біилер, кісілер, сұуға, сайға, балаға, біиге, кісіге. Жұрнақ:
сұраулық, сайлық, балалық, бійлік, кісілік, сұулы, сайлы, бала-
лы, біилі, кісілі (Бұл көрсетілген жалғау мен жұрнақтар «тіл-
құралдық» өгей ұлдары болса керек. Дəлелге алынбайды).
2. «у» мен «и»-ды дауысты есебінде алсақ, буындауға
кемдігі жоқ. Су-ат, жу-ан, ки-ім деп буындасақ, дəреті бұ-
зылмайды дейді.
130
131
3. Елдестің айтуымен «ұу»-ды қатарлап алсақ, мысалы:
«кір жұуыу керек» дегенде, үш у, бір ы жазады екеміз. «У»-ды
мұнша көбейтіп жыпырлату хат танытуға ауыр болады дейді.
4. Балаға «у» мен «и» екі дыбыстан (ұу, үу, ый, ій)
құралғанын түсіндіру қиын болады. Онан да екеуін де дауы-
сты деп-ақ алайық. Тіл заңына, білім гыраматикесіне (грамма-
тикасына) сүйенеміз деп жазуды қиындатып аламыз дейді.
Осы айтылған ерсілі-қарсылы дəлелдерді салмақтағанда,
Елдестікі басып кетерлік түк қисыны жоқ еді. Бірақ хат
танушылардың, танытушылардың сұрауына қарай, Елдестің
жобасы өтіп кеткен. Елдес граматике (тіл танытар) заңына
келтірем деп «у» мен «и»-ды созғылап, келүу, ілүу деп
жазсақ, жеңілденетіні рас деп мойындаса да, «и» мен «ұ»-ны
бірінің орнына бірін жазғаннан кемшілік болмас деп жоруға
болады деп, жеңілгісі келмейді. «Жоруға болады» емес,
«болмайтыны іс жүзінде анықталып отыр».
Елдестің жобасымен «у» мен «и»-ді дұрыс жазу жас
балаға (үлкен адамға да) оқудың ең қиыны болды.
Мен педтеқникум бқтіретін жігқттерге бастауыш мек-
тепте қыс бойы тəжірибе сабағын бергізіп келемін. Сондағы
менің көзім жеткені: бір қыс оқып, хат таныған ең зерек де-
ген балалар «у» мен «и»-ды дұрыс жаза алмайды. Олар сұу,
асұу, тұу, татұу, биле, ине, бие, сила... деп жазады.
Бірінші кластың ең тəуір оқитын балаларына жазғызып
көрдім. Мысал үшін Егем Алданазарұлы деген баланың
жазғанын оқып көрсетейін: табу, тұу, ине, бие, биле. Бұлар
білмеген соң, емлеге ең жетік деген өөө кластың тағы бір
Жайық Жанəліұлы деген балаға жазғыздым. Оның жазғаны:
сұу, асыу, табыу, татыу, тұу, біие, ине, иə, биие, сила.
Бұл «ұу»-ларды дұрыс жазғанмен, «и»-ге келгенде біресе
жалғыз и, біресе ы+и жазып шатастырады. «Сұу»-да «ұ»
жазып, «асыу»-да «ы» жазған себебін сұрағанымда , «ы»
естіледі деп айтады. Сондықтан жаздым, - дейді. Міне, үш
жыл оқыған бала əбден көзі қанғандықтан, мұғалімнің сөзіне
нанғандықтан,»ұу-дың жазуын əрең біліп, «и»-дің жазуын
біле алмай отыр. Бұларды оқытқан – дыбыс əдісіне жетік,
тəжірибелі мұғалім. Ол о ма? Үш жыл оқыған бала түгілі,
8 жыл оқып, педтеқникумды бітіріп, ертең өзі оқытқалы
отырған, оқытып жүрген жігқттердің өзі «сыйыр»-ға неше
«ы» жазылатынына əлі күнге дауласады. Бұл не? «Елдес
мырзаның» жобасы оңайлығы ма? Емлеміздің мінсіздігі ме?
«ғу», «ыу» қиын болмаса, білім ордасы жасаған комплекс
пыроғыраманың (программаның) ең аяғына, март, апірел
айына «у»-ды неге көзге шыққан сүйелдей соңға қалдырып
отыр? Бұл - ойыншық емес. Мұны ойлану керек.
Бастауыш мектепте оқытатын мұғалімдер, айтыңыздар-
шы! «у» мен «и»-ды мүдірмей, қатасыз жазатын қанша
балаларың бар? Неше жылда қатасыз жазатын болып жүр?
Орыста «у» мен «а»-дан соңғы алдымен үйретілетін дауы-
сты дыбыс. Біз «у» мен «и»-дің қиындығына қорқып, көпке
дейін талай сөздің маңына дари алмаймыз. Не құрлы дауысты
дыбыстар алдымен көп оқытылса, со құрлы көп сөзді жаза
алатын бола алады. Со құрлы хатты тез таниды. Уақытты
ұтқан сайын білімді көбірек алады. Сондықтан дауысты ды-
быстарды жабайы түрге айналдырып, алдымен оқытатын
қылуымыз керек.
Елдес не жорыса, кабинетте отырғандағы басымен тіл
заңына сүйеніп жориды. Жалғауларын, жұрнақтарын сау-
сылдатып алып келеді. Балаға хат танытуға, білім беруге,
жалғау, жұрнағының жарты тыйынға керегі жоқ. ұазақша
тіл білген бала жұрнақ, жалғауды білмеседе, ойын айта
біледі. Тіл сабағының ең үлкен мақсұты да – ойлаған ойын
айта білдіру, жаза білдіру, дыбыстың ата тегі Елдес сияқты
некен-саяқ адамдарға ғана керек. Мыңдаған, мүлиендеген
қазақ баласына оның түкке де керегі жоқ.
Елдес Ташкендегі жоғарғы мектепке оқытушы болғаннан
бері бұрынғыдан да бетер дыбыстың түп-тұқиянын қазуға
айналған көрінеді. Шимайдан шимай туғызып, қысырақ
матағандай дыбыстарын əр қораға қамап, ымырлатып, ұяң-
датып, қатаңдатып, қисаңдатып, ата тегіне жете алмай жатқан
көрінеді. Бұл қысырақтан хат танитындарға түк пайда жоқ.
Емле жағынан енді Елдестен жақсылық күту – текеден сүт
дəметкенмен бір бəс. Гіраматикеге белшесінен батқан Ел-
дес емлені кер кетірмесе, өрге бастырмайды. Елдес шимай
132
133
салды екен деп елдегі мұғалімдердің, балалардың соры
қайнауының жөні жоқ. Елдестің шекесіне басылған емле
жоқ. Емле мəселесін ем мұғалімдері өздері шешу керек.
Осы «у» мен «и» туралы Елдеспен мен 24-інші жылы да
айтысқанмын. Ол екеуін ед дауысты дыбыс қылып алу керек
дегемін. Əлі де айтамын! «у» мен «и»-дауысты болу керек:
«асу», «тату», «келу»-лерде бір-ақ «у» жазылу керек. «Ине»,
«биле», «сила», «бие», «иə»-ларда бір-ақ «и» жазылу керек.
Заңға келмесе де, шартпен оңайлық үшін солай алу жөн.
Дүдəмал естілетін, оларға жалғас «ұ» мен «ы»-ны есептемеу
жөн. «Бай», «бау»-дағы шолақ «и» мен «у» шолақ естіле бе-
рер. Онан келер, кетер жоқ. Осылай қып алсақ, қазақ ілгері
баспаса, кері кетпесіне мен кепіл.
Емлеміз осылай болса, тұтас сөз əдісімен əліпби жазуға
болады, емлеміз де, жазуымыз да оңайланады.
Бұлай болмаса, тұтас сөз əдісін кіргізе алмаймыз: Мен
əліпби жаза алмаймын. Жазар едім: «сұу» мен «асыу»-
дағы «у»-дың екі түрлі естілетінін заңына сүйенбей, Ел-
дес түсіндіріп берсе. Бірақ оны Елдес түсіндіре алмайды.
Елдестің құлағы айыратын дыбыстарды (үндістан адамы
тым нəзік дыбысты айырады деседі) қазақ жерінде қазақ ба-
ласы айырып, дұрыс жаза алмайды.
Менің бұл жобам не алынар, не алынбас. Бірақ «у» мен
«и» бұл күйінде емле болып қала алмайды, түбінде бір
өзгереді деп сенемін. Оны келешек тəжірибе көрсетер.
Аймауытұлы Жүсіпбек
Достарыңызбен бөлісу: |