Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет182/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Қат таныту жолдары
Құлақты сөйлемге, сөзге, буынға төселдіру
Біреулер қат танытуға бір жұмадан соң, біреулер екі жұ-
мадан соң кірісу керек дейді. Біз бір-екі күннен соң-ақ, сөй-
лемді,  сөзді  айырта  бастаған  жөн;  екінші  жұмадан  бастап 
жазуға түсу керек дейміз. Үйткені ел мектептерінің оқу күні 
аз,  бала  кеш  жиылады.  Жəне  мұғалімдердің  мағлұматы  да 
көңілдегідей болмай, алғашқы күндері бос өткізіп, балалар-
ды жалықтырып алама деп қорқамыз.
Қатты мейлің қай əдіс пен таныт, əуелі сөйлем, сөз буын 
не екенін ауыз екі айыртып алмай болмайды. Əуелі мынан-
дай бəр ереже айтайық:
а) Мақсұтқа оңай, жабайы жол мен жеткендей қып оқыт.
б)  Дерегің  (материялың)  баланың  білім  шарқына  дəл 
келсін.
п) Баланы құлшындырып, өзіне істеткендей, өзіне тапқыз-
ғандай қып оқыт.
Осы ережеге туры келетін не десеңіз – жұмбақ. Жұмбақтың 
əрі тілі көркем, əрі ойландырады, əрі қызықтырады. Сөйлем-
ді,  сөзді  айырту  үшін,  бір  неше  əдемі  жұмбақ  көрсетейік, 
мысал ғой.
1) Жылан бауырлы, бота тірсекті, ешкі мүйізді, құмырсқа 
ізді, құс қанатты (шешуі – шегіртке). 2) Қалың қамыс, құрақ 
қамыс,  жылтылдауық,  пысылдауық,  сылпылдауық  (шаш, 


478
479
қас,  көз,  мұрын,  ерін). 3) Ешкі  жетелеген,  есек  өңгерген, 
тиүйе  айдаған,  ит  мінген  (қоян). 4) Белең-белең,  белең  ат, 
белі қылдай күрең ат, таудан, тастан таймаған, тас жұмалап 
өлмеген  (құмырсқа). 5) тап-тап-тап  жорға,  табаны  жалпақ 
боз жорға, ажырық көрсең, тістеме, байтал көрсең, кісінеме, 
(су).
Алдын ала жұмбаққа бейімдеп, əңгіме айтып, сонан ке-
йін жұмбақты шешкізіп, жаттату керек. Сөйлеу, сөйлем де-
гендерді қоя тұрып, алды мен бір жұмбақтың ішінде неше 
сөз бар екенін білдірген дұрыс. Оның өзі де алғашқыда то-
сын, құрғақ оқу болмас үшін, ойын араластыра отырып, біліп 
қалғандай қылу керек.
Мысал: 2 інші жұмбақты үйретемізде, əуелі əр сөздің ара-
сына кідіріп айтып, неше сөз барлығын білдіреміз. Жеті сөз 
бар екен. Енді ойын жасаймыз.
Ойын  таппақыл  деген  болсын,  бір  баланы  зеребе  мен 
тысқа  шығарамыз.  Ол  кеткен  соң,  өзгелер  жұмбақтың  бір-
бір  сөзін  алып,  біреу – «қалың»,  біреу – «қамыс»,  біреу – 
«құрақ»,  бірі  «жылтылдауық»…  болады.  Бала  көп  болса, 
екеу,  үшеуі  бір  сөзге  мінгеседі.  Оны  ретіне  қарай  мұғалім 
шешер. Жұмбақтың сөзін балалар үлесіп алып болған соң, 
манағы  тысқа  жіберілген  бала  шақырылады.  Келсе – бəрі 
қол  ұстасып,  дөңгеленіп  жұмбақты  қосылып  айтып  жүр. 
Тыстан  келген  бала: – «Қамыс»  сен  бе?  Деп  бір  баланы 
көрсетеді. Тапса, барлық «қамыс» болған бала тұра қашады 
да, қарақшы қылған орынға барып отыра қалуға тырысады. 
Тапқан балаларды қарақшыға жеткізбей, бірін ұстап қалуға 
тырысады.  Ұсталған  бала  тысқа  шығады.  Ұстай  алмаса, 
əуелгі бала қайта шығарылады.
Таппақыл  ойнауға,  жұмбақ,  тақпақ,  мақал  болсын  жарай 
береді. Қосылып əндетіп айтарлық тақпақ, өлең болса, тіпті 
жақсы, тегінде əн салғызуға а- дегеннен-ақ үйрете беру ке-
рек.  Əн  көркемдік  сезімін,  оятып,  көңіл  көтергені  былай 
тұрсын, балаларды ұйымшылдыққа үйретеді, əннің (өлеңнің) 
ырғағына жаттықтырады. Шаршаса, тынықтырады, еңбекті 
өнімді қылады. Сондықтан балалар қалт етіп, оқудан босаған-
да, əн салғызуға дағды қылу керек.
Таппақыл  сияқты  ойынды  екі-үш  күндей  істеседе  жа-
райды. Əрине əр түрлі жұмбақ, тақпақ, мақал алу керек. Оқу 
үнемі ойынға айналмасын десек, мұғалім күндегі əңгімелерден 
бір  сөйлемді  алады  да,  неше  сөз  бар  екенін  бөлшектеп  ай-
тып,  тапқызады.  Немесе  сөйлемді  балаға  айтқызады,  немесе 
сөйлемнің жетпей тұрған сөзін тапқызады, сөйтіп, жүріп, бір 
неше сөз қосылып сөйлем болатынын білдіреді. Сөз бен сөй-
лемге  балалардың  құлағы  əбден  үйреніп,  бір  сөйлемде  неше 
сөз барлығын мүдірмей табатын болғанда, буынға көшу керек.
Бұған да əуелі баланың құлағын жаттықтыру керек. Мұ-
ғалім  екі-үш  сөз  келетін  бір  сөйлемді  алады  да,  неше  сөз 
барлығын айыртқан соң, əр сөзді буынға бөліп оқиды (əуелі 
бір  сөзді  солай  қылады).  Ерін  қимылына,  дауыс  үзілуіне 
қарап,  сөздің  неше  бөлімнен  құралғанын  сұрайды.  Немесе 
өзі  буындап  (бөлшектеп)  айтып,  балаға  тез  айтқызып,  сөз 
қып шығартады. Немесе бір сөздің буынын айтып, қалғанын 
балаларға тапқызады. Немесе бас буынды өзі ішінен айтып, 
екінші  буынды  дауыстап  айтып,  бас  буынды  тапқызады. 
Əйтпесе  сөзді  айтады  да  балаларға  бөлшектетеді  (буында-
тады).  Сөздің  бөлшектері  «буын»  деп  аталатынын  білдіру 
үшін, саусақтың буыны мен салыстырады.
Буынға құлақты əбден үйрету үшін, ойын істеуге де бола-
ды. Ойын-орамал тастамақ. Балалар алқа қотан отырғызыл-
сын, бір баланың қолында түйулі орамал болсын. Ол бала ора-
малды ана балаға тастап жатып, сөздің бас буынын атағанда, 
орамалды қағып алған бала қалған буындарын тапсын. Таба 
алмаса, не ұпай алынсын, не шетке шығарылсын, орамалды 
алып тапқан бала, екіншілерге сондай жұмбақ тапқызсын.
Табуға, мейлі екі, үш, төрт буынды сөз болсын – бəрі бір. 
Ондай көп буынды сөздің екінші буынын орамалды алғашқы 
алушы, үшінші буынын оның тастаған баласы, төнртінші бу-
ынды одан соңғы орамал алушы айтып, бала басы бір буын 
қосып отырып сөз қып шығарса, ол тіпті жақсы.
Мұндай  ойынды  бір  неше  күн  істесе,  əрі  қызықты,  əрі 
жаттығуға жақсы, ойынға мұғалім өзі араласу керек.
Алғашқы жұманың соңғы екі күні, екінші жұманың бас-
тапқы күні осы ойын, осы дағды істелген жөн.


480
481
Бұл айтылғандар дыбыс əдісіне де, тұтас сөз əдісіне де, 
сөз – буын əдісіне де керек.
Енді дыбыс айыртуды қоя тұрып, дыбыс əдісін сөз қыла-
йық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет