Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет183/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Дыбыс əдісі
Сөйлемді,  сөзді,  буынды  айыртып  болған  соң,  дыбыс 
əдісі мен оқытқанда, буынды дыбысқа бөледі.
Мысал: «ата» деген сөзді алады да «а-та» деп, екі буын 
екенін  тапқызды  ма,  енді  мұғалім: «т-а»  деп,  қиналып 
дыбысқа  бөлуге  тырысады.  Сөйтіп, «ты+а»  боп  естіледі. 
Осы  «ты+а»  ны  жылдам  айтқызып, «та»  қып  шығарады. 
Көпке дейін бала «ты+а» деп жүріп, мұғалім «жылдам айт» 
тың астына алып, зорлай берген соң, «та» деп көнеді.
Əйтпесе мұғалім сөзді алып, оны буындатпай ақ, салған-
нан  дыбыстан  бастайды.  Үйретпек  əрпі  «а»  екен.  Ауызды 
ашқызып  «а»  дегіземе,  сиырды  тоқтатқандағы  «а»  ны  айт-
қызама, -əйтеуір бір əңгімені қозғап, бейімдетіп, «а» ға келіп 
табан тірейді.
«а»  дегенде,  ауыз  қалай  ашылатынын  байқатып,  со-
дан  оның  таңбасын  тақтайға  салып  көрсетеді. – «а»  ның 
таңбасы  не  сияқты? –таяқ,  шырпы,  ине…  сияқты.  Енді  ол 
таңба баланың жадында қалу үшін түрлі машықтау істетеді. 
Кеспе  əліппедегі  «а»  ны  көрсетеді,  өзі  айтады,  балаларға 
айтқызады; балаларға бармағы мен «а» ның үстінен жүргіз-
діреді; дəптеріне, тақтайға жазғызады. Көп əріп ішінен «а» 
ны тапқызады. Əйтеуір ол таңбаға баланың көзін, құлағын, 
тілін, қолын жұмсап ұмытпастай қылады.
«Р»  таңбасын  үйретпек  болса,  иттің  ырылдағанын  сөз 
қылып  келіп,  аяғын  «р»  ға  сарқады. – таңбасы  мынадай 
имек, шана бас болады, -деп тақтайға жазып əлгі жұмысты 
тағы қайталайды.
Екі əріп білді ме? Енді екеуін қостырады. «а» ға «р» ды 
таяп  жазып,  не  кеспе  əліппеден  қатарлап  қойып,  оқытады. 
«а+ыр, а+ыр…» дей берсе, «тез оқы!» ның астына алып, бір 
жағынан өз ат салысып, əйтеуір «ар» қып шығарады. Осы жол 
мен «ара» «аре» қып оқытады, тапқызады, қатарлатады.
Осы рет пен араны, масаны, қоңызды, ұршықты, зырыл-
дауықты ызылдатып, əлде бірінің дауысына еліктеп, «з» ды 
үйретеміз. Əуелгі үйреткен екі əріпке əр түрде қосқызып, ай-
ырмасын тапқызып, ауызды байқатып, оны шегелейміз.
Осы рет пен соқаға өгіз қосып, «о» деп айдаймыз. Өзге 
дыбыстардың бүйтіп еліктеуге келгені келеді, келмегенін – 
мынау пəлен дыбыс, таңбасы мынау!-деп, көрсете жүріп қат 
танытамыз.
Дыбыс əдісі мен оқытқанда, бір есе сөзді бөлшектей ба-
рып, дыбыс, əріп қып тоқтаймыз; бір есе дыбыстан, əріптен 
буын құрап, буындарды қосып сөз қылып, ерсілі, қарсылы 
машықтату мен мақсұтқа жетеміз.
Сөйтіп  дыбыс  əдісі  мен  қат  танытқандағы  жұмыстың 
кезеңдері былай екен:
1. Əуелі бір сөйлемді, одан бір сөзді алып, оны буынға, 
буынды  дыбысқа  бөлшектетіп,  ауыз-екі  бір  жаттықтырып 
алады.
2. Содан кейін дыбыстарды қосқызып буын қып, буынды 
қосқызып сөз қып тағы төселдіреді.
3. Іріктеп, бөліп алған дыбысты əріп пен таңбалайды.
4. Əріптерді қосып, буын, сөз қып жаздырады.
Енді бұл əдістің жақсы жағын айтайық.
Жақсы жағы:
1) Салғаннан баланы дыбыс пен, əріп пен таныстырады. 
Сөздің  бөлшектене-бөлшектене  барып  тірелетін  түйірі  ды-
быс пен əріп қой. Оларды жақсы білген соң, сөз құрау оңай 
болады.
2) Өзге əдістерден гөрі дыбыс əдісі оңайырақ, мұғалімнің 
білімін шеберлігін аз талғайды.
3) Дыбыс əдісі көптен бері орын тепкен, қалыптанған əдіс. 
Бұл əдіс шыққалы 100 жылдан асты. Қазақ мектептерінде де 
бұл əдіс орнығып, салт боп қалды.
4)  Сөз  қалай  естілсе,  жазуы  да  солай  боп  жазылатын 
Италия  сияқты  жұрттарда  бұл  əдіс  қолайлы  болған.  Қазақ 
сөзінің дыбысы да көбіне естілуінше жазылады.
5) Бұл əдіс пен оқытқанда, əуелі сөздер, дыбыстан баста-
май ақ, салғаннан əріптен бастап, сонан соң барып, оның ды-


482
483
бысын үйретуге болады. Мəселен, Мантессори солай қылған. 
Бірақ, мұғалім біткенде Мантессоридың алғырлығы болмас. 
Сондықтан дəл бұлай етуден сақтану керек. Үйткені бұл тек 
Мантессори  сияқты  адам  қолында  дұрыс  ұсталады  (біздің 
кей бір мұғалімдарымыз əуелі əріптерді түгел үйретіп алып, 
сонан кейін қосқызып сөз қып үйретеді екен. Олай ету ең жа-
байы, ең оңбаған жол. «Əліп, би, жұм…» деп оқытатын, əріп 
құралатын ескі жолдан ондай əдістің мəз айырмасы жоқ).
6)  Кітап  оқуға  төселу  үшін, (дыбысты,  буынды)  қосып 
үйрену керек. «Оқу-қосуды тілейді, жазу бөлшектеуді (тал-
дауды) тілейді» (Бунакоп). «Сауатты адам сөзді тұтас түрінде 
көріп (əріпін қосып, сығалап жатпай ақ) бір жола таниды» 
деп ғалым мейман айтсада, сөзді тұтас түрінде тани кетудің 
өзі де əуелде қосып үйреніп, көзі қанғандықтан ғой.
Міне дыбыс əдісін жақтаушылардың дəлелдері, ол əдістің 
жақсы жақтары осы тəрізді.
Енді ол əдістің қолайсыз жақтарын көрсетіп, қарсы пікір-
лерді келтірейік.
1) Тіл деген нəрсе əуелде қалай пайда болғанын тексер-
сек, «Əуелгі  сөздер  дыбыс  жөнінен  өте  күрделі  болған» 
(Тамсон).  Адам  əуелі  жеке  дыбыстарды  айтып  жүріп,  со-
дан  барып  сөзге  көшкен  емес,  дыбыстарды  түйдегі  мен 
шығарып  сөйлеген.  Анығында  жас  баланың  алғашқы  был-
дырағы  «мама», «папа»  болса,  оны  бала  дыбысты  қоса 
білгендіктен, тілі шыққандықтан айтты деуге болама? Бала 
ернін ақырын қысып екі ашып дыбыстап еді – «мама» боп 
шықты,  қаттырақ  қысып  дыбыс  шығарып  еді – «папа»  де-
ген сөз болды. Мұнда дыбыс қосу жоқ. Ендеше, үлкен кісі 
де дыбыс қосып дағдыланғандықтан оқып кетеді деген сөз 
бекер, сөзді тұлғасынан танып оқиды.
Бала  «к»  дыбысын  барлық  қосылу  түрінде  (кəрі,  сəкі, 
əке, кім, күл, гүкə…) естіп, барлық түрінде таңбасын танып 
үйренсе, «к» ның барлық пернесі (суреті) көзіне елестейді, 
құлағына жатығады, ол дыбысты жекелей білгені. Ендеше, 
«оқу қосуды, жазу бөлшектеуді тілейді» деуде бекер.
«Сөзді оқи білу – ең құрдым өнер (ескі молдалардың көбі 
жаза білмейтін) барлық кеп жаза білуде. Тариқ жағынан, ой 
жағынан қарасақ та, жазу оқудан бұрын кеп отырады. Жаза 
білген оқи да біледі» (Пауылсон). 
2) Дыбыс əдісінің тағы бір кемшілігі: əр дыбыс жеке күйін-
де бір түрлі, əр сөздің ішінде екінші түрлі естіледі. Бізде жіңішке 
жуан сөздегі дауыссыздар солай əр түрлі боп естіледі. Ол түгілі 
ылғи  жуан  сөздердікі  дыбыстардың  да  естілуінде  азды-көпті 
айырма  бар. «Жол»  дегендегі  «ж»  тіл  үйіріп,  зылдаңқырап 
шықса, «жұт»  дегенде  шықылдап,  өткір  естілмей  ме?  Əуелі 
«əже»  мен  «жеке»  дегі  «ж»  дыбыстарында  түк  айырма  жоқ 
деп  айталамызба?  Олай  болса, «ыж»  деп  үйреткен  дыбысы-
мыз мəңгі өзгермейтін, қатып қалған дыбыс емес екен. Əр ды-
быстың өзгеруіне алды-артындағы дыбыстардың шарпуы тиіп 
отырады. Бұдан шығатын түйін: салғаннан əр дыбысты атап, 
айдар  тақпай,  ол  дыбыстың  түрлі  түрін  естіртіп,  көрсетіп, 
барлық қалпы мен тыныстыру керек екен.
3)  Тағы.  Дауыссыз  дыбыстар  еш  уақытта  жеке  түрінде 
таза  боп  айтылмайды.  Айтылмайтындықтан  олар  «Дауыс-
сыз»  деп  аталған.  Мəселен, «т»  дыбысын  «ыт»,  ты», «те» 
деп айтпасқа əддің жоқ. Жеке атаймын десең ақ, бір дауыс-
тыны жалғйсың. Балаға жеке, бір дыбыс деп үйреткенің шы-
нында екі дыбыс болады. Сол екі дыбысқа тағы бірді қосып 
(мəселен, «а» «ыт»  деп  үйреткенді  «ат»  дегізбек  боп),  екі 
дыбыс қып оқы дейсің. Үш дыбыс естіртіп алып, оны екі ды-
быс қып оқы дегеніміз зорлық емес пе? үшеу қып («а+ыт» 
деп) оқуға баланың пұрсаты (пұрабасы) барғой. Есептесек, 
бұл  түрі  емес.  Ендеше,  дыбыстан  буын  құрауда,  буынды 
дыбысқа бөлуде балаға ауыр тиеді екен.
4)  Салғаннан  сөздің  тұтас  түрін  көрсетпей  бір  түйірін 
(əрпін,  дыбысын)  алу  баланың  ой  жүйесіне  қайшы.  Бала 
тұтас, бүтін нəрседен ұғым алады. «Ат» деген ұғым аттың 
суреті  (пернесі)  мина  түгел  орнап,  пайда  болады. «ат»  де-
генде, бала аттың əр мүшесін (басын, аяғын, кеудесін, құй-
рығын)  бөлшектеп  есіне  түсірмейді,  пернелемейді.  Сөздің 
тұтас тұлғасын алмай түйірін алып үйрету аттың бір сира-
ғынан бастап пернелету мен бір есеп.
Жаңа сөзде мəн бар: сөз бірдеңенің аты, не сыны, не ісі боп 
келеді. Дыбыста мəн жоқ. Сөз жанды, дыбыс жансыз, өлі зат 


484
485
сияқты.  Баланың  табиғаты  жандыны  сүйеді. «Пəлен  деген 
дыбыс бар, оның əріпі мынау» деген- балаға құран сөзіндей, 
шұршыт тіліндей дерексіз нəрсе, кəзір өзіне түк пайдасы жоқ 
дыбысты, таяқты, шана басты… жантау неліктен оған парыз 
болды? Мұның аты дүре соғып, намаз оқытқан.
5) Дыбыс əдісі мен оқытқанда, керекті дерек (материял) 
балаға  қызықты,  күнбе  күнгі  сабақтан,  əңгімеден  тумай-
ды,  түк  қатысы  жоқ  «ар», «ара», «араз», «азар»  дан  баста-
лады. «ара»  жанды  нəрсе,  қатыстыруға  болсын  ақ,  ал  ана-
лар дерексіз ұғым ғой. Деректі затты ақ ал, сондада дыбы-
сын, əрпін шұқылап, бақайшағын шағам деп жүргенде, ана 
дүниеге; қалың орманға кіріп кетіп, малтығып қаласың, тым 
уақ, шұқыма нəрсе бас қатырады.
Соны  мен,  дыбыс  əдіс  бұл  күнде  тозығы  жетіп,  мысы 
шығып, өлетін кісідей беті əрі қарап барады. Оның орнына 
көк қанат, темір қанат балапандай, жаңа, өжет əдістер түйін 
салып, гүлденіп, өрбіп тарап келеді.
Дыбыс əдісін соны мен қоя тұрып, енді сол жаңа əдістерге 
көшейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет