232
233
туына қарағанда орыстың əріп тізгіші бір күнде 7500 – 8000
дай əріп тізеді де, татар тізгіші бір күнде 5500 – 6000 əріп
тізеді екен. Дұрысында орыс тізгіші мен татар тізгішінің
жұмысында сондай айырым бар-деп сене беругеде бол-
майды: Нəзірдің тексерген тізгіштері Əлімжан Шарап
айтқандай болуы да, – татар тізгіштерінің жаңа үйреніп
жүргендері де, орыс тізгіштерінің кəнігі шеберлері болуы да
мүмкін. Нəзірдің сбырларын дұрыс ақ дейік. Сонда қазақша
əріптердің тізілуі орысшадан 25 пұресент ауыр болады. Ла-
тынша əріп орысша мен бірдей десек, – қазақша əріп латын-
шадан да 25% ауыр болмақ: латынша əріп пен 3 күнде тізіліп
шығатын күтап, қазақша əріп пен 4 күнде тізіліп болмақ.
Латынша əріптің оңай оңай тізілуі неден, енді соны тек-
серейік. Латынша əріптің оңай тізілетін себебі: оның баспа
əріптері жазбасынан басқаша болғанынан. Латынша жаз-
ба əріптер бір түрлі де баспа əріптер екінші түрлі; Латын-
ша жазылған сөздің ішіндегі əріптер бірі мен бірі қосылып,
біріне бірі жабыса жазылады да, баспа əріптер біріне бірі
қосылмай дара-дара түседі; жана жазба əріп пен баспа
əріптердің тұлғалары да басқа; мəселен латынша «а» əріпінің
баспасы мынадай «а». «А» (біреуі жай əріп де, біреуі бас
əріп), жазбасы орысша «а» мен бірдей (Азия əріпті қолмен
ғана жазбаса баспаханада оны түсіретін белгі жоқ) Баспа
əріпі жазбасынан соншама басқа қылып шығарғаны тек қана
əріп тізу жеңілдігі үшін енді сол жеңілдік үшін мектеп ба-
лалары жазба əліпбиі мен баспа əліпбиді қатар үйрету керек, –
бір əліпбидің орнына екі əліпби үйрену керек. Бір əліпбиді
үйрену үшін екі əліпбиді үйренуден екі есе аз уақыт керек.
Баспаханада əріп тізетін тізгіштер – бірнеше ғана кісіде,
олардың басып шығарған кітаптарын оқитын кісілердің
саны олардан əлде неше мың есе артық. Бір кісінің жұмысын
25 персент жеңілдету үшін əлде неше мың кісінің жұмысын
2 есе үйрету керек болады. Міне латын əріпінің баспахана
жағынан жеңілдігі осындай қиындық пен ғана болады
1
.
1
Алпарып, Бұрнашыптардың баспа əріптері қабыл алынса, біздің əліпби
баспақана жағынан да жеңілдеп ол кемшілігінен де құтылар еді; жəна онда бас-
па əріптің жазбадан басқалығы да болмас еді. Оны келер жолы сөз қыламыз –
деп жорналда орын тар болған соң, бұл мақалаға кірістірмей отырмыз.
Латыншылдар латын əліпбиін оқыту əдісі жағынан да
артық, жазғанда жылдам жазылады, латынша жазылған
сөздің оқылуы да жылдам болады – деп ауаласады. Бірақ
латыншылардың онысы дəлелсіз құрғақ дау, оның анығына
тек тəжірибемен ғана жетуге болады. Бізде ондай тəжірибе
əлі болған жоқ. Екі əліпбиді о жағынан тəжірибе, жасап
сынаушылар тек Қазанда ғана болған. Қазан əлімдері екі
əліпбиді солай таразыға салып өлшеп латын əліпбиінен та-
тарша əліпби оқу, жазу жылдамдығы жағынан да, оқыту
əдісі жағынан да ана құрлым артық екенін ашып отыр
татарлардың емлесі біздікінен əлі де көп төмен. Сондықтан
латыншаны қазақша əліпби мен салыстырғанда, қазақша
əліпби татаршадан артық болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: