112
113
сөздер, жазылуы бірдей болып, бірінен бірін айыра тану
қиын болар еді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде
қ мен
к айнымалы ды-
быс аталады, – дауысты дыбыспен басталатұн жалғау,
жұрнақтар жалғанғанда, айнымалы дыбыс (алдындағы ды-
быс та дауысты болып) екі дауысты дыбыстың ортасына
түсетүн болса:
қ өзгеріп
ғ болады да,
к өзгеріб,
г болады.
Ондай сөздер (жалғау, жұрнақтар түгіл) дауысты дыбыспен
басталатұн бүтін сөздің алдында айтылғанда да: екі дауысты
дыбыстың ортасына түскен
қ бен
к өзгеріб,
ғ,
г болып айты-
лады: мəселен,
ақ деген сөзге
өгіз деген сөзді жалғап айтсақ,
ағ өгіз болады.
Қ бен
к сөз басында келіп алдынан дауысты
дыбыспен тынатұн екінші сөзге жалғана айтылғанда да со-
лай өзгереді: мəселен,
құлаш деген сөз
алтыға жалғанғанда,
басындағы
қ өзгеріп,
ғ болып айтылады, –
алты ғұлаш бо-
лады. Мұндайда сөздің шетіндегі
қ, к – ке əсер беретүн:
оған қосылып айтылатұн жалғау, жұрнақ емес, бөлек сөз,
сондықтан біздің жазу ережелеріміз ондай сыбайлас сөздің
ықпалымен болған өзгерісті қаттамайды.
Ағ өгіз, алты ғұлаш
сықылды сөздердегі айнымалы дыбыстарды да естілуінше
жаз демейді, əр сөздің дыбысын жеке күйінде естілген
қалыпты жазуға ұйғарады; сондықтан
ағ өгіз, алты ғұлаш
демейміз,
ақ өгіз, алты құлаш деп жазамыз.
Қазақ тілінде басқа түрік тілдерінен артықша ымыра
бар, қазақша сөздің дыбыстары бірі мен бірі ымыраласып
жалғанады. Бізде
қ, к –тердің айнымалы болып отырғаны
сол ымырадан. Қазақ тілінде екі дауысты дыбыстың орта-
сында айтылатұн
қ, к-тердің көбі-ақ, сол ымыраға бағынып,
өзгеріп кеткен. Ондай сөздердің өзгермей қалғандары да аз
емес. Ə
ке, бақа, бақан сықылды сөздерде көп, бірақ
аға, жаға
сықылды сөздеріміз де беріде өзгерген. Қырым татарының
ертегі-əңгімелерінде
аға деген сөз
ақ делінеді, мұндағы
ноғайлар,
жағаны иақа дейді. Бұл сөздердегі
қ-тардың
ғ бо-
лып өзгеруі қазақ тілінің ымырасынан болуға керек. Жазу
ережелері дұрыс болса, тілдің өзгеше қасиетін жасырмай,
көрсетіб отырады. Біздің жазу ережелерімізді бұл жағынан
тексергенде, мінсіз деуге де болады: жазу дыбыс жүйесінше
болған соң, тілдің өзіне меншікті қасиеттері айқын көрініп
отырады.
Айнымалы
қ мен
к-тің ережесі оп-оңай: сыбайлас тұрған
бөлек сөздердің жалғас дыбысы мен ымыраласып өзгергенде
ғана болмаса, жалғау, жұрнақтар қосылып өзгергенде,
қ,
Достарыңызбен бөлісу: