Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет82/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

тыйыныңа, тыйынына, жөнге, жөніме, жөніңе, жөніне.
ІІ. Ескерту: үндестік заңына көбіне, қай буыны жіңішке 
айтылатын шеттен тілімізге кірген қай бір сөздер естіліуінше 
жазылады. 
Мысалы: кітап, қызмет, Нығмет, Ақымет.
ІІІ. Ескерту: үндестік заңына көнбей айтылыуын шеттен 
келген  «бұралқы  жұрнақтар»  да  естіліуінше  түбір  сөзбен 
қосылып жазылады. Мысалы: білімпаз, сөзуар, баланікі.
3 – бір-бірімен  жанаса  айтылған  тұтас  сөздердің  дыбыс 
ықпалдары еленбей, жеке күйлеріндегі тұрпаттары сақталып 
жазылады. Мысалы: бос белбеу (бос пелбеу емес), бес жа-
рым (бес жарым емес), содан көрі (содан гөрі емес), көп бері 
(көп пері емес).
Ескерме: ма, да, қой, дағы, құрлы, ғана, мен, менен қосалқы 
сөздері ғана басқа сөздердің дыбыс ықпалына жəне əуеніне 
түсіп өзгеріп айырым жазылады. «Ма-ме» өзгеріп, ба, бе, па, 
пе болады, да, де, өзгеріп, та те болады, қой өзгеріп, ғой бо-
лады, дағы өзгеріп, тағы болады, «құрлы» өзгеріп, «ғұрлы» 
болады. «Ғана» өзгеріп, «қана» болады, мен-менен өзгеріп, 
пен-пенен, бен-бенен болады. 
Мысалы: сол ма? көр ме? Таң ба? күн бе? тас па? Кес 
пе? Малда, күнде, атта, бетте, зат есім сол ғой, жас қой, 
сен дағы, есек тағы, сен ғұрлы, құрт құрлы, осы ғана, жас 
қана, сені мен, сіз бен, біз бенен, жас пен, жас пенен. 
4 – тұтас сөзде, сүзілме-ызың төрт з, с, ж, ш дыбыстардың 
айнығаны еленбей сөздің түбірі сақталып жазылады. Мыса-
лы:  жұмысшы  (жұмышшы  емес),  тұзсыз  (тұссыз  емес), 
қосшы (қошшы емес). 
Ескерту:  түбір  айағында  сүзілме  дыбыстың  ықпалынан 
са, се жіктеулері ша, ше болып айныса-дағы «са, се» болып 
жазылады. 
Мысалы: ұшса (ұшша емес), шешсе (шешше емес).
5 – айағы «н» болған түбір сөзге қы-ғы, кі-гі дыбыстары 
мен басталған жалғау қосылғанда, «н» дыбысы, «ң» дыбы-


194
195
сына айналып естілсе-дағы тұтас сөздің түбірі сақталып жа-
зылады. 
Мысалы: түнгі (түңгі емес), қанған (қаңған емес), көнген 
(көңген емес).
6 – айағы «н» болған түбір сөзге «б» дыбыс пен басталған 
жұрнақтар  қосылғанда, «н»  дыбысы  «м»  дыбысына  айнып 
есітілсе-дағы тұтас сөздің түбірі сақталып жазылады. Мыса-
лы: жанбау, жанбас, жанбады, (жамбас, жамбау, жамба-
ды, жамба емес), көнбе, көнбейді (көмбе, көмбейді емес). 
7 – тұтас сөздің ішіндегі еріндік үндестігі еленбейді. Да-
уысты и, ө, (ұ, ө) еркіндігі көмескі естілгенде, ы, е езіулігіне 
айналады. Көмескі «ұ» дыбысы «ы» болып, «ө» «е» болып 
жазылады. 
Мысалы, оқы, оқыды, оқитын (оқұ, оқұдұ, оқұйтұн емес), 
көнеді, көнетін, үшін (көнөді,көнөтүн, үшүн емес).
І ескерту: байағы ы, і дыбыстарының біреуі болған түбір 
етістік сөзге «у» жұрнағы қосылғанда, «ы» дыбысы «ұ» ды-
бысына алмасып, «і» дыбысы «ү» дыбысына алмасып, тұтас 
сөз естілгенше жазылады. 
Мысалы: оқы, оқұу (оқыу емес), телі, телүу (теліу емес).
ІІ ескерту. Егер түбір етістіктің айағы «а, е» дыбыстарының 
біреуі  болса, «у»  жұрнағы  жалғыз  «у»  күйінше  жалғанады 
да, сөздің айаққы дыбыстары дауыссыз болса, жұуан сөзге 
«ұу» болып, жіңішке сөзге «үу» болып жалғанады. 
Мысалы:  қара-қарау,  сана-санау,  іре-іреу,  өте-өтеу, 
жаз-жазұу, кел-келүу. 
8 – тұтас сөздерге етістіктің ІІ жақ жалғауы «сын» бол-
май, «сың» болып жалғанады. 
Мысалы:  жазасың  (жазасын  емес),  жүресің  (жүресін 
емес), оқисың (оқисын емес).
ІІ – сызықша (-) менен айырылып жазылатын сөздер. 
1 – жеке күйлеріндегі мағыналарын шығарып жалпы зат 
аттарын білдіретін қосар қос сөздер сызықша (-) менен айы-
рылып жазылады. 
Мыйсалы:  айақ-табақ,  құрт-құмырсқа,  бақа-шайан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет