сыртқа 
сездіретін  белгілері  болады. «уе», «а», «ым», «ие», «ай» 
дегендер  сөзге  жатпайтын,  жан  сезімнің  белгілері. «Ура» 
да осындай белгінің бірі ғой деп түсінем. Мəселенің тетігі 
«ура» мен «алашта» емес, осы екеуінің қайсысы ұлтшылдық 
əсер беріп, ұлт қанын қыздыруында. Орыс ұлтының қанын, 
орысшылдығын  «ура»  деп  жүрген  орыстың  екі  ұлтшылы 
бірін-бірі  шаппайды,  атпайды. «Ура»  деп  жүрген  екі  орыс 
бірін-бірі  атады,  шабады.  Орыстың  ақтары  орысша  «ата-
мын»  деген  сөзді  «стреляю»  десе,  қызылдары  да  солай 
дейді.  Орыстың  «ура», «стреляю», «кушаю»  деген  сөздері 
ұлтшылдығына жатпайтын, істейтін істерінің белгілері. Олай 
болса, «ура» орыс сөзі болғанымен, орыстың ұлтшылдығын 
білдіретін  белгісіне  жатпайды. «Алаш»  алдымен  қазақты, 
қазақ ұлтын еске түсіреді. «Алаш» деген сөзден «мен алаш-
пын, сен орыссың, анау қалмақ, мынау жебірей» деген сөздің 
иісі аңқиды. Шынында, «Алаш» деген сөз дүниеге шыққан 
күннен бастап күні бүгінге шейін «біз алашпыз, анау бөтен 
кісі»  деген  мағына  келе  жатыр.  Бұған  қосымша  ол  соңғы 
кезде байшылдардың ұраны болды. Қазақтың ұлтшылдары 
«қазақты Алаш туының астына жиямыз деді». 
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз
      Сұлтанмақмұт
Бөлшебек болғандардың мойнына
алаштың қыл арқанын салу керек
         Сарыарқа
Ал, орыстың байшылдары: 
«Ура туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз» деген жоқ. «Ураның қыл арқа-
нын бөлшектердің мойнына саламыз» – деген жоқ. «Алаш» 
ұлт туын тікті, «ура» ұлт туын тіккен жоқ. 
Міне,  бұлай  болған  күнде  «ура»  мен  «алаш»-тың  ішкі 
мағынасы  да,  саяси  маңызы  да  екі  бөлек.  Сондықтан  не 
«ура»-ға  қазақша  сəйкес  белгі  табу  керек  еді  де,  болмаса, 
соның  өзін  ғана  алу  керек  еді. Yйткені  «самовар»-ды  «са-
мауыр» деп алғаннан қазақтың қазақтығының қылшығы да 
сынған жоқ. «Ура» деуден сынатын қылшық шамалы еді. 
Ұлт  мəдениетін  көменес  партиясы  қалай  айтып  отырға-
нына Ақаң жанаспаса да жарайды. Көменес партиясы «Крас-
ная армия» деген сөзді «Қызыл əскер» деп алғанға ұрыспайды, 
бірақ  «алаш  əскер»  дегізбейді. «Красный»  дегенді  «қызыл» 
деп алу ұлтшылдыққа жатпайды. Yйткені қазақша мағынасы 
сол. Ақаңша оны «алаш» деудің де оқасы жоқ қой! 
«Қазақтың жігіттеріне «Алаш» деп өз атын тақпай, «Қы-
зыл» дегенді қайдан таптыңдар», – деп Ақаң қалай айта ала-
ды. «Қызыл» – бір  ауыз  сөз  де, «Алаш» – ұлт  ұраны  емес 
пе? Қызыл əскер алаштан жиылғанымен, ол ұлтшылдыққа, 
байшылдыққа  қарсы  құрылды  əскер  емес  пе? «Ура»-ны 


398
399
«алаш» деу ұлт мəдениетінің пролетариатша болғаны емес. 
Мұның  аты  ұлт  мəдениетінің  ұлтша  болғаны.  Сондықтан 
Ақаңа партияның саясатын бұл арада қолданбаса да болады. 
Сəбит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет