«П»- ның сыңары «б» болады
«Т»-ның сыңары «д» болады
«Ш»-ның сыңары «з» болады
«С»-ның сыңары «ш» болады
«Қ»-ның сыңары «ғ» болады
«К»-ның сыңары «г» болады
Міне осылай болған соң дыбыстарымызды дыбыс жүйе-
сінше жіктейміз десек: қатаң дыбыстардың «б»-дан бас-
қа алтауын бір тап қылу керек де; «б»-ны ымыралымен
ымырасыздарға қосып бұл алтауын бір тап қылу керек. «б»-
дан басқа қатаң 6 дыбысқа бұрынғы қатаң аты дəл келе-
ді; – бұл алтауының сыңары болып шығатын «б», «д», «з»,
36
37
«ж», «ғ», «г» – алтауына «ұяң» деген ат лайық. 1924 жылғы
сиезден бұрын бұлар өздері де (Ақаңның əуелде қойған аты
мен) «ұяң» делінетін еді. Бұл мақаланың мұнан былайғы
жерінде менің «ұяң» дегенім – осы алтауы болады. Бұл кезге
шейін ұяң атанып келген үш дыбысқа енді басқа ат қойып
алу керек. Ол үшеуі (ң, м, н) дауысының шамасына қарағанда
жарты дауысты төрт дыбысқа жақын. Сондықтан дыбыс
жүйесінше бұл жетеуі бір тап болып барлығы да жарты дау-
ысты атану керек. Бірақ бұлардың дыбыс жүйесі жағынан да
басқалығы бар: «к», «м», «н» үшеуін айтқанда оларға мұрын
қатысады; «р», «л», «у», «и» төртеуіне мұрын қатыспайды.
Сондықтан бұл жарты дауысты жетеуі өз ішінен екі бөліп,
мұрыннан шығатын үшеуін «ымырасыз» деп, қалған төртеуін
«ымыралы» деуге болады (бұл дыбыстардың «у» мен «и»
дан басқасына Ақаңның обаста қойған аты да осылай еді).
Сонда біздің дыбыстарымыз былай жіктелетін болады.
Дауысты
Жарты дауысты
Ұяң
Қатаң
Ымыра-
сыз
Ымыра-
лы
а о ұ е ы
ң н м
р у й л
б д з ж ғ г
п т с ш қ к
«Ымырасыз» деген ат сөз аяғында келмейтін дыбыстар-
дан да «ң», «м», «н»-үшеуіне лайық. Жалғау, жұрнақтардың,
демеу, жалғаулықтардың дыбыстың əр табына меншікті
түрлерін тексеріп, оның əр түрін басындағы дыбысы мен
көрсетсек, – оның кестесі мынадай болып шығады:
Дауысты
Жарты дауысты
Ұяң
Қатаң
Ымыра-
сыз
Ымыра-
лы
а о ұ е ы
ң м н
р у й л
б д з ж ғ г
п т с ш қ к
л
(лар, лы,
лық)
д
л
д
т
д
(дым,
дың, ды;
да, дағы)
д
д
(дан)
н
д
д
т
н
(ның)
н
н
(ны, нікі)
д
м
(мын,
мен)
м
м
(мыз, ма)
б
м
б
п
Бұл кестені ымырасыз «ң», «м» -, «н» – дарсыз жазсақ, –
мұның бəрін: дауысты дыбысқа «л», «д», «н» – үшеуінің
біреуі мен басталып жалғанатын жұрнақ, жалғаулардың
бəрі де: ұяң дыбысқа «д» мен басталып жалғанады да, қатаң
дыбысқа жалғанғанда «д» өзгеріп «т» болады: «л» мен бас-
талатын жалғау жұрнақтар («л»-дан басқа) жарты дауысты
дыбыстарғада сол күйінде жалғанады; жұрнақтар («л»-дан
басқа) жарты дауысты дыбыстарғада сол күйінде жалғанады;
«м»-мен басталатын жалғау, жұрнақ, демеулер жарты дауыс-
ты дыбысқа сол «м» мен басталған күйінде жалғанады да,
ұяң дыбыстарға жалғанғанда «м» өзгеріп «п» болады, қатаң
дыбысқа келгенде «б» өзгеріп «п» болады» – дер едік. Кес-
теге ымырасыз (ң, м, н) қосылған соң, – олардың жалғау,
жұрнақтарын былай түгендеп бір заңға келтіру қиын; дауыс-
ты дыбысқа «д» мен басталып жалғанатын жалғаулардың
«д» – ы ымырасыздарға келгенде кейде (етістік жіктеулері,
жатыс жалғаулар болғанда) «д» күйінде тұра береді де,
кейде (шығыс жалғау болғанда) «д» өзгеріп «н» болады;
екінші жағынан дауысты дыбыстың өзіне «н» мен баста-
лып жалғанатын жалғаулардың да бір сыпырасы (табыс
38
39
жалғау мен «нікі» жұрнағы) ымырасызға «д» мен басталып
жалғанады. Дауысты дыбысқа «м» мен басталып жалғанатын
жалғаулардың бір сыпырасы ымырасызға сол күйінде жал-
ғанады да, кейде «м» өзгеріп «б» болады. «ң», «м», «н» үше-
уінің бұл сырын «ымырасыздық» деуге дəл келеді.
Дұрысында ымырасыз дыбыстардың мұнысы заңға си-
майтын сыр емес, – бұл үш дыбыстың алдындағы дыбыстарға,
арасындағы дауысты дыбыстан аса барып, ықпалын тигізетін
болғанынан (басқа түріктердің «бұрын», «бың», «бен» сы-
қылды сөздерін қазақ «мұрын», «мың», «мен» дейді; «бұл»
деген сөзге ішінде «н» дыбысы бар жалғаулар жалғанғанда,
«бұл» деген сөздің басындағы «б»-ның өзгеріп «м» болаты-
ны, – «мұның», «мұны», «мұнан» болатыны да сонан).
Сөйтіп, ң, м, н – үшеуін былай, əуелі р, л, у, й – ларға қо-
сып жарты, дауысты деп алып, сонан кейін ң, м, н – ды ымы-
расыз деп, қалғанын ымыралы деп жіктесек: онымыз 1924
жылғы сиездің жолына да қайшы келмейді. «Ымырасыз» де-
ген атты, сөз аяғында келмейтін дыбыстарға қана арнағанан
да, – осы үш дыбысқа арнаған дұрыс: «о» мен «ұ» да сөз
аяғында келмейді; оларды «ымырасыз» демей, затына қарай
дауыстыға қосқан соң, бұл үш дыбысты да затына қарай өз
табына қосу керек.
«Б» ның ұяңға қосылғанынан аздап кемшілік болмақ:
«б» ға жалғанатын жалғау, жұрнақтар, – ұяңдікінен басқа, –
қатаң дыбыстардыкімен бір болады. Бірақ дұрысында бұл
кемшілік де «б» ның ұяңға қосылуының қата болғандығынан
емес. – Емлеміздің кемшілігінен; біздің емлемізше сөздің
аяғында «п» болып естілетін дыбыстардың бəрі де «б» бо-
лып жазылады; емлеміздің бұл кемшілігін түзетіп «б» мен
«п» – ны естілуінше жазатын болсақ, – «б» жалғау, жұрнақ
жағынан да ұяң дыбыстармен бір болады. 1924 жылғы сиез-
де мен ілім ордасы атынан жасаған баяндамамда «б» мен
«п» ның жазылуы естілуінше болсын – деп, оған бірталай дə-
лел келтіріп едім; сиезде менің ол дəлелдерім «й» мен «у»
жайынан болған айтыстың көлеңкесінде басылып қалды да, –
сиездің көпшілігі (емленің өзгерісі тым көбейіп кетпесін
деді ме) менің ол жобамды қабыл алмап еді. Бұл жерде ол
дəлелдерді қайта айтудың керегі жоқ, бірақ ол дəлелдерді
сиез қабылдамаған мен сиездің болар алдында ілім ордасы
қабыл көріп еді.
Қазақша дыбыстарды осы айтылған қалыпты қайта түзеп
жіктесек, оның дыбыс жүйесін тексергенде басқа жағынан да
көп жеңілдігі болады. Қазақ тілінің кабинеті кəзірде дыбыс
жүйесін тексеріп, сөз ішіндегі дыбыстардың біріне бірінің
қалай жалғасатынын тексеріп жатыр. Бұл жағынан дыбыс
жүйесінің қатаң дыбыс пен ұяң дыбыс тақырыпты заңын
айта кетуге болады (бұл заң туралы əзірге кабинеттің арнап
шығарған қаулысы жоқ, бірақ жақын арада оның жайынан
кабинетте баяндама жасалмақшы), қазақша сөздің ішінде
ұяң дыбыс пен қатаң дыбыс қатар тұра алмайды, – біреуі
ұяң біреуі қатаң болып жалғасқан екі дыбыстың не ұяңы
өзгеріп қатаң болады да, немесе қатаңы өзгеріп ұяң болады.
Қатаң дыбысты «қ» деп, ұяң дыбысты «ғ» деп белгілесек:
бұл заңды мынадай өрнекпен жазуға болады.
қ+ғ
ғ+ғ, қ
ғ
қ+қ, ғ
қ
ғ+қ
ғ+ғ, қ
ғ
қ+қ, ғ
қ
Бұл заңның дұрыстығына дəлел: «ат жабу», «Досжан»,
«қызсын», «көк дөнен», «ақ жаулық», «ақ бала» сықылды
қазақтың төл сөздеріндеде қатарынан тұрған ұяң мен
қатаң біреуі өзгеріп не екеуі де қатаң болады, не екеуі де
ұяң болады; бұл сөздер айтылғанда «ат шабу», «досшан»
«қыссын», «көг дөнен», «ағ жаулық», «ақ пала» болып айты-
лады. «іш» деген сөзге «неме» деген сөз қосылғанда, «неме»
нің басындағы «н» ұяң дыбысқа «д» болып жалғанбақ
да, қатаңға қосылғанда «д» өзгеріп «т» болмақ, əйтпесе
алдындағы қатаңды өзгертіп ұяң қылып шығармақ; сонымен
бұл сөз қосылып кейде «іштеме» делінеді де, кейде «іждеме»
делінеді; сол қалыпты орыстың Доктор деген сөзі қазақша
кейде «үлектір» («г» мен «т» екеуі де қатаң) болады да, кей-
де «доғдыр» болады.
40
41
«Б» -ны, ұяң демей, қатаң десек: тексеріле келе ашыла-
тын осы сықылды заңдардың бəріне де кесірі тиеді. «Əбден»,
«жабдаң», «абзел», «азбан» сықылды сөздердің ішіндегі
ұяң дыбыстардың «б» мен жалғанып отырғаны «б» ның
қатаң дыбыстардан заты басқа болған соң болған емлемізді
түзетіп, «б» мен «п» ны естілуінше жазатын болсақ: дыбыс
жүйесінің түрлі заңдарын тексеру үшін «б» ның ұяң табына
қосылғаны жақсы болады.
Елдес
Достарыңызбен бөлісу: |