Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет191/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Жат тіл үйренудің мақсаты.
Жат тіл үйренудің мақсаты үшеу:
1) Тіл ілімі үшін үйрену,
2) Тəрбие алу үшін үйрену,
3) Тұрмыстағы мұқтажын өтеу үшін үйрену.
Тілді  ілім  үшін  үйренетін  тіл  мамандары.  Олар  тілді 
үйреніп,  ол  тілдің  заңын  ашуға,  ол  тіл  мен  сөйлеген  елдің 
тариқын,  тұрмысын  білуге  тырысады.  Мəселен,  орыс  оқы-
мыстары түрік тілін зерттейді. Сол тіл арқылы түрік елдерінің 
өткен күндері мен, осы күнгі күйі мен танысады. Бұл күнгі 
қазақ тілін оқитын орыстың да, орыс тілін үйреніп жүрген 
қазақтың да мақсаты бұл емес.
Жат тілді тəрбие алу мақсаты мен үйрену мектепте бола-
ды; иə өз беті мен оқытушы алып оқығанда болады. Онда-
ғы  мақсат  бір  елдің  тілін  біліп,  сол  елдің  əдебиеті  мен, 
мəдениеті мен танысып, білімін кеңіту; сол елден жағысып 
білім алу. Қала берді тілдің өзі де пизик, математик сияқты 
адамның білімін арттырып тəрбие беруге себеп болады. Осы 
күні қазақтың бір қатар азаматтары неміс, ағылшын тілдерін 
үйреніп жүр. Қазақ балалары мектепте неміс тілін үйреніп 
жүр. Міне бұлардың мақсаты жат тілден тəрбие алу.
Тұрмыс мұқтажын өтеу үшін тіл үйренушілер – бір ел мен 
қоян қолтық араласып, сол тілде жазада, оқи да білу үшін бо-


528
529
лады. Осы күнгі орыстар қазақ тілін, қазақтар орыс тілін осы 
мақсат пен оқып жүр.
Мақсатына қарай жат тілдің үйрету əдістері де түрлі бо-
лады;  оқытатын  деректері  де  басқаша  болады.  Бізге  кере-
гі тұрмыстағы мұқтажды өтеу үшін тіл оқытудың əдістері, 
тұрмыс үшін жат тіл үйреткенде материал елдің өз тілінен, 
сөйленіп жүрген тілден алыну керек; қалықтың өткір сөздері, 
газет-жорнал материалдары, оқушының тұрмысында көп ұс-
талатын  сөздер  болу  керек.  Орыстарға  қазақ  тілін  үйрету-
дің пырағырамын білім ордасы бекітіп шығарған. Сондықтан 
пырағырам жайын сөз қылмаймыз. Тек əдіс жағын ғана көр-
сетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет