Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ЕМЛЕ ЖАЙЫНДА ҰСЫНЫС (Тəшкен өңіріндегі мұғалімдер канперенсесінің қаулысы)
Өткен ғынуар айының 23 – 25-інде Тəшкен өкірігінде
қазақ мұғалымдарының канперенсесі болды канперенседе
жазу емле мəселесі қаралды.
Канперенсе емле мəселесін қайта қарап, жазуды бір іретке
келтіруді, жаңа адымға жазу жөнінен де – жаңа жоба, ереже
қолдануды керек тапты. Сондықтан март айында болғалы
тұрған білімпаздар сиезіне, өздерінің қабылдаған жобасын
ұсынуды мақұл көрді.
Бұл ұсынып отырған мұғалымдар канперенсесінің жо-
басы жаңа əліпиі ыңғайына қарап жасалып отыр. Басқалар
қайтседе осы жобаны қабылдасын, деген ойдан аулақпыз,
көптің талқысына салу мақсаты мен ұсынып отырмыз.
Емле жайында канперенсенің ұсынысы мыналар:
1. Емле. Тілге, тілдің еркі мен өсіп өзгеруіне ықпалын
тигізбейтін болу керек. Сондықтан емленің негізі дыбыс
жүйесі болсын дейміз.
2. Тұтас сөз жеке күйінде естілгенінше жазылу керек де.
Жанындағы сөздің жалғас дыбысының ықпалы еленбеу ке-
рек («қара қазан», «қара өгіз», «көп адам» сықылды).
3. Сөз айағындағы «п» естілуінше «п» жазылуы керек
де, жалғасы «қ» мен «к»-ге ұстап тəуелденгендеде, дауыс-
ты дыбыс пен басталатын басқа жалғаулар жалғанғандада
өзгергенінше «п» жазылуы керек («қап»-»қабым», «көп –
«көбейді», «мектеп» – «мектебім» деген сиақты).
4. Бір неше түбір болып жіктелетін «бүгін», «таң ертең»,
«қолғап», «сонсын», «бірдеме», «төктеме» сықылды сөз-
дердің əр қайсысы тұтас бір сөз делініп, естілуінше тұтас
жазылсын.
5. Тіл құралдағы жалғаулар жалғау деліну керек де
«мен», «да», «ма», «қой», «қана», «ақ» сықылды жалғаулық,
демеулер түбірге қосылмай, сызықша (-) мен жазылу керек
жана ардағы сөздің ауанына қарай өзгергенінше жазылу
тиіс.
Ереуіл райдың жалғауы, деген «да», «де»лер демеу де-
лініп, тұқылдан бөлек жазылсын («Іздесем де таба алма-
дым», «құусамда жете алмадым» сиақты).
6. Дауысты дыбыс көмескі болғанда «-» орнына «-» ор-
нына «-» жазылады (жұрнақ «тын» осылай «ы» мен жазы-
лады).
7. Сүзбелі төрт дыбыс (с, ш, з, ж) жанындағы дыбыстың
ықпалы мен жазылмай, түбірінше жазылады («жұмысшы»,
«Досжан», «Есжан», «Түзші» болып).
8. Дауыссыз дыбыс пен басталатын жалғау, жұрнақтардың
түбір сөздің соңғы дыбысына тигізетін ықпалы еленбесін.
«Бүгіңгі» емес – «Бүгінгі», «намбады» емес – «нанбады» бо-
лып жазылсын.
Сөз-сөздің бəріне бірдей жалғана бермейтін жалқы
жұрнақтар қосылған сөздер түбір сөз есебінде естілуінше
жазылатын болсын («жонқа» болмай – «жоңқа», «күнге»,
болмай – «күңгей» болып жазылсын.
9. Əр жерде əр түрлі сөздер сұрыпталып, жалпы тілге
келетіні жазылсын.
10. Жер-жердің бəрінде (бір кісінің аузындада) түрінше
латын сөздердің түр-түрінің бəрі де жазыла берсін. Оның
біреуі таңдалып алынатын болмасын («барам», «барам»,
«барады», барат», «шықты», «іждеңе», «еш кім», «іш кім»,
сиақты).
11. Екінші жақ жіктеу естерінше «сың» болып, «ң» жа-
зылсын («сен қазақсың», сен исін» дегендей.) ал біреуге
бұйыра өзінде айтылғанда «сын» болып «н» жазылсын (айт-
пай отырсын», «и жазылсын» деген сиақты).
12. Бұрын сызықша мен (-) жазылатын «əлім-қан», «иірім-
жан», «əлі-бай», «темір-бай» сықылды ақылағыш қос сөздер
сызықша тұтас «əлімқан, иірімжан, əлібай, темірбай болып
жазылсын.
Жалпылағыш қос сөздер мен екі қайта айтылатын сөздер
бұрынғысынша сол (-) мен бөлек жазылсын («айақ-тар», «киім-
кешек», «төсек-орын», «бір-бірден» деген сөздер сиақты.
Тəшкен окірігінде мұғалымдар канперенсесінің алды-
мыздағы болып тұрған білімпаздар сиезіне емле қорындағы
48
49
ұсынылатыны осылар. Басқа оқушыларда өздерінің емле жа-
йындағы барыстарын жазса, емле жөніндегі талай мəселе-
лердің бір сыпырасы көп талқысымен шешілер еді.
Əлімбай ұлы Əбен