келін-кепшік, тау-тас.
2 – істің үнемді-үнемсізін білдіретін, түрлі есімдерді (зат,
сын, сан есімдік) термелейтін, одағай, ілездіктерді үдететін
айнұусыз қайталама қос сөздер сызықша менен айырылып
жазылады.
Мыйсалы: бара-бара, жүре-жүре, оқый-оқый, жазып-
жазып, көріп-көріп, батпақ-батпақ, құз-құз, бір-бір, мен-
менді, шық-шық, шақ-шақ, дүңк-дүңк, былдыр-былдыр.
3 – Істің үнемді-үнемсізін білдіретін жəне түрлі есімдерді
(зат, сын, сан есімдік) термелейтін айнұулы қайталама қос
сөздер сызықша (-) менен айырылып жазылады.
Мыйсалы: жығыла-мығыла, ала-мала, ағаш-мағаш, үй-
мүй, аз-маз, анау-мынау.
4 – «ма-ме, ба-бе, па-пе, ды-ді, ты-ті, да-де, та-те» қосал-
қылары қайталама қос сөздердің ортасына түсіп айтыл-
са, алдыңғы сөзден сызықшаменен айрылып, соңғы сөзден
сызықшасыз бөлек жазылады. Бұл қосалқылардың дыбыс
ықпалы қайталама сөздер дыбысын өзгертпейді.
Мыйсалы: қол-ма қол, тіл-ме тіл, ауыз-ба ауыз, көз-бе
көз, бас-па бас, төс-пе төс, оң-ды оң, өз-ді өзі, бас-ты бас,
ойнай-да ойнай, күле-де күле, нақ-та нақ, піш-те піш.
5 – «ды-ді, ты-ті, мыс-міс» қосалқылары есім-есімшелердің
соңынан айтылғанда, сызықша (-) менен айырылып жазылады.
Мыйсалы: барған-ды, келген-ді, жас-ты, барыпты-мыс,
жүріпті-мыс.
6 – сөздің алдыңғы ашық бұуынына «п» дыбысы қосылып
айтылатын шырай күшейткіш бұуыны сызықша (-) менен
айырым жазылады.
Мыйсалы: жақсы, жап-жақсы, қызыл, қып-қызыл, сары,
сап-сары, рас, ып-рас.
Ескерме: алдыңғы дыбыстары түбірі мен тұтасып, əбден
кірігіп кеткен болса, сызықшасыз қосылып жазылады.
ІІІ қосылып жазылатын сөздер.
1 – бір-бірі менен кірігіп айтылып, бір ғана ұғымды
білдеретін «құрама сөз»дер естіліуінше қосылып жазылады.
Мыйсалы: бүгін (бұ күн, бұл күн емес), тəң ертең (таң
ертең емес), ойпырмай (ой-пірім ай емес), сонысын сүйтіп.
Ескертіу: «ақа, ма, қана, сықылды» қосалқы сөздер түбір
мен жалғаудың арасына кіріп кетсе, түбір мен де жалғау мен
де бірігіп жазылады.
196
197
Мыйсалы: аманбысың, жақсақпысың, өзіңғанамысың,
сенбісің, бармысың.
2 – адам атын, жер-сұу атын, қала атын, басқа зат атын
білдеретін бір ұғымды «қосымды қос сөз»дер естіліуінше
қосылып жазылады.
Мыйсалы: оқшантай (ақшантай емес), қолғап (қолқап
емес), Тұрғамбай (Тұрғанбай емес), Еркімбек (Еркінбек емес),
Ақмола (Ақ мола емес), Мойынқұм (Мойын құм емес).
1-ескерту: айағы «п» болған түбір сөзге басы «б-п» ды-
быстары мен келген тұлғалы сөздер қосылғанда, бір ғана
ұғымды білдіргендіктен, есітіліуінше қосылып жазылады
«н» дыбысы «м»ға айналып кетеді.
Мыйсалы: Тұрғамбай (Тұрғанбай емес), Еркімбек (Еркін-
бек емес), жатпейіл.
ІІ ескерту: айағы «н» болған түбір сөзге басы «г, ғ, к»
дыбыстары мен келген тұлғалы сөздер қосылғанда, бір ғана
ұғымды білдіргендіктен, естіліуінше «н» дыбысы «ң»-ға ай-
налып жазылады.
Мысалы: (Жійенғали емес) Жійеңғали, Жаңгелді (Жан
келді емес).
ІІІ ескерту: қосынды қос сөздер бір жағы жұуан, бір жағы
жіңішкелігіне қарамай қосылып жазылады.
Мыйсалы: Еркімбай (Еркін-бай емес), Белғожа (Бел-
қожа емес).
IV – дыбыстардың жазылұу орындары.
Қазақтың сөйленетін сөзінде 29 дыбыс келеді. Бұлардың 9
дыбысы созыңқы дауыстылар, жеті (7) дыбыс тартыңқы дауы-
стылар – үнділер, он үш (13) дыбыс дауыссыздар – үнсіздер,
1 – созыңқы дауыстылар: а, ə, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
2 – тартыңқы дауыстылар: у, и, л, р, м, н, ң.
3 – дауыссыздар: п, т, к, қ, ш, с, б, д, ғ, г, з, ж, һ.
Осы дыбыстардың айтылатын орындары менен жазыла-
тын орындары төмендегінше.
1 – «ғ, г, и, у, һ, ң» дыбыстары қазақ сөзінің басына мүлде
келмейді. Бұлардан басқа дыбыстардың барлығы да сөз ба-
сында келеді.
Мыйсалы: рас (ырас емес), лек-лек (ілек-ілек емес), леп-
теулік (ілептеулік емес).
Ескертіу: ғ, г, у, һ дыбыстары шеттен тілімізге кірген
сөздердің ғана басынан келіп жазыла алады.
Мыйсалы: ғаз, ғарыш, гүбірне, гүудөк, уақыт, уағыз, һем, һəм.
Ескертіу: «j» (и) дыбыс шет сөздерге «ж»ға айналып жа-
зылады.
Мыйсалы: Жамбы (Йамбы емес), жəмшік (йəмшік емес),
жə (йə емес).
2 – «о, ө, ұ, ү, ə, б, д, ғ, г» дыбыстарының қазақ сөзінің
айағына келіп жазылмайды.
І ескертіу: ə, о, ұ дыбыстары тек бір бұуынды бір неше
сөздің ғана айағына келе алады.
Мыйсалы: жə, мə, кə, со, бұ (бұл). Егер «ə» дыбыс шет
сөздерінің айағына келсе, «е»ге айналып жазылады.
Мыйсалы: жəне (жəнə емес), пезінке (пезінкə емес),
гүбірне (гүбірнə емес).
3 – о, ө, ə дыбыстары қазақ сөзінің бірінші буынынан
соңғы буындарында мүлде келмейді.
Ескертіу: шет сөздерде жоғарғы үш дыбыс келіп жазыла
алады.
Мыйсалы: ғарымапон, телекөп, тірəктір.
4 – ғ, қ, ы, ұ, о, а дыбыстары келген қазақ сөзі, басынан
айағына шейін ылғый жұуан айтылады. Жіңішкермейді.
Мыйсалы: балалар, оқұушылар, жолдастар.
5 – ə, ө, ү, і, к, г, е дыбыстары келген қазақ сөзі басынан
айағына шейін ылғый жіңішке айтылады, жұуандамайды.
Мыйсалы: жүріушілер, көргендері, егеді.
6 – у, и, ч, л, м, н, ң, с, ш, ж, һ, п, т, б, д, з дыбыстары
жұуан да жіңішке де айтыла береді. Сондықтан бұлар жұуан
сөзге де, жіңішке сөзге де жазылады.
7 – түбір сөздің айағындағы к, қ, п дыбыстары
қосымшаларының жалғанұу ықпалынан өзгеріп б, ғ, г ды-
быстарына айналып жазылады.
Мыйсалы: жап – жабұу, жабады, тақ – тағұу, тағады,
жек – жегіу, жегеді.
V шет сөздерінің жазылыуы.
Шет сөздер қалың бұқараның ұғымына жеңіл бұларлық,
қазақ тілінің заңына бағындырылып жазылады. Мұның үшін
199
өткен төрт бөлімдегі жазұу ережелерінің шет сөздер жазұу
жөнінен айтылған ескертүулері қолданылады.
1 – ф, х, ц, (тыс), ч (іш), щ (орыстың) дыбыстары тілімізде
болмағандықтан сөздерде айтылатын жоғарғы дыбыстар
«п, қ, к, с, ш, б» дыбыстарымен алмасынып жазылады. «Ф»
«п»ға алмасынады; «х» жіңішке сөзді «к» мен, жұуан сөзде
«қ» мен алмасынады. «Ц» «с» пен алмасынады. «Ч» жəне
«үс» дыбыстары «ш» пен алмасынады. «В» (орыстың) «б»
мен алмасынады.
Мыйсалы: панар (фонар емес), пəбірік (фəбірік емес),
қайыр (хайыр емес), Мұқтар (Мұхтар емес), текніке (тех-
нике емес), Бəселей (Вəселей емес).
2 – жағропа мен қалық аттарындағы сөздің түбірі алына-
ды да, қазақ тілінің дыбыс заңына бағындырылады.
Мыйсалы: Қарпат (кəрпаты емес), Орал (Урал емес),
орыс (рүусскій емес).
Ескерме: дүнійе кесегінің аттары төмендегіше жазыла-
ды: – Əмірік, Əпірік, Еуропы, Ауыстыралы, Əзійе.
3 – шет сөздерінің айағында айтылатын «тор» бұуыны
«тыр-тір» болып жазылады. Логия, графия бұуындары лоғы,
ғырапы болып жазылады.
Мысалы: доқтыр, тірəктір (доқтор – тырактор емес),
жағырап, педалог (география, педелогия емес).
4 – айағы «а» дыбыс болған сөздің ең соңғы екі бұуыны
ашық болып, екпінді дауыс, алдыңғы ашық бұуынында бол-
ғанда, айаққы «а» дыбыс түсіп қалып жазылады.
Сөздің айағы «арий, и ческий» (орысша) қосымшалары
болған сөздердің де түбірі ғана жазылады. Жоғарғы бұуын-
дары түсіп қалады.
Мысалы: пəбірік (пəбірікі емес), ісмет (ісмета емес),
пұрылтар (пролетарий емес), електір (электрический емес).
Ескерту: егер сөздің екпіні айаққы «а»да болса, «а»
қалмай жазылады. Егер айағына «а» келген сөз бір пəн атын
білдірсе, «а» дыбыс «е» дыбысына алмасынып кетеді.
Мыйсал: ирба, смола, текніке, пезіке.
Басымұлы Қасым
№ 15 (1620) 19-ғыныуар. 1930
Достарыңызбен бөлісу: |