Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
АЛАШ-УРА! Естімеген елде көп. Білім иелері, сұлу тілдеріміздің талай
əдемі сөзін естіп жүрміз ғой. Сингармонизм шығып, көменес
«күмəн» бола жаздап барып қалды. «Интернационал» би ба- уырмал, бауырсыз болып барып қалды. Сингармонизмнің «е»
əрпі басымызды қатырып «кемесер», «кеметет», «кеперетіп»,
«кеменес» деген өңшең «ке»-лерден сүрініп жығылуға
айналдық. «Қадіс те осылай депті» деген молдалардың
жұмбағы сықылды, сингармонизмнің жұмбағына түсіп, күні
бүгінге шейін тіліміз сына жаздап жүр. Оның бəрінің оқасы
жоқ еді. Неге десеңіз, ол «термин» де. Қолақбандай білім
комиссиясының шығарған «заңы» да.
Заң – заң ғой. Бірақ заңның да заңы бар. Сингармонизм
деуге тіл сынса, терминдеріміз бара-бар жүректі сындыруға
айналды. Сеніп тізгін берген білім комиссиясы ауыздықты
тісімен жалғыз-ақ омырып, шадыр аттай басымен сүзді. Заң-
ның жөні осы деп «ура»-ны «алаш» деп аударды. «Алаш» –
қазақтың бір атасы дейді ғой. Ол қазақтың ұраны-ақ бол-
сыншы. Əйткенмен, соңғы кезде «алаш» қазақтың байының
ұраны болған жоқ па еді?!
Партия осы күні мамандарды сыйлайды. Сеніп іс береді,
сеніп істетеді, сеніп советский ақша береді. Партия ұра-
ны – міндетті ұран. Оны орындау - əрбір коммунистің міндеті.
Сондықтан маманға іс істетпеймін деп көлденеңдеген ком-
мунистікі қияңқылық екені рас. Коммунист маманға жол
беру керек. Бірақ маман алған ақшасын адал етіп, адал
дастарқанға арам тигізбеу керек. Сонда ғана шын маман
бола алады.
«Біздің Ақаң» (Ақмет Байтұрсынұлы) – тіліміздің мама-
ны. Ақаңды «Ақа» дегеннен басқа жазығымыз жоқ еді. Тілі-
мізді уыстап қолына беріп қойдық. Ақаң – білім комиссия-
сының мүшесі. Олай болса, кеңес білімін білім сықылды
білім қылып, жалпы бұқараның алдына ұсынуы керек еді.
Олай етудің Ақаңа түк обалы жоқ еді. Бірақ Ақаң маман-
дығын дұрыс атқармады. Неге? дейсіздер ғой. Былай: «Əс-
керлік атаулары» деген кітап шықты. Кітаптың сыртына:
«Бұл кітап білім комиссиясының қаулысымен алынды»
деп Ақаң мен Нұрым ұлының мүбəрак қойған қолдары бар.
«Ура»-ның «Алаш» болуы осы кітаптың ішінде. Ақаң алаш-
ты жақсы көретін шығар ғой. Аузы дағдыланып кеткен сөзі-
ақ шығар. Əйткенмен, советский ақшаны алып отырып, со-
ветский кітаптың ішіне «ура»-ны «алаш» деп аударуға Ақаң
үйренген дағдысын қолданбай-ақ қоюы керек еді. Yйткені
кітап Алаш орданікі емес, советский ғой. Ғаббас Нұрым-
ұлы – Алаш орданың сенімді жасының біреуі. Ол – жас жігіт,
жас жігітте қызулық, албырттық болмай қоя ма? Ғаббастікі
жастығы, қызулығы болсын. Ал 60-қа тақалып, байсалды
кісі болған Ақаң «ақсақалдікі» не? Ақаңның Алаш орданы
сүйетінін кім білмейді? Бірақ оны өзге жерде-ақ ретін та-
уып еткізіп, советский ақша беріп отырған советский кітапқа
енгізбей-ақ қоюы керек еді. Қасқырға: «қойды неге жейсің»
деп түлкі сұрау бергенде, «жемейін десем де, көзіме қызығып
кетеді», – деген екен деседі. Бұл сықылды Ақаңның əлде көзі
қызығып кетті ме екен?
«Бір сөзде сонша байланатын не тұр?» дейтіндер болар.
Бұл сөз біреу болса да, бірегей сөз. Жаман айтпай, жақсы
жоқ. Ертең соғыс бола қалып, Алаш орда бас көтерсе, біз
Алашордамен соғыссақ, шабуылға барғанда, Ақаңша «ура»-
ның орнына «Алаш» деп шабамыздағы. Алда, масқара-ай,
ұят-ай!
«Əскерлік атауларында»оңған термин шамалы. Соның
ішінде оңбағанның оңбағаны былай тұрсын, төңкеріске қар-
сылық (контреволюция) иісі аңқып тұрған – осы «Алаш».
Сəбит