388
389
ғы басқалар мен келісіп кесіпшілер одағының ғана жіберіп
отырғанын аңғартады…»
Оқып болып ожыранып бетіме қарады.
– Түсіндің бе?
– Жоқ.
– Енді мұны нендей сөз: дейміз?…
Сасайын дедім білем, желкені қасиын дедім.
– Міне, осындайларды «жынды сөз» деп айтады деді
Ақымет:
Үкімет қаншама күш, еңбекті сарып қылып, ел еңбекші-
лері оқып пайдалансын, ел еңбекшілерінің көзі ашыл-
сын деп баспа сөз шығарады. Сол баспасөз бетінде дүниа
жалшыларының қозғалысына байланысты телгірам мына
түрде аударылып елдің алдына тартылса, бұдан артық не
жындылық бар.
– Тоқта жолдас, бұл жерде сөзді айыптауға болама? Мұны
басқарып, қарап жіберетұн адамды айыптау керек қой.
– Басқарушыны айыптамақсын ғой.
– Иə.
– Газет жайынан түк қабарың жоқ екен ғой. Басқарушы
сөздің жалпы бағытын қарар болар. Газеттің əр бөлімінің бір
бір солақбандай басқарушылары болады. Сөзді дұрыстап
жазу, өз бөлімін ажарландыру, бөлім басқарушыларының
міндеті. Əйтпесе, бөлім бастықтарының жазуын газет басқа-
рушы жас балалардың тетіреті құсатып түзетіп сызғылап
отырса, ондай істен жеміс шығушы ма еді?!
– Бөлім бастығы болған мен, қасақана істемеген шығар,
білімнің таяздығы шығар, деп күмілжиін дедім.
Ақымет тағы ызаланды:
– Тағы қаталастың. Телгырамды дұрыс аудару үшін орыс
тілін жетік біліп, қазақ тіліне жазуға ыңғайы бар адам болу
керек. Əйтпесе, депломы бір құлаш болған мен түсінікті сөз
жазуы оңай емес, деді.
Мен жеңілдім. Шынында газеттегі жоғарғы сөздің жа-
зылуы өте ауыр. Ауыр емес ау, мың ірет оқысаң да түсінер
емессін. Тегінде бөлім басқарушысы зейінін басқа нəрсеге
жіберіп отырып, ат үстінен аудара салған болар деп қортынды
шығардым.
Тегінде сөз жазушылар «жынды сөз» ден аулақ болу ке-
рек ғой деймін.
Сен
Достарыңызбен бөлісу: