Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
к түбірінше жазылмайды, естілуінше жазылады. Қазақ емессін деген екі сөз қазақ-тың аяғындағы қ емлесіндегі
е-мен ымыраласып, ғ болып өзгереді.; ережемізше бұл
өзгеріс таңбаланбайды, қазақ жеке күйіндегідей аяғы қ-пен
жазылады. Қазағым деген бір сөз, оның аяғындағы ым бөлек сөз емес, жалғау, сондықтан мұны түбірінше қазақым демейміз, естілуінше қазағым деп жазамыз. Қазағыстан деген де бір сөз, мұның аяғындағы ыстан бөлек сөз емес,
жұрнақ (өз жұрнағымыз емес, жат жұрнақ екені рас, бірақ
біз оны өзіміздікі қылып алып отырмыз); сондықтан біз оны
естілуінше Қазағыстан деп жазуымыз керек. Оны осы күнгі
газет, журналдарымз көбіне Қазақыстан деп жазып жүр,
бұл қисынсыз, олай жазу үшін: ол сөздің естілуі Қазақыстан болу керек дұрысында оны қ-пен жазатұн жазушыларымыз
өздері де Қазағыстан деб ғ -мен айтады, ол болмаған күнде,
ыстан деген жұрнақ емес, бөлек сөз деп білуіміз керек. Онда
Қазақ ыстан деп сөзді екі бөліп жазуымыз керек; бірақ
дұрысында ыстан бөлек сөз де емес, жұрнақ. Сондықтан
Қазағыстан-ды бұзып Қазақыстан деп жазудың қисыны та-
былмайды.
«Еңбекші қазақ» газеті 1925 жыл 9 мамыр №326 Елдес