50
51
бір кəнперенседе барлық пəн атауларын бір жолға сала
қою қиын. Сүйсе де кəнперенсе соған тура жол ашыб, жөн
көрсетуі керек. Онан соң білімпаздардың қабылдаған пəн
атаулары əр бұрышында қыстырылып жүрмей, 3 – 4 айда бір
кітап болып басылып шығуы керек. Кітабша шықпас бұрын
осы қалай деген сөздердің тізімі газет бетінде жарияланып,
жалпының пікірін сұрау керек.
Сүйтіп, сан сығалап, сыннан өткізіп барып «пəн атаула-
ры» деп қолға ұстатуымыз керек. Жəне көрінген жат сөзді
күйретіп қазақшалай бермей, қазақ тұрмысында жоқ пəн
сөздерін сол күйінше алу керек. Қазақ тұрмысына, сөзіне
дəл келетін пəн сөздрін əрине қазақшалап алу керек болады.
Екінші ескерілетін нəрсе – пəн сөздерін қарап, бақылап жа-
риялап тұратын орталық бір ұйым сайлануы тиіс. Бұрынғы
аталған пəн атауларындағы былықтарды шығарып тастау
керек. Осы сияқты шаралар істелгенде пəн атауын оқудағы
былықтардан құтыламыз.
Қысқасы, пəн атаулары бұрынғы қойыртпақ түрінен
шықсын, дұрыс білім беретін жолға түссін. Пəн атауларын
алу ісі 3 – 4 адамның еншісіне ғана тимей, көптің, жалпының
мүлкі болсын. Осылай еткенде пəн атаулары дұрыс жолға
қойылады.
Мамытұлы А.
Достарыңызбен бөлісу: