ҮЛГІ МЕКТЕПТЕРІ КЕРЕК
«Жаңа мектеп» жорналының 6-ыншы санынан бастап,
бірінші басқыш мектепке арнап, білім ордасының шығарған
проғырамы басылып келеді. Гус (Мамлекет білім кеңесі)
пыроғрамы қазақ мектебіне қарай ойыстырып жасалғандығы
көрінеді. Бұрын мұндай проғрам да жоқ еді. Жоқтан да бар
игі. Пыроғрам жүре-жүре жөнделер: мінелер, қырналар,
өзгертілер, сүйтіп, ұлт мектебіне қабысар. Тек келесі санда-
рында молырақ басылғанына тілеулеспіз.
Пыроғырам жасау болсын, оқыту, тəрбие жұмысы бол-
сын, нендей көпке керекті істің бəрі көпсіз, көмексіз, нау-
қансыз жақсы боп шықпақ емес, оңай, тез істелмек емес.
Осындай келелі, науқанды, көп пайдасы деген іске тым ша-
бан қимылдаймыз, жуырда селт етпейміз; одан-бұдан үн
қосып іле түре келмейміз (Қайтейік, мешеу қалған сазаймыз
шығар). Сондықтан басталған əңгіменің аяғы жерге тимей,
созалаңдайды да жүреді. Бұрын қазақ, Некелейдің төрелері
мен істес бола-бола: «Орыстың ісі басы таудай, аяғы қылдай
болатын» деп, дəнке қуат қылатын. Енді сол айтқаны өз басы-
мызға келіп отыр. Біреу əлде қандай дардай бір жұмысты
бастап, алғашқыда елді дүрліктірмек, серпілдірмек бола ма? –
адым жерге бармай, пыс-етіп сөнеді де қалады. Аяқтатып іс
қып шығару деген нəрсе бұйырмай барады. Алайда, азамат-
тардың дем алыстан қайтқан, тың тұяқ кезі ғой, əлде еті тірі,
əлде еріккен біреулер қарсы болсада, бірдеме дерме екен де-
ген үмқт пен бұл мəселені қозғап отырмыз.
548
549
Қош. Пыроғрам басылып жатыр. Қолына тисе, түртінегі
бар мұғалім елде оқып да жатқан болар. Бірақ осы пыро-
ғрамды қолданып осының ізі мен, комплекс жолы мен сабақ
беруші мұғалім мың таздан бір таз-ақ табылар. Көбі бес
сала, бес «Баған» ның не екенін де ұға алмай отырған болар.
Елдегі мұғалімдеріміз білімге, оқытуға шалағай; оған олар
жазықты емес. Мұғалім туралы ел аңызы не дейді?
– Игілік, қалай, балаң оқып жүрме?
– Деп сұрасаң:
Ойбой, қарағым-ай! қатқаны оқып жүр дейсіңбе? «Сабан-
ға келген қасқа сиыр» деген оқу болама? Екі жылдай бір қас-
қа сиырдан шыға алмай-ақ қойды… – дейді.
Баласының оқуына, мұғалімнің оқытуына жарымаған əке-
нің сөзі осы боп келеді. Бұл мысқыл үшін айтылсада, елдегі
оқуды мінездеуге жарайтын мысқыл. ГУС пыроғрамы мен,
бес сала мен «Қасқа сиыр» дың оқуын салыстырғанда ара-
мыз, Қырым мен Қытайдай болмаған мен, бір қыдыру жер
жатқаны ойға келеді.
Жуықтағы бір санында «Еңбекші қазақ» да Ысмағыл
жолдас Сырдария гүбірнесінен Қызыл ордаға оқуға мыңға
тарта бала келгенін жазып отыр. Жалаң қызыл орда емес,
қай қалаға болсада оқу іздеп келіп жатқан қазақ баласы
сеңдей соғылысады. Көбі не жөнді қат танымайтындар,
не мүлде сауатсыздар; əрине, оның көбі ересек балалар,
отау иесі жігқттер болып келеді. Əйтседе сонша қалаға
ағыл-тегіл шұбырудың бір себебі де елдегі мұғалімдердің
жартымсыздығы. Ел мұғалімдері жартымды болса, «Алыс-
тан арбалағанша, жақыннан дорбалағанды» теріс көрмес еді.
Ел мұғалімі түзелмей тұрып, бұл селебе қаптасқа да ем та-
былмайды. Не деген мектеп, не деген мемлекеттің қаржысы
шақ келер? Қайда сиғызарсын? Өңештеген мен болмайтын
əңгіме ғой.
Осы шалағай мұғалімдерді сарегей қылуға жылда көр-
сетерде ашылып, білімдерін толықтыруға қам қылынып жүр.
Ода тығын бола алмай жүр. Көрістердің уақыты аз, мезгілі
жаз, оқытушылары көңілдегідей болмайды. Жақсы маман
бармайды, дем алысқа кетеді; қысқасы қаржы қамдастырмақ
болған, некен-саяқ сандарама адамдар тек «Қызмет атқарып»
қайтады, жазғы ыстықта шаң қауып, быснап жүріп, апыл-
тұпыл бірдемені тыңдаған болады. Ол қанша қонымды білім
бола алады?
Пыроғрам басылып отыр. Өмірден тəжірибеден алынып
емес, кітепке сүйеніп қазақ тұрмысын долбарлап, сырттан
тон пішу мен жазылып отыр. Сыртқы түрі қазақ мектебіне
орайлы-ақ көрінеді, бірақ, кептің үлкені пыроғрамды қалайша
іске асыруда, оқытудың тəсіліде. Тəсіл, əдіс көрсетілмей,
соған əбден майыр боп, төселіп алмай тұрып, қандай мінсіз,
мүлтіксіз пыроғрам болсын, қағаз жүзінде қалады.
Өнегелі жұрт проғрамын да, оқыту əдісін де мектептердің
ісіне, тəжірибесіне сүйеп жасайды. Түрлі мектеп түрлі жол,
түрлі əдіс тұтынады; солардың оқу жолы баспаға айтысқа
түсіп, талқыланып жатады. Талай жылдар тəжірибе етіп,
талай сөздер, баяндамалар сөйленіп, кітаптар шығарылып,
сыннан өткеннен кейін, ең қолайлы, ең дұрыс, пайдалы əдіс
үстем болып жеңеді, көптің бетін өзіне бұрады, Сөйтіп топ-
тан торай бермей, озып шыққан əдіс – əдіс болады.
Бізде бұл болмай отыр. Біз мынау имектетілген Гус пыро-
ғрамы, мынау ең жақсы көмплекс əдісі, бұдан оңдысы жоқ,
осыны қолданатындар дегендей қылып отырмыз. «Ком-
плекс» пен қалай оқытуды білген жандар барма екен? əй,
кем шығар. «Комплекс» тің өзі де неше алуан. Лайдыкі барн,
дойдікі бар, өндірмесі, тəжірибелісі, аккорды… талабы то-
лып жатыр. Оның бəрін санағаннан түсетін түк білім жоқ.
Дұрысы: бір əдісті мақтай бермей түріп, ол əдіс пен əуелі
оқытып көру керек. Егжей-тегжейін, олпы-солпысын əбден
тексеру керек. Содан кейін ол əдіске қол қою керек.
Сондай оқытып көретін тəжірибе, үлгі мектептеріміз
болуға тиіс қой. Солар бізде барма? «Тəжірибе» деген атын
кейде естиміз. Бірақ қалай тəжірибе қылып, қалай оқытып
жатқанын білмейміз, дауда болса, дүмбілез оқытыс шығар
деп жоримыз. Үйткені жарыққа шыққан, талқыға салынған,
айтысқан, жарысқа дəнеңесі білінбейді, жым-жылас болған
соң-ақ, иректетіп, ботқыратып жатқандығы сезіліп тұр. Жа-
ман да болса, жарыққа салса, ода бір қанибет екен. «Тəжі-
550
551
рибе» мектептерімізде пəлендей кəнігі, ысылған. Жаңа əдіс-
ке икемді, орайлы оқытушылар жоқ болса керек. Жəй ғана
сабақ беріп, сағат өткізу емес, тəжірибе мектептері өнерден
өнер табу керек қой. Өнерін өзгеге жач керек қой. Ондай ша-
шылып жатқан өнерді көре-алмадық. Ендеше, бұл күйінде
тəжірибе мектептері оқыту жолында мардымды іс шығара
алмайды; білім ордасына дерек тауып бере-алмайды.
Тəжірибе мектептеріміз ондай болғанда, ел мұғалімдері
оның аржағында өздігінен іш деңе таба алмайды, оларға
қай түрлі əдіс болсада, соқырға таяқ ұстатқандай, қолына
ұстатып, көзіне көрсетіп, шайнап бермесе болмайды. Жаза-
ласа пырағырамдағы дерек (материял) дерді, ол дерек пен
қалай пайдаланып, қалай оқытуды айтып беру керек. Айда,
жұмада, күнде оқыталын сабақтардың тақырыбын, матери-
ял, əдісін көрсету керек, бір жол, бір əдіс емес, əр түрлісі
көрсетілу керек. Əйтпесе, томаға тұйық жөн сілтеуден пай-
да ала алмайды. Іске жанастыра алмайды. Əрине, мұнымыз
мұғалімді тым нөменшік санағандық, өз өнерін тұсағандық,
қол-аяғын байлағандық болып көрінер: көрінседе əзірше
мұны қылмай болмайды, білгендері ондай үлгіні қанағат
етіп отырмас, білмегендері лағып кетпей, салулы жол мен
жүретін болар (осы күнде білмейтіні көп деп есеп қылуға
болады ғой).
Ауыл мектептерін оңдау мұғалімнің оңды болуына бай-
лаулы, оны өңдеу үшін оқыту əдісін саралау керек. Саралау
үшін үлгі мектептерін ашу керек; не даяр мектептердің кей
бірін үлгі мектебіне айналдыру керек. Қайткенде аты емес,
заты да үлгі мектебі бола – алады? Алды мен, оқытушылары
келіскенде ол үлгі мектептерінде, жопшенді, тырнақанар
оқытушы емес, білімі, тəжірибесі толық, түрлі жаңа əдістер
мен таныс, не танысарлық, өз беті мен кітап жазарлық, өнер
шығарарлық, ортан қолдай оқытушылар болу керек, бұлар
пырағырамды, түрлі əдістерді жете зерттеп, ішіне сүңгіп,
арғы-бергісінен өту керек, басқа жұрттың үлгілі мектептерін
барып көріп, оқыту əдістері мен іс жүзінде танысу керек.
Жиған-терген білім қазынасын үлгі мектебіне салу керек.
Бұлар оқытқан сабағын, жолын, əдісін күндегісін күнде жа-
зып отырып, кітап қып шығару керек, міне осындай кітептер
оқу кемесеретінеде, мұғалімдерге де табылмайтын материял
болады.
Мұндай үлгі мектептері, менің ойымша, Қазағыстанда
көп болса үшеу, əйтпесе, екеу ашылса жарайды, бірі Қызыл-
ордада, енді бірі Семей, Ақмола гүбірнесінің бірінде үлгі
мектептері елдегі бастауыш мектептер кеиптес болу керек.
Үйткені үлгіні əуелі ел мұғаліміне, ел мектебіне көрсету жөн
деп ойлаймыз. Бара-бара екінші басқышқа айналса, ғажап
емес. Көп ашылмасын дейтінім: əлгідей үздік оқытушылар
табыла бермейді
-
бір, қаржы да бермейді екі (оқу құралы,
аспап, жал ақы жағынан қамсыз қылынбай болмайды).
Үлгі мектебіне ел мұғалімдері келіп, мектептің құрылысы
мен, тəртіиі ме, оқыту əдісі мен танысып кетіп отырса, тіпті
жақсы болар еді. Сиездерге барып, сөз тыңдап, қол көтеріп,
қаулы жасағаннан пайдасыз болмас еді. Жазды-күзді əр
гүбірне бір неше мұғалімді жіберіп алып отыруға болар еді.
Осы уақытта гүбірне сайын педтекникұм бар; Қызыл ор-
дада, Тəшкенде үнстет бар. Солардың оқушылар қай əдіс пен
оқытуға тоселіп шығып жатыр? Белгілі бір əдіске жетіліп
шығып жатыр деуге болмайды. Білім ордасының шығарған
пырағырамын қалай іске асыруды солар білеме екен? Бі-
лерлік жағдай барма? Не көріп, не істеп шығып жатыр?
Бұла мəлім емес. Міне, осы болашақ оқытушылардың жол
көруінеде əлгідей үлгі мектептері керек. Мисалы, өзім сон-
дай бір педтекникомде оқытушы екемін бқтіретін балаларға
гус пырағырамы мен қалай оқыту жайынан сабақ бермекші
екемін. Оны үйрету үшін, əуелі бастауыш мектепте гус
пырағырамы мен, комплекс жолы мен өзім жақсы оқыта
білуім керек-қой. Тəжірибесіз, былай оқытсаң, дұрыс болар
деп жоруым жөн бе? Жөн емес құр ойға жүгірткен мен бол-
майды; істеп, дұрыстығын көрсету керек көрсетейін десең,
үлгі мектебі жоқ.
Үлгі мектебі балаларының жасы бір келкі. Салғаннан
үлгілі мұғалім оқытқан, бір жолға қойылған мектеп болуға
тиіс. Əр мұғалім бір сүрғылап, бір олай, бірі бұлай үйретіп,
миы қата қылған балалар, тəрбиесі, тəртібі басқа балалар
үлгі мектепіне жарамаса керек.
552
553
Пырағырамдарды, бүгінгі түрлі əдістерді, елдегі мұғалім-
дерді салмақтап келгенде, менің келген қорытындым: үлгі
мектебі керек. Артық кемін міней беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |