Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет154/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

СƏБИТКЕ ЖАУАП 
«Еңбекші қазақтың» №15 нөмірінде «Əскерлік атауларын-
да» орыс ұраны ура орнына қазақ ұраны «алаш» алынғанын 
жаратпай, Сəбит бірталай сөз қылыпты. 
Сəбит  сияқты  түйрерлік,  шаншарлық  өткір  қалам  бізде 
қайдан болсын. Сондықтан сөзді көбейтпей, турасынан дау-
лы мəселеге түсейік. 
Қазақ əскеріне «алаш» ұранын қолдануға қолайсыз көрін-
гендегі  Сəбиттің  келтіретін  дəлелі  мынау: «Ертең  соғыс 
бола  қалып,  Алаш  орда  бас  көтерсе,  біз  «ураның»  орнына 
«Алаш» деп шабамыз ба? Алда, масқара-ай! Ұят-ай!» – деп 
ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайды. 
«Алаш»  деп  шабу  Сəбитке  масқара  ұят  нəрсе  болып 
көрінетін себебі – «Алаш» қазақ ұраны болғанмен, ол соңғы 
кезде қазақтың байлары қолданған ұран емес пе еді? – дейді. 
Сүйтіп, жаратпағандағы бар болған дəлелдері осы. 
Енді  орыстың  «ура»  ұранына  келейік.  Оны  да  Сəбитше 
тексерейік.  Сəбитше  тексеру  үшін  Сəбитше  болжамға 
салайық  та,  сұрайық.  Ертең  соғыс  бола  қалып,  орыстың 
ақтары  басын  көтерсе,  оларға  қарсы  орыс  көменестері, 
қызыл  əскері  шапқанда, «ура»  орыс  байлары,  жанаралда-
ры,  патшалары,  солдаттары  тұтынған,  қолданған  ұран  еді 
деп  «ураны»  ұялап  айтпай  ма  екен?  Немесе  қазақтың  бай-
лары «Алаш» ұранын қолданған кезде орыс байлары «ура» 
ұранын қолданбады ма екен? 
Орыс  байлары,  патшалары  қолданған  «ураны»  айтуға 
орыс  көменестері  ұялмағанда,  қазақ  байлары  қолданған 
«алашты»  айтуға  ұялатын  мəнісі  немене  екен?  Əлде  «ура» 
орыстың байлары, ақтары қолданбайтын, тек қана жарлыла-
ры, қызылдары қолданатын интернационалдық ұран болған 
ба екен? 
Оны  Сəбит  білмесе,  біз  білмедік.  Сəбит  не  дейді?  Кө-
менес партиясы не дейді? «Ұлт мəдениетінің пормысы (қа-
лыбы)  ұлтша  болсын,  мазмұны  пролетариатша  болсын» 
дейді партия. Пормы деген нəрсенің тысқы қабығы сияқты 
жағы,  мазмұн  деген  ішкі  дəні,  маңызы  сияқты  жағы.  Пар-
тия қарауынша ұлт мəдениетіндегі істің мəні тысында емес, 
ішінде екендігі көрінеді. 
«Алаш» та, «ура» да – ұлт сөздері. Ұлт сөздері болған соң 
əрқайсысы өз ұлтындағы бай-жарлыға бірдей ортақ сөз бо-
лады. Yйткені ұлт болатын 10% бойы ғана емес, 90% жарлы 
мен орташасы. Бұл – бір. 
Екінші, сөз – тысқылық нəрсе. Тысқылық нəрсе екендігін 
«ураны»  қызылдар  да,  ақтар  да  бірдей  қолданатындығы 
көрсетеді. Жалғыз бұл сөз емес, басқа сөздер де көрсетеді. 
Мəселен, Сəбет, кемесер тағысын тағы сөздер. Сəбет атты 
мекемелер патша заманында да бар еді (Мемлекеттік Сəбет, 
Министрлер Сəбеті, қазақта хан ордасында депутат сəбеті 
бар еді). Кемесер атты лауазым пролетариат билеп отырған 
мемлекетте де бар. Солардың «Сəбет», «кемесер» деген ат-
тары ғана бірдей, заттары бірдей емес. Сөз тысқылық нəрсе 
болмай, ішкілік нəрсе болса, былай бола алмас еді. 
«Ертең  алаштаб  шапсақ,  Алаш  орда  болып  кетеміз»  де-
ген – түкке тұрмайтын, дəлелсіз сөз. Уралап шапқаннан орыс 
қызыл əскері ақтар солдаты болып шықпайтын болса, алаш-
тап шапқаннан Сəбит алаш орданың адамы болмайды. 
Пролетариатша  тəрбие  алған  қызыл  əскер  болсын,  Сəбит 
болсын,  уралап  шаба  ма,  алаштап  шаба  ма,  пролетариат  жа-
ғында  болады.  Егерде  байлар  да  олар  байларша  тəрбие  алса, 
уралап шаба ма, алаштап шаба ма, – байлар жағында болады. 
Олай  болса,  кеп  сөзде  емес,  тəрбиеде.  Партияның  ай-
тып  отырғаны  да  осы.  Осылай  болмаса,  əр  ұлтты  пролета-
риатша тəрбиелегенде, өз тілімен тəрбиелемей, бір-ақ тілде 
тəрбиелер еді ғой. 
Тіл демекші, бұ жағынан да Сəбит бірталай сөйлеген екен. 
Онысына айтатыным: Жат сөздерді басқалар, мəселен, оры-
стар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің 
де қақымыз бар деймін. Ақшасын адалдамай алып отыр де-
ген тағы жаласы бар екен. Оның адал-арамын жалғыз Сəбит 
емес, өзгелер де білетін шығар деп, онысына ештеме демей-
ақ қоямын. 
Ақымет


396
397


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет