486
487
келген қағазды алдырады. Кімнің аты шықса, соның қасына
тұрғызады. Нəрсенің аты шықса, нəрсеге жапсырады (сала-
ды). Бұйрық алғаны орындайды. Мұндай ойындар толып
жатыр.
Осының бəрінде бала жазу таңбаларын нəрсе мен, іс пен
байланыстырып, салыстырып жаттығады.
3. Кезең. Сөздің бəріне танысқан соң, олардың басын
қосып, қысқа сөйлем құратады. Ол сөйлемдерді балалар
дəптерінен сурет пен салады. Сөйлемдер белет қағазға жа-
зылады. Əр бала өз суреттеріне келетін белетті табады. Не-
месе сөйлем сөзге бөлшектеніп, жаңа жазулы тұтас сөйлемге
қарап отырып, сөйлем құрайды. Əуелі қарап, артынан жатқа
немесе балалар сөйлемді өз беті мен жасайды.
4. Кезең. Енді жазуға көшеді. Əуелі жазылған сөзді,
сөйлемді көшіреді. Əуелі қарап, соңынан жатқа, тақтайға
күнде бір неше сөйлем жазылып, көшіріліп тұрады. Бəрі
бірдей дəл жаза-алмаса, дəл болғанша, қайта-қайта жазғы-
зады. Күнде бір жаңа сөйлем қосылып отырылады.
Сөздерді əбден білген соң, оларды іріктеп, кесте жасай-
ды. Дауысты буыннан басталатын сөздер бірыңғай, дауыс-
сыздан басталатындар бірыңғай, бір бөлек іріктеліп, жа-
ңа үйретілген буындар қызыл қарындаш пен (сиямен),
бұрынғылар қара қарындаш пен жазылады. Оларды кесте-
ге орналастырып тізеді. Дауыссыздар қанша болса, кестенің
жолы да сонша болады. Балалар қалған сөздерінің суретін
салады, көшіреді, сөйлем əңгіме құрайды.
Содан кейін бір келкі дыбыстары бар сөздер іріктеліп,
əр бір жаңа сөз кестеге үлестіріліп, талдау жұмысы баста-
лады. Таныс сөйлемді сөзге, буынға бөлшектеп, олардан
қайта сөйлем құратады. Немесе тақтайға бір буын жазып,
ол буынды балалар алдында жатқан (кеспе əліппенден
құралған) буындардан іздеп табады. Содан ол буын келетін
сөздерді іздетеді, тапқызады. Қалаған буынды суырып алуға
жарағанда, баланың қолына кітап беріледі. Оған дейінгі
кітапы-күндегі істеп келген жұмысы.
Міне декрелі əдісінің негізі, кезеңдері, ісі осы сияқты. Біз
декірелі əдісінің түрлі тармақтарын салыстырып, əр бірінен
керегімізді алып, қазақ мектебіне қолайлы, оңайырақ деген
əдісті көрсетпекпіз. Ол əдісті «Сөз буын» əдісі деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: