222
223
2) Оқу-жазудың псиқалогиелік негізі бойынша қалыпты
оқу, безендіріп оқу, сөздің мəнісіне ылайық дауысты
өзгертіп оқу, тынатын жерге тыну үшін бас əріп керек. Əріп
не құрлым ұсақ болса (газет əрпі) – жай тыныс белгілері
байқалмай) көбінесе үлкен əріптерге еріп оқыймыз. Бас əріп
іле сала танылатын ірі тыныс белгілері есебінде.
3) Қазақ тілі, əдебиеті енді қана көркейуге, байуға,
мəдени керектің барлығын өтеуге бет алып отыр. Мəдени
керектеріміз ішінде мəмлекеттік маңызы бар «Кеңес тілі,
заң тілі, телегірап, маңдай жазу, пылакат, ұран барлығы
бар. Бұларды мəдени түрде жазғымыз келсе – бас əріп ке-
рек. Осы күндегі əріптің жай түрі мен ғана жазылған маңдай
жазуларды қараңызшы – көріксіз, ажарсыз шыққан болады.
Жай əріпті əдемілеп, ірі қылып жазуға болмайды. Тар жол-
дан шығармай жазу керек орында жазудың сыйқы мынадай
болмақ АLMAТЬ QALALЬQ КЭРERETІBІ.
Тіл маманы академик «Мар» əріп таныу ғана жетпейді.
Мəденій керекті де еске алыу керек. Деуі осындайдан. Мəм-
лекет құрып ұлт мəденійетін көркейтеміз десек маңдай жазу-
ды да, пошта-телеграп қатнасын да еске ала отырыу керек.
4) Жер жүзінде қалыптанған, қай жұртқа болсын, тілі
басқалығына қарамай, қолдануға жарайтын мəшейнелер,
ілім-теқнике тілі аттары таңбалары бар.
Əліппенің ентернатсыйаналдық мəні жай түріненде – бас
түрінде № – нөмір жер жүзінде бірдей алынған.
Бігін қазақ кедейінің пəн-теқнике табысына қолы толық
жетпегені мен аз жылдың ішінде – жеткізіп беруіміз керек.
Бұл кезде от. – оң тұстық, ст. – сол тұстық, кш. – Күн шығыс,
кб. – күн батыс сыйақты белгілер алып отырмыз. Жағырапия
қартасын шеберлеп, бір əріп пен білдіретін оңай ұғымды –
үш- төрт сөз жазып былғап отырмақбыз ба. Басқа жұрттан
өнеге алудан қашуымыздың тіпті мəні жоқ. Орыс СНК. ВКП
(б) деген орында біздерді де SNK, BKP (в) десек бұл көп
жеңіл. Мұны ұзақ деп жазғандағы түрі іш мағына бермейді,
басқа жай сөздерден айырылмай оңаша көрінбей қалады.
Кісі аттары, жағырапия атаулар бас əріпсіз жазылса – жай
сөздер мен араласып түп мағынасын шешу қыйынға соғады.
Бас əріп алынса, сауаттандыру жұмысы қыйындайды,
əріп саны артады деу құрғақ сөз. Бас əріптер арасында жай
түрінен өзгеше келетіндер 8 əріп.
Бұлар: 1) Аа, 2) Дд, 3) Ее, 4) Мм, 5) Тт, 6 Ққ, 7) Гг, 8) екі
түрі бірдей таңбаланатындар.
Бб, 2) Сс, 3)Жж, 4) Əə, 5) Ғғ, 6) Іі, 7) Йй, 8) Кк,
1)
9) Оо, 10) Өө, 11) Пп, 12) Сс, 13) Уу, 14) Ұұ, 15) Үү, 16) Зз,
17) Ыы.
Екі түрінің арасындағы айырмашылығы шамалы таңба, Лл.
Бата келмейтін таңбалар, Н, Һ. Н – бас əріп алынбайтын
күнде де ұсталады.
Қазақ баласының зейіні, сана саңылауы еуропа баларынікі-
нен өзбек, татар, балаларынікінен кем деуге кімнің аузы бара-
ды. Олар бас əріпті үйренуге 4-5-ақ сағат бөлетін шығар.
Ендеше ірі дəлелдердің бірі əліппені оңайлау, сауаттан-
дырыу жұмысын жеңілдеу деген ойланбай айтылған, қо-
рыққанға қос болып көрінген нəрсе. Бас əріп өмір керегі
тұуғызған; онсыз қат танып шыққаннан кейінгі қалыпты
мазмұнды оқыу ақсайтын болады. Бұл күнде еуропаның
күллі адамдары гəзет, кітап оқыйды. Жалпыға арналған нəрсе
оқыуға жағымды, көрікті, көзге шалымды болғаны жөн, бас
əріптен қашудың қыйсыны жоқ. Ағамалы ұлы айтқандай
бəрі бір пəренже бүркенген өзбек əйеліндей сыртта қала ал-
маймыз. Сондықтан бүгіннің жұмысын ертеңге қалдырмай
орындауымыз керек.
Əміржан
Достарыңызбен бөлісу: