Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет156/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ТЕРМИНДЕР ТУРАЛЫ
(айтыс ретінде)
Қазіргі күнде бұрынғыдай емес, қазақ əдебіиеті өсіб келеді. 
Бұрынғы  ертекшіл,  қиялшыл,  байшыл  жазушылардың  ор-
нын жыл сайын қазақтың табшыл жазушылары алыб келеді. 
Тұрмыс  ойды  билейтін  болса,  тұрмысқа  қарай  əдебиет  те 
өркендейді.  Бірақ  негізінде  əдебіиет  тілден  құралмайды. 
Тілге бай болыб, тіл сара болғанда əдебиетке көркем түсінікті 
болады.
Маркстің айтуынша «тіл теқнійке арқасында өседі» дейді. 
Қай жердің теқниійкесі алда болса, басқаға қарағанда тілге 
бай болыб мəдениеті де алда болады. Мəдениеті алда болған 
елдерден  көршілес  отырған  елдер  пайдаланыб  отырады. 
Бірінші – мəдениет жана əдебиетінен өрнек алса, екіншіден, 
жаңа тілін де алады. Тіл байлығы молайады. Бір жерде жаңа 
мəшине  істеліб  шықса,  сол  істеб  шығарған  елдің  бірінші 
қойған аты да ат болыб қалады. Ол мəшіинені сатыб алған 
ел сол атын атайды. Содан барыб тіл байлығы кіреді.
Ресейге  келген  құралдардың  аты  да  сол  істелген  жерінде 
қойылған  аты  мен  аталыб  жүр.  Мыйсалы:  термеметір, 
барометір,  телескоб,  мекрескоб,  телеграб,  телепон,  тырак-
тыр  тағы  басқалар  секілді.  Мұндайға  ешбір  ел  жаңадан  ат 
қойам деб əуреленбейді. Құралға қойылған ат бұзылмаған соң, 
ол құралды істеб шығаратұн мемлекеттердің аттарын өзгерту де 
керек емес еді. Бірақ Қазағыстанда олай болмай жүр. Жаңадан 
термен табылыб, мемлекет аттары да өзгеріб қалып жүр.
Жаңа  термен  алғандағы  бірінші  мақсатымыз – мемле-
кет  тілінің  ескісін  түзетіб  жетпеген  түбір  сөзін,  толтырыб 
тəртібті жолға салу. Артта қалған елге өз тілінде білім беру, 
осымен бірге басқа тілдегі пəндерді өз тілімізге аударғанда 
жетпеген  жеріне  тұрмысқа  қолайлы,  түсінікті  термендерді 
алыб білімге, əдебійетке жол ашу болмақ. Қазақ екі тілге ке-
дей, кебір пəн тіліне бізде атаулық жоқ. Оны қайтеміз?
Менің ойымша, қазақ тілінде аты бар сөздерді алу керек, 
аты жоқ нəрсеге ат табу керек деп күшенуді қою керек. Тарық 
жүзінде белгілі аты бар мемлекеттерді мисалы Сербій, Бел-
гие  деб  атағандай  болсақ,  Ійталійа,  Сербійа,  Белгійанің, 
аруағынан  қорқыб  атамады  ма  екен  деб  келешек  күлкі 
қылмай ма?
Келешек  жастарға  білім  бергенде  жер  жүзіндегі  мемле-
кеттің өз атымен таныстырмақ түгіл, мына қалыпта əріптеріне 
тілін келтірмей қоямыз ғой.
Жаңа терменде мемлекет атауын былай атайды: Сербій, 
Ійталій,  Пырансый,  Жапан,  Рұумыйн,  Кермен,  Бессарап, 
Ұланды, Белжі, Қылжы секілді.
Бұлай деб атауға зор себеб айағының иа-мен біткендігі. 
Менің  ойымша,  иа-ның  бізге  тіпті  ауырлығы  жоқ.  Қазақ 
ішіндегі  Ақмедійа,  Мұқамедійа,  Закарыйа,  Жақыйалардың 
йа-сын қайда қоямыз.
Атың ауыр деб қалай атамаймыз? Онан соң қазақ əйел-
дерінің аттары көбіне аяғы иа-мен бітеді. Мəсалан, Разыйа, 
Балқыйа,  Марыйа,  Зұлқыйа,  Жаныйа,  Нұрқыйа,  Анапыйа, 
Жанапыйа  деб  келеді.  Оның  да  құйрығын  кеспекпіз  бе? 
Осы əйтеуір атауға тілі келетін қазақтың Белгійа, Германійа, 
Ангілійа, Пырансыйа деб атауға тілі келмейді деген бекер сөз. 
Мына  қалыпта  келешекте  орысша  білім  алатұн  жастардың 
тілі оралымға келмей қалу қаупі да жоқ емес. 
Ал, енді мемлекеттің атын бұзғанда, мағынасы да бұзы-
лыб  отыратын  жерлері  бар.  Мəселен,  жапанда  жұмыскер 
қыймылы десек, біреу даладағы жұмыскерлерді айтады деб 
түсінуге мүмкін. Былжы деген сөзді біреу сазға батыб етігін 
былжитыпты деп түсінбей ме?
Жалғыз  мемлекет  аттары  ғана  емес  ау  кейбір  шəрдің 
аты,  болмаса  бір  атақты  адамның  аттарының  да  бұзылыб 
кетіб жүргендері бар. Ал енді кейбір кітап аударыушылар – 


400
401
Латұшін көр деб аударған кітабына ат қойыб жүр. Оның не 
екенін  түсінетін  кісі  жоқ.  Жай  шамалап  қарағанда  олар  да 
осындай шəр аты яки мемлекет аты болуға тиісті. Енді жал-
пы халыққа бірдей болыб жүрген терминдерді сөз қылайық: 
«Лениннің ұлт мəселесі тақырыбты сөздері» деген кітабтың 
айағында Кенже ұлының түзеткен көп термендері бар. Мұнда 
қате  сөздер  көп  табылады,  мыйсалы  ағылшынның  (ніжній 
палататөменгі палатасы деп айтарлық сөзді бұқарашыл 
парламан деп жазыпты. Бұл – бір қатасы. Абсалотійзім де-
ген  сөзді  абсалотшілік  депті.  Оны  ақпатсашылдық  десе, 
анарқый  дегенше  бассыздық  десе,  тағы  да  пасепес,  аннепс 
дегенше отаншылдық даң төлету десе, бела рос – беларос 
деп  орысша  алмай-ақ  қазақша  сөз  болғанда  ұлы  орыс,  ақ 
орыс  десе  қанша  айыбы  бар  осы  уақытқа  шейін  рыйаксійе 
деген  сөзді  қаратүнек  деген  бірталай  ұнамды  сөз  көрініп 
келе жатыр еді. Кенже ұлының ол сөзді өзгертіп рыйаксыйа 
деген қайталауықтық деп жазыпты. 
Орысша айағы зім-мен бітетін қайсыбір сөздер дұрыс ай-
тылып жүр. Капиталшылдық, маркісшылдық деген секілді.
Бірақ жалпы терменге, мемлекет аттарына келгенде əркім 
өзінше бір нəрсе тауыб алады. Айналыб келгенде ол секілді 
кемшілікті жоятын уақыт жеткен секілді. 
Бəрін  қорытқанда  айтатұным:  жоғарғы  көрсеткен 
дəлелдеріме  сүйеніп,  мемлекет,  шəр  аты  жəна  сын  атта-
рын алғанда бұзбай алу керек. Басқа термендерді қазақшаға 
аударалық  тіл  табылса  екі  орталыққа  қалдырмасын,  не 
қазақша  түгел  аударылып,  болмаса  өзінің  бұрынғы  толық 
күйінде қалсын.
Мұндай сөздерді бұзыб алсақ жастардың орысша оқуына 
жəне  орысша  сөйлеуіне  үлкен  кедергі  болмақ.  Онан  соң 
əрбір кітаб жазушылар өз көңіліне ұнаған бір атты қоя сал-
май мұнан былай мемлекеттің білім кемесесі түзу ат тауып 
берсін. 
Жаңа алынған əрбір термендер газет бетінде жарыйала-
нып отырылсын. Болмаса білім кемесиесі ұнатып қабылдаған 
термендерді ылайықтап болған кезде бір ірет белсенділердің 
алдына салыб қаратып өткізсін. 
Үнем мамандарды күтіб қана тұрмай жалпы жастар да өз 
пікірін айтарлық болсын. 
Бек ұлы Омар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет