Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет20/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ƏЛІББЕ МЕН ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Биылғы  Орынборда  болыб  өткен  білімпаздар  жиылысы 
қабылдаған қаулыларда осы сентябрдің  5-інде (мəжіліс про-
токолы №32) Қазақстан республикесінің кемесерлер кеңесі 
қараб мынадай қаулы шығарды:
«Қазақ  əліббесі  мен  қазақ  тің  жазу  ережесіне  осы  жыл 
үйеннің 10-18де Орынборда болған білімпаздардың бірінші 
жиылысы  кіргізген,  жана  да  соңынан  кіргізген 30-ыншы 
үйелде  оқу  кемесериетінің  алқасы  қолайлаған  өзгерту, 
толықтыруды бекітуге». 
Міне осы білімпаздар жиылысы өткенге үш ай болса да, 
əлі күнге шейін біздің басба сөздеріміз (газет, жорналдары-
мыз)  шығарылған  қаулыларды  жүзеге  асыруда  шабандық 
қылыб  келе  жатыр  еді.  Енді  ондай  ескертусіздікке  орын 
қалған  жоқ.  Басында  жиылысты  шақырушы  да  өкімет  еді, 
енді  болса  өкіметсол  жиылыстың  қаулыларын  аяқсыз  қал-
дырмай  бекітіб  де  отыр.  Сондықтан  білімпаздар  жиыны-
ның қаулыларын 10 – 15 адамның пікірі деб қараудан өтті. 
Енді ол қаулыларды өкімет қаулысы заң жолы мен бекіген 
қолдануға міндетті қаулы деб түсіну керек. Олай болса, бұ 
күннен бастап жаңа жазу ережелерін қолдана бастаб, толық 
жүзеге асыру бəрімізге міндет. 
Кей біреулер бұл күнге шейін білімпаздар жиылысының 
қаулысы  іске  асбайды  мыс  латын  жазуы  алынды  мыс  деб 
жүргенге ұқсайды. Ол бекер. Оның бекерлігі мынау өкімет 
қаулысынан  да  көрініб  отыр.  Алдағы  өмірге  байлаулы 
мəселелердің  бəрін  бірдеу  бір  күнде  шешіб  тастауға  бол-
майды. Кім біледі, бір заман латын жазуын да аламыз, кім 
біледі  −  жүдə  ойламаған  жерден  қытай  жазуын  да  алыб 
жіберерміз. Бірақ оның бəрі алдағы өмірдің жұмбағы, оған 
шейін  «кім  біледі»  дей  тұрыб,  əзіріне  өзіміз  біліб  отырған  
мына жазу ережелерін жүзеге асыралық; кел; сүйтелік; ендігі 
кешеулеудің түк орны жоқ. 
Мадиар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет